|
21 наурыз – 4 сәуір – көктемгі демалысНаурыздың 11-і мен 21-і аралығында «Наурыз мейрамы» мерекесіне дайындық: мектеп мұражайларының экспозицияларын жаңарту, ішкі бөлмелерді, ғимараттардың қасбеттерін (фасадтарын) безендіру, мектеп ауласын жинап, тазалау, сенбіліктер, еңбек десанттары, ағаштар мен бұталар отырғызу, талдарды әктеу, спорт ойын алаңдарын сырлау. Көктемгі демалыс кезеңінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі дайындық жұмыстарын жүргізу: көктемгі демалыс күндеріндегі жалпымектептік іс-шаралар жоспарын, спорт залы мен компьютер сыныбының жұмыс кестесін әзірлеу, үйірмелер мен секциялардың сабақ кестелерін әзірлеу, оқушылар мен ата-аналарға арналған қабырғалықты ресімдеу. Көктемгі демалыс күндеріндегі жұмыспен қамтылу нысаны туралы ата-аналарды ата-аналар жиналыстарында, оқушыларды мектеп жиналыстарында таныстыру. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шаралар жүргізу: ықшамаудан бойынша рейдтерге шығу, пәтерлерге бару, мінез-құлқы девиантты оқушылармен әңгімелер өткізу. Құқық қорғау, жол полициясы, денсаулық сақтау органдарының, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен кездесулер, судағы және жолдардағы қауіпсіздік техникасы туралы профилактикалық әңгімелер өткізу.
Толығырақ
21 наурыз – 22 наурыз – Наурыз мейрамы. «Қош келдің, әз-Наурыз!», «Наурыз шапағаты», «Наурыз – жыл басы» атты ата-аналардың, педагогикалық ұжымның ардагерлерінің, мектеп шефтерінің қатысуымен мектепте және сыныптарда мерекелер өткізу. Қалалық және облыстық салтанаттарда және орталық алаңдардағы мерекелік концерттерге қатысу. 23 наурыз – Қазақстан халқының күні. Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің және ұлттық жаңғыру мектептері көшбасшыларының қатысуымен «Ынтымағы жарасқан елміз», «Достық пен келісім», «Халық достығы – тіл достығы» фестивальдерін, мерекелік концерттерді өткізу. 24 наурыз – Білімділер күні. «Білімді шығар биікке» атты үздік оқушылар слеттерін, «Білімділер мен алғырлар», «Біздің үздіктер», «Ғылымға құштар жас өрен»» т.б. жалпымектептік зияткерлік викториналар, конкурстар, олимпиадалар, ғылыми жобаларды қорғауды өткізу. 25 наурыз - Үйірмелер мен клубтар күні. Мектеп үйірмелері мен клубтарымен таныстыру, олардың бағыттарымен, және олардың жетекшілерімен танысу, «Қолөнершілер парады», «Менің үйірмем», «Біздің мектептің шеберлері» оқушылар мен мұғалімдер қолымен жасалған заттар мен бұйымдардың көрмелерін ұйымдастыру. Үйірмелерге қабылдау. Үйірмеге қатысушылардың концертін ұйымдастыру. 26 наурыз – Ынтымақтыотбасы күні. Әкелердің, аналардың, ата-әжелердің қатысуымен «Ардақта ата-анаңды!», «Әкем, анам және мен – көп тілді отбасымыз», «Отбасы – адамгершіліктің алтын қазынасы», «Өнегелі отбасы» атты конкурстар, мерекелік концерттер, тақырыптық викториналар өткізу. Егіздердің қатысумен «Біз егіздерміз» жалпымектептік, аудандық және қалалық фестивальдер, олардың әуестіктері парадын, егіздердің ең спорттық, тапқырлар, көңілді, сазды және шығармашыл жұбының шығармашылық конкурсын өткізу. 27 наурыз - Атамекен күні. «Туған елім – Қазақстан»», «Мен – патриотпын», «Мен – қазақпын», «Әлем таныған Қазақстан»» тақырыбында ойындар, викториналар, конкурстар мен саяхаттар өткізу. Тарихи-өлкетану, көркемсурет мұражайларына, әдебиет және өнер мұражайларына, қала бойынша саяхатқа ұжыммен шығуды ұйымдастыру. «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын және қорғаушысымын» тақырыбындағы оқушылардың үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері өкілдерімен кездесулерін, тұрғылықты жері бойынша волонтерліқ командаларын ұйымдастыру. Мектеп мұражайларындағы экспозицияларды жаңарту. 