11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні!Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні бүкіл әлемде 11 ақпанда атап өтіледі. Аталған мерекені 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бұл күні әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етіп, әйелдер мен қыздардың ғылымдағы маңызды рөлін көрсетеді. Ұлттық статистика мәліметі бойынша Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі-52%. Осы мерекеге орай, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген бірнеше ғалым-әйелдердің өмірі мен еңбегінен қысқаша шолуды ұсынамыз. |