Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Дайджест новинок литературы за Март-Апрель-Май 2024 года

Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапхана 2024 жылғы ағымдағы кезеңде наурыз, сәуір, мамыр айларында жарыққа шыққан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер бойынша дайджесттер

 

Айдарбекқызы А. Құмар ойынның қатері / А. Айдарбекқызы
// Ana tili. – 2024. –11 сәуір. – 2 б.
Тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық.

Аймедеттің электрлі көлігі //Egemen Qazaqstan. – 2024. – 17 мамыр. – 16 б.
Робот пен жасанды интеллектіге күніміз қараған заманда ізденіс күшейе түседі. Мұны ғылымды адамзат пайдасына бола оқып, өркениетті игілікке қолданатын Аймедет Тауфик Орал қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған IT лицей мектебін бітірген.

"Алтын белгіге" үміткер оқушылармен кездесу / Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 2 б.
Оқу жылының аяқталуының қарсаңында Ғ.Бейсембаев "Алтын белгіге" үміткерлермен кездесу өткізді. Үздік оқу үлгерімімен ерекшеленген 7 мыңнан астам мектеп бітірушіге министр өзінің ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар берді. Сала жетекшісі мектепте алған білімнің болашақта кәсіби табысқа жетудің мықты іргетасына айналарына сенімділік білдірді.

Атажан Д. Ұлттық спорт – ұлт айнасы /Д.Атажан // Almaty agshamy. – 2024. – 5 сәуір. – 9 б.  
Биыл ұлттық спортымыз ұлықталып, елордамыз Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткелі жатыр. Халықаралық жарыс 8-14 қыркүйек аралығында болмақшы. Қазақстанға әлемнің 100-ден астам елінен делегация келеді деп күтілуде.

Балалар мультфильмдерінің пайдасы мен зияны // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 5 наурыз. – 5 б.  
Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 4"А" сынып оқушысы Айсұлтан Жаналы әрбір кішкентай бүлдіршіндер іспетті мультфильм көргенді ұнатады. Қазіргі кезде балаға әлемді танытатын мультфильм екені бәріне мәлім. Осы негізде Айсұлтанға мультфильмдердің пайдасы мен зияны туралы зерттеу жұмысын жүргізу туралы ой келді.

Балаларға сауықтыру орталықтарына жолдама беріледі // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 9 сәуір. – 5 б.
Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев өңірлік білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы балаларды еліміздегі ең үздік жазғы сауықтыру орталықтарына жіберуді тапсырды.

Балғабайқызы М. Кітап әлеміне баулу /М.Балғабайқызы // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 4 сәуір. – 6 б.  
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда қазіргі ұрпақ кітапқұмар болып өсуі керек екенін айтты. Бұған дейін де Президент әлеуметтік желідегі парақшасында кітап оқу эстафетасына қатысып, "Шын мәнінде, кітап оқу - рухани кемелденудің көзі" деген еді. Ал техника мен технология көзді арбаған заманда жас ұрпақты кітап оқуға баулу өте өзекті мәселеге айналды. Оның шешімі қандай?.

Бауыржанқызы А. Әтір жасайтын ару / А. Бауыржанқызы
// Aiqyn. – 2024. – 6 сәуір. – 13 б.  
«Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қызметкері Гүлжан Түзелбаева. Ол қазір Қазақстандағы парфюм өндірісінде бірнеше әтір өнімдерін жарыққа шығарып, осы салаға кәсіби түрде бет бұрған маман.  

Биыл бастауыштан басқа оқушылардың бәрі қазақ тілінен емтихан тапсырады // Almaty aqshamy. – 2024. – 17 сәуір. – 8 б.

Брайль әріптерін үйрететін құрылғы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 5 наурыз. – 11 б.  
Талдықорғандық оқушының осындай өнертапқыштық туындысы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жұмыс істейді. Диана Хасимова есімді жасөспірім бұл идеясын екі жарым айда жүзеге асырған. Ұялы телефон іспетті құрал әріптік және цифрлық белгілерді дыбыстай алады. Арнайы бастырмалармен, басқару тетігімен жабдықталған.

Грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын Азия чемпионы атанды
// Almaty aqshamy. – 2024. – 16 сәуір. – 8 б.  
Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында алтын медаль иеленді.

Ғалия Тынбаева алтын алды // Aiqyn апта. – 2024. – 11 мамыр. – 16 б.  
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand SIam турнирінде топ жарды.

Ғалым Қ. Жас технологтер табысы /Қ.Ғалым // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 3 сәуір. – 12 б.  
Қарағанды қаласындағы "Жастар" спорт кешенінде "RoboLand - 2024" IX Халықаралық роботтехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елінің өрендері бақ сынасты.

ДОСБОЛLIKE: қауіпсіз оқу ортасы // Aiqyn. – 2024. – 2 наурыз. – 12 б.
Биылдан бастап еліміз бойынша 2 миллионға жуық оқушы «ДосболLike: достық қолын соз» акциясына қосылды. Акция барысында 10 000-нан астам іс-шара өткізілді, онда әрбір оқушы өзін, өзінің даралығын, ішкі әлеуетін, шығармашылық қабілетін көрсетті.

