Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 16 жұлдыз - профессор Сергей Ефимович Маловтың туғанына 135 жыл (16.01.1880-06.09.1957)

Түрколог, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген ғалым, қайраткер, профессор Сергей Ефимович Маловтың туғанына 135 жыл (16.01.1880-06.09.1957)

Сергей Ефимович Малов 1880 жылы Қазан қаласында дүниеге келген. 1909 жылы Петербург университетінің араб-парсы-түрік факультетін бітірген.

1909-1911, 1913-1914 жылдары Батыс және Орта Қытайда экспедицияда болып, ұйғыр, сары ұйғыр, лобнор және салар халықтарының тілі, этнографиясы, фольклоры туралы мол деректер жинады, сондай-ақ Қытайдағы түрік тілдеріне алғаш рет сипаттама берді. Ол көне түркі тілдерін зерттеп, очерктер, сөздіктер жазды, Орхон-Енисей жазуының көлемді нұсқауларын тауып, бастырып шығарды. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда тұрып, қазақ тіл білімін зерттеуде мамандарға жетекшілік етті, қазақ тілінің тарихы туралы арнайы мақалалар жазды. Сол жылдары Қазақтың мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) мен Қазақтың педагогикалық институтында (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) дәріс оқыды.

С.Е.Малов 1957 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында қайтыс болды.

С.Е.Малов «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. (Оның еңбектерін 2010 жылға арналған орыс тіліндегі күнтізбектен қараңыз).

 

Ол туралы:

Малов Сергей Ефимович // Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия Т.3. – Алматы, 1988. – 347-348 б.

Малов Сергей Ефимович // Қазақ тілі: Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 264 б.