28 наурыз - Әдептілік күні. Балаларға әдепті болу деген не, өзін қалай әдепті ұстау керек, этикет деген не, сыпайы сөйлеудің мәні туралы «Әдептілік – адам көркі», «Әдептілік – тәрбие бастауы» «Әдептілік әліппесі» атты балалардың қатысуымен шағын көріністер дайындау. 29 наурыз – Озық ойлы тапқырлар күні «Не? Қайда? Қашан?», «Қазақстан жастарымыз дарынды», «Тапқырлар сайысы», «Күш білімде» «Ақылды бала» жас білгірлер зияткерлік конкурсын, жалпымектептік «Эрудит» интеллектуалдық ойынын, танымдық және тақырыптық викториналар өткізу. 30 наурыз – Спорт күні. «Спорт – біздің досымыз», «Салауатты өмір салты – өмір мәні», «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» жалпымектептік, аулааралық, қалалық спорттық жарыстар, «көңілді» старттар, өңірде іс басында жүрген танымал спортшыларды, жаттықтырушыларды қатыстыра отырып, спорт тақырыбына зияткерлік викториналар өткізу. 31 наурыз – Қайырымдылық күні. Отбасы мүшелерінің қатысуымен «Менің інім ең үздік», «Мен және менің қарындасым (сіңлім)», «Берекелі отбасымыз», «Менің отбасым – менің командам» атты шығармашылық конкурстар өткізу. Қайырымдылық шараларын өткізу. 1 сәуір – Күлкі күні. Оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың арасында «Ең көңілді балалар» Көңілділер және тапқырлар клубының сайысын, мысқыл мен күлкі кештерін өткізу. 1 сәуір – Құстар күні. Бұл күні әртүрлі сайыстар (топтық сайыс, сурет сайысы), викториналық сұрақтар және жасанды құс ұяларын ілу жұмыстарын өткізу. «Құстар - біздің досымыз», «Табиғатты аялайық» атты мерекеге келген қонақтар мен қатысушыларға құстар жайлы әңгімелер айтылып, түрлері таныстырылады. Жақсы өнер көрсеткен балалар мақтау қағазымен марапатталып, сыйлықтар алды. 2 сәуір – Балалар кітабы күні. «Кітап – алтын қазына», «Отбасындағы кітап», «Кітап – біздің досымыз» немесе «Кітапхана – ақыл-ойдың ордасы» атты мектеп кітапханасында, басқа балалар кітапханаларында түрлі экскурсиялар, конференция сабақтар, жаңа кітаптар көрмесі, кітап авторларымен кездесу ұйымдастыру. 3 сәуір – Табиғат күні. «Жаса, жұмыр жер» экологиялық акциялары мен фестивальдерін өткізу, ғылыми жобаларды қорғау, үгіт бригадаларының, суреттер, плакаттар конкурстары. Үйдің сүйікті жануарларының көрмелерін, «Хайуанаттар әлемінде», «Менің ең сенімді серігім», «Оттек – тіршілік тірегі», «Табиғатты аялау – ата салтымыз» атты төрт аяқты достар мен олардың иелеріне арналған шығармашылық конкурстар ұйымдастыру. 4 сәуір – Туған қала / ауыл күні. «Гүлдене бер туған жер», «Біздің көршілер» аула балалары мен ықшамаудан тұрғындарына арналған ашық алаңда шағын концерттік шаралар өткізу. Аулаларда еңбек десанттарын, тазалық сенбіліктер ұйымдастыру, қала тұрғындарына тазалықты сақтауға және аула аумақтарын көріктендіруге шақыратын парақшалар тарату. Көктемгі демалыс кезеңінде мектептен тыс жұмыспен қамтылуды ұйымдастыру жұмысының қорытындыларын (қатысу рейтингі, үйірмелер және т.т. жұмысының рейтингі). Қанаттас сыныптар бойынша сынып сағаттарын, жиналыстар, көктемгі демалыс кезеңіндегі іс-шараларға белсене қатысқаны үшін марапаттар тапсыра отырып, жалпымектептік оқушылар жиындарын өткізу.
