Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Алматыда білім беруді цифрлық трансформациялау жөнінде семинар өтті.

2025 жылғы 17 қазанда Алматы қаласында «Білім беруді цифрлық трансформациялау: педагогтер мен ЖОО оқытушыларыүшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында оффлайн форматта семинар өтті. Іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен «EDP Hub» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Семинар Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана ғимаратында, Алматы қаласы, Асқаров көшесі, 47Б мекенжайында сағат 16:00-де басталды. Семинарға қатысу тегін болды, ал қатысушыларға электрондық сертификаттар табысталды.

Семинар аясында маңызды тақырыптар қаралды.

Іс-шара барысында қазіргі білім беру саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды:

2026 жылы Қазақстан оқытушылары үшін туындайтын жаңа мүмкіндіктер;

ҚР білім беру стандарттарының оқу басылымдарын әзірлеуге әсері;

Электрондық оқу құралдарының өзектілігі мен қажеттілігі;

ЖОО мен оқытушылардың жарияланымдық белсенділігін арттыру жолдары;

Оқу басылымдарын заңсыз қолдану мен таратуға қарсы қорғау тетіктері;

Оқу басылымдарының рейтингі мен индексінің маңыздылығы.

Семинар кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналды

Семинар колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын біріктіріп, білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу, оқу материалдарының сапасын арттыру және ғылыми жарияланымдармен жұмыс істеу мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, болашақта да осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.
Семинар соңында Қазақстан Республикасындағы авторлармен жұмыс жөніндегі EDP Hub бас маманы Гүлжауар Бикжанова колледж оқытушылары үшін маңызды оқу құралдарын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директорының орынбасары Р.Асановаға кітапхана қорына сыйлық ретінде табыстады.

 


https://www.youtube.com/shorts/rmZy2kYLD-w

 

 

Алматыда білім беруді цифрлық трансформациялау жөнінде семинар өтті. () Изображение №1Алматыда білім беруді цифрлық трансформациялау жөнінде семинар өтті. () Изображение №2