Елшібай Ғ. Шетелдік университеттің дипломын алады / Ғ. Елшібай
// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 4 сәуір. – 6, 12 б.  
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған "500 ғалым" жобасы бүгінде жүйелі жүзеге асырылып келеді. Мысалы, ғалымдардың біліктілігін арттыруға бағытталған жоба аясында былтыр Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 11 ғалымы "Болашақ" стипендианты атанып, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ерғали З. Ел ертеңі – білімді жастар /З.Ерғали // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 16 мамыр. – 9 б.  
Қазақтың білімді жастарына шетелде сұраныс жоғары. Бүгінде шетел асқан ұл-қыздарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде танымал алпауыт компанияларда еңбек етіп жүр. Соның бірі - 29 жастағы Елдан Абдрашим.

Ерниязова А. Еліміз бойынша 101 жеңімпаз анықталды / А. Ерниязова
// Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 19 наурыз. – 5 б.  
Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектеп базасында математикадан XXXVI Азия-Тынық мұхиты және XXIII "Жібек жолы" халықаралық олимпиадалары қорытындыланды. Математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізілген олимпиадаларда еліміздің әр өңірінен 155 оқушы қатысты.

Есали А. Эвереске тұңғыш шыққан қазақ қызы / А. Есали
// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 14 мамыр. – 1,13 б.  
Непал мен Қытайдың ортасындағы, әлемнің ең биік нүктесі - Эвересті бағындыруды армандамайтын альпинист жоқ шығар. Отандық альпинизм тарихында Анар Бұрашева қазақ қыздарының арасында алғашқы болып, "Kazakh Everest Team" экспедициясының құрамында Эверестің шыңына шықты.

Жаңа технологияларды үйренудің инновациялық дроны // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 19 наурыз. – 12 б.
Электротехникалық колледждің 3-курс студенті Нұрбол Жүнісов өзінің соңғы жобасы "Клевер" квадрокоптерін ұсынады. Цифрландыру саласындағы жұмысты жеңілдету мақсатында жасалған инновациялық дрон арнайы бағдарламаланған. Ол жаңа технологияларды зерттеуге және қолдануға өте ыңғайлы.

Жас робототехниктер жарап тұр // Aiqyn. – 2024. – 2 наурыз. – 12 б.  
Робототехниканың қыр-сырын жетік меңгерген алматылық оқушылар Хьюстон мен Лондонда өтетін халықаралық турнирге жолдама жеңіп алды.

Жусан иіссуы // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 11 наурыз. – 7 б.
Қазақ даласының хош исі бар әтірді ойлап тапқан озық ойлы оқушы Альбина Айдарханова Ақмола облысы Ақкөл ауданының Кеңес ауылында 5-сыныпта оқиды. Ол бұл жұмысын ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі Жұпар Ахметовамен бірге жасаған.

Жұмағалиқызы Қ. Қазақстанда мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді /Қ.Жұмағалиқызы // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 12 сәуір. – 5 б.  
Қазақстанда барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді. Бұл туралы Білім және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

145 оқушы химия және биология пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 9 сәуір. – 6 б.  
Павлодарда наурыз айының 31-і күні білім мен парасаттың нағыз мерекесіне айналған химия-биология пәндері бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Олимпиадаға республикамыздың әр өңірінен 319 оқушы қатысып, жоғары дайындықтары мен дағдыларын паш етті.

Зейнуллина Г. Судағы зиянды химиялық заттарды зерттейтін қазақ қызы / Г.Зейнуллина // Ұлан. – 2024. – 30 сәуір. – 1 б.  
Мәулидә Нығымет Германияның Ғылым мен технология зерттеу орталығы Helmholtz for Environmental Research-UFZ-де жұмыс істейді. Ол судағы зиянды химиялық заттарды алғаш боп зерттеген ғалымдардың бірі. Қазір Германияның Лейпциг қаласында тұрады. Қазақ ғылымның ғылыми-зерттеу жұмысы АҚШ-тағы конференцияда Жоғары марапатқа ие болған.

Зейнуллина Г. Біздің оқушылар 25 елдің ішінен 1- орын алды / Г. Зейнуллина // Ұлан. – 2024. – 18 наурыз. – 2 б.  
Кипрдің Никосия қаласында робототехникадан өткен FIRST Tech Challenge чемпионатында 25 елдің арасынан қазақ ұландары 1-орын мен екі номинацияны жеңіп алды. Олар РФММ, Білім инновация және М.Базарбаев атындағы №138 мектеп гимназияның оқушылары.

Исабек Ұ. Балаларға жанашыр лагерь /Ұ.Исабек // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 15 сәуір. – 12 б.  
Еліміздің батыс өңіріндегі қарғын судың астында қалған ауыл­дардан эвакуацияланған 170 бала Алматы облысындағы лагерьлерге келіп, орналасты.