ӘДЕБИЕТТЕР: Аяуова А. Бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі /А.Аяуова //Тәрбие құралы. – 2011. -№6. – 60-61 б. Әйіпқали Қ. Наурызым – мерекем, Наурызым – берекем: [тәрбие сағаты] /Қ. Әйіпқали //Қазақ тілі:мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту = Казахский язык: преподавание в школе, колледже и ВУЗ-е. – 2011. - №5-6. – 28-31 б. Әлішерова С. Наурыз шапағаты / С. Әлішерова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2011. - №3. – 28-30 б. Бегманова С. Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы: [елімізде тұратын ұлттар достығы мен ынтымақтастығын дәріптеу, ұллтық қатынасты нығайту]/С.Бегманова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 3. – 7-9 б. Бекенова А.А. Отбасы мен мектепте бала денсаулығын сақтау кеңістігін туғызу – білім сапасын арттырудың маңызды жағдайы (Мектептің іс-тәжірибесінен: бастауыш сыныптар үлгісінде) /А.А.Бекенова //Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану=Социальная педагогика и самопознание. – 2011. - №4. – 10-11 б. Бектимисова Р.Д. Отбасы - педагогикалық қатынастың субъекті: [отбасылық тәрбие] / Р. Д. Бектимисова //Педагогика мәселелері = Вопросы педагогики. - 2012. - №4. - 30-31 б. Болатханқызы А. Наурыз – шаруа тойы, табиғат мерекесі /А. Болатханқызы // Бала тәрбиесі. – 2011. - №3. – 2-7 б. Габбасова Б.Б. Отбасылық сауаттылық: мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдары: [баяндама] /Б.Б.Габбасова //Бастауыш сыныпта оқыту. – 2011. - №3. – 58-60 б. Елеусізова Қ.Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі /Қ.Елеусізова //Тәрбие сағаты=Классный час. – 2011. - № 4. – 20-21 б. Ешмағамбетов Н. Сабыр түбі - сары алтын немесе Ұлттық патриотизм идеологиясы: [қазақстандық патриотизмді қалыптастыру] / Н. Ешмағамбетов // Президент және халық. - 2014. - 30 мамыр. Жанғалиева М. «Алтын ұя» отбасылық сайысы /М.Жанғалиева //Сыныптағы тәрбие. – 2011. - №6. – 22-23 б. Жұмахметұлы Е. Наурыз – көктемнің пердесі /Е.Жұмахметұлы //Алматы ақшамы. – 2011. – 19 наурыз. Заева А. Алғырлар мен білімділер: сайыс сабақ /А.Заева // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 5. – 17-18 б. Ибраева Л. Әже және немере: [отбасындағы тәрбие] /Л.Ибраева //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 3. – 23-24 б. Исахова Ш. Отбасы және қазақ ырымдары мен тыйым сөздер /Ш. Исахова //Қазақстан мектебі. – 2011. - №6. – 60-62 б. Қажмұрат Ж. Салауаттылық – менің қалауым: [денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсінікті кеңейту денсаулықты күтуге, қадірлеуге тәрбиелеу] /Ж.Қажмұрат //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 3. – 2-3 б. Қаржасова А. Наурыз құтты болсын! /А.Қаржасова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2011. - №3. – 22-27 б. Қарымсақова А. «Толағай» спорт сайысы / А.Қарымсақова //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 7. – 44-45 б. Қаунбекова Ә.Ғ. Ауылым – алтын бесігім: [туған жер, ауыл тарихы туралы мағлұмат беріп, оқушыларға патриоттық тәрбие беру] /Ә.Ғ.Қаунбекова //Мектептегі мерекелер. – 2012. - № 9. – 29-31 б. Құткелдиева М.Е. Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі: [экологиялық тәрбие] /М.Е.Құткелдиева //География, биология, экология орта мектепте. – 2011. - № 4. -48 б. Манакова С.В. Ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері /С. В. Манакова// Сынып жетекшінің анықтамалығы = Справочник классного руководителя. - 2012. - №1. - 26-31 б. Масаурова С.М. «Ана - ән, бала оның қайырмасы»: [аналар мен балалар жарысы] /С.М.Масаурова //Отбасы және балабақша. – 2011. - №6. – 52-53 б. Мәжитова Қ. Мінез-құлық мәдениеті: [оқушыларға жеке адамның мінекз-құлқы туралы, шынайы адамгершілік туралы түсініктерді түсіндіру] /Қ.Мәжитова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 4. – 31-34 б. Мустафина А.З. Отбасы және туған-туыстар. 3 сынып: [оқушыларға адамның үш жұрты болатынына түсінік беру] /А.З.Мустафина //Бастауыш сыныпта оқыту. – 2011. - №4. – 52-53 б. Мұханбетова А.Т. Озаттар слеті – 2011 жыл /А.Т.Мұханбетова //Тәрбие жұмысы. – 2011. - №5. – 34-35 б. Мешітбайқызы С. Наурыз – жыл басы ғана емес, азаттық айғағы немесе «Нау мен ырыс» кітабын оқығаннан кейінгі туған ой /С.Мешітбайқызы //Қазақстан-Заман. – 2012. - №9. – 1 наурыз. Мусина А. Құқықтық тәрбие берудегі мектеп пен отбасының өзара әрекеті / А. Мусина// Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. - 2012. - №5. - 32-35 б. Наубетова Р. Отбасы - қоғамның іргетасы: [отбасылық тәрбие] / Р. Наубетова// Егемен Қазақстан. - 2012. - №83-84. - 7 наурыз. Наурыздың 5000 жылдай тарихы бар //Қазақстан-Заман. – 2011. – 17 наурыз. Наурыз – этнографиялық еске алу күні ғана емес...:[ «Нау және ырыс» кітабының авторы мәдениеттанушы Ерғали Серік Әбдірешұлымен сұхбат] /сұхбаттасқан Н.Қабылбек //Қазақстан – Заман. – 2012. - №12-13. – 22 наурыз. Ордабаева Л. Отбасы – тәрбие бастауы: [отбасылық тәрбие] /Л.Ордабаева //Оқушы тәрбиесі=Воспитание школьника. – 2011. - №9. – 15-18 б. Отбасы - әлеуметтік жетімдік мәселесін шешудегі мықты билік: [осы мәселе турасында республикалық Әйелдер кеңесінің төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Қаюпова, Парламент мәжілісінің депудаттары А.Самақова, Г. Исимбаевамен, академик Ә.Бейсенова, Ы,Алтынсарин атындағы №159 гимназия директоры А.Миразовамен сұхбат] /сұхбаттасқан Г. Сәдірқызы // Егемен Қазақстан. - 2012. - №172-177. - 21 сәуір. Рахимбаева Н. Экология – ел амандығы /Н.Рахимбаева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2011. - №1. – 10-11 б. Садуоқасова Қ. Құстар – біздің досымыз: [«Құстар күніне» арналып өткізілген кеш]/ Қ.Садуоқасова // Биология және салауаттылық негізі. – 2013. - № 3. – 43-44 б. Тайлакова А.М. Наурыз - қазақтың төл мерекесі /А. М. Тайлакова //Тәрбие сағаты. - 2013. - № 2. - 11-12 б. Түнғатарова М. Тәрбие шырағы: [ата-аналар ман ұстаздар қатысқан сайыс] /М.Түнғатарова //Сыныптаға тәрбие. – 2011.- №5. – 28-30 б. Тіжібаева Г. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы /Г.Тіжібаева //Мектептегі мерекелер: тәрбие жұмыстарының сценарийлері. – 2011. - №8. – 35-37 б. Ходжаахмедова Д. Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы: [пікірталас] /Д. Ходжаахмедова //Тәрбие сағаты = Классный час. – 2011. - №5. – 6 б. Шаханова А.С. Баланың бас ұстазы - ата-анасы (ата-аналар жиналысының әзірлемесі) / А. С. Шаханова// Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану. - 2012. - №1. - 26-27 б. Шакенова Ш.Т. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен міндеттері /Ш.Т.Шакенова //Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану=Социальная педагогика и самопознание. – 2011. - №4. – 14-15 б. Шолпанова Л. Ұлдан ұлағат, қыздан инабат: [оқушыларды адамгершілік, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу] /Л.Шолпанова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2013. - № 3. – 24 б. |