Киіз үй жылыжай макеті жасалды // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 5 наурыз. – 19 б.
Бородулиха ауданындағы Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қайса Айбек баламалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келмейтін жаңа формадағы жылыжай құрылымын ойлап тапты. Қазақ "қара шаңырақ" санайтын киіз үй макеті үлгісіндегі жылыжай бүгінгі күнде қолданыста жоқ. Макетте күн батареясынан алынатын энергияның адам баласы үшін тиімді екені ескерілген.

Қазақ даласына тән әтір әзірленді // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 12 наурыз. – 11 б.  
Ақкөл ауданындағы Кеңес ауылы мектебінің 5-сынып оқушысы Айдарханова Альбина мұғалімімен бірге қазақ даласының әтірін ойлап тауып, сол бойынша ғылыми жұмысын да қорғады. Сондай-ақ, әтірді иіскегенде шалғынды өсімдік, әсіресе жусанның иісі шығатындай қалыпқа келтіру жоспарланды.

Қазақи нақыштағы комикс жасалды // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 12 наурыз. – 11 б.  
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының 11-сынып оқушысы Айым Серікбаева суреттерді сөйлетті. Жас суретші қазақи нақышта "Аян мен Айша" атты комикс жасап шығарды. Айым жасап шығарған туындыда оқушылардың басынан кешкен қызықты оқиғалары суреттелген. Мәтіні оқып-түсінгенге ыңғайлы қысқа, жеңіл тілмен жазылған.

"Қазақстан мұғалімі" Ұлттық сыйлығы 2024 ж. // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 14 мамыр. – 3 б.  
2024 жылдың сәуірінен бастап маусымына дейін Қазақстанның бастауыш және орта білім беру мектептерінің әрбір мұғалімі 2024 жылғы "Қазақстан мұғалімі" Ұлттық сыйлығына (National Teacher Prize Kazakhstan) қатысып, еліміздің үздік мұғалімі атағы үшін бақ сынаса алады. ТОП-10 үздік мұғалімдер ары қарай әлемдік деңгейге өтіп, GIobal Teacher Prize сыйлығына үміткер болады.

Қазақстан құрамасы робототехникадан Хьюстоннан жеңіспен оралды
// Almaty aqshamy. – 2024. – 22 сәуір. – 8 б.  
Хьюстонда ең үлкен FIRST Championship чемпионаты аяқталды. Оған әлемнің 55-тен астам елінен 50 мың оқушы қатысты.

Қазақстандық оқушылар Хьюстоннан робототехникадан өткен FIRST Championship чемпионатынан жеңіспен оралды / Turkistan. – 2024. – 26 сәуір. – 5 б.  
Қазақстандық оқушылар Хьюстонда робототехникадан өткен FIRST Championship чемпионатынан жеңіспен оралды.

Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек Париж - 2024 Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды // Almaty aqshamy. – 2024. – 22 сәуір. – 8 б.  
Бүгін қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Париж-2024 Паралимпиада ойындарының лицензиясына ие болды.

Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде бас жүлдеге ие болды
// Almaty aqshamy. – 2021. – 21 сәуір. – 8 б.  
Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың туындысы Брюсельдегі фантастикалық фильмдердің халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. «Дала қасқыры» жұмысы «халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Қазақтың Паганиниі // Aiqyn. – 2024. – 2 наурыз. – 12 б.  
Германияда Guadanini Foundation ІІ Штутгарт халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Музыкалық беделді бәйгеде Қазақстан атынан скрипкашы Руслан Талас өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.  

Қатон қарағай мектебінің оқушысы Назарбаев университетінің грантын жеңіп алды: 11-сынып оқушысы Дина Қайратқызы NUET емтиханынан 198 балл жинады // Aiqyn. – 2024. – 8 сәуір. – 7 б.

Қожахан А.К. Ғылымға апарар жол /А.К. Қожахан // Qazaqstan dauiri. – 2024. – 11 сәуір. – 10 б.  
Әл-Фараби университетіндегі жас ғалымдардың жұмысы олардың таланты мен жанқиярлығының айғағы ғана емес, сонымен бірге еліміздің ғылым мен инновацияны дамытуға деген ұмтылысының көрінісі.

Қола жүлдені жеңіп алды // Almaty aqshamy. – 2024. – 21 мамыр. – 10 б.
Қазақтың нар қызы тағы бір белесті бағындырды. Дзюдодан Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Әбиба Әбужақынова 48 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

Құдайбергенов Н. Жас ұрпақты кітап оқуға қалай баулимыз? / Н. Құдайбергенов// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 18 сәуір. – 6 б.  
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайда: "Біз ең алдымен жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Кітапхана - мемлекеттің, ұлттың негізгі жады.

Құлшар Б. Телескоп жасаған ғалымдар /Б.Құлшар // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 3 сәуір. – 11 б.  
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары "STEM және креативтілік" оқу зертханасында 3D- принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.

Манап А. Боксшылар еншісінде - 25алтын! /А.Манап // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 9 мамыр. – 15 б.  
Еліміздің бас қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында жалауы желбіреген сайысқа сары құрлықтың 25 мемлекетінен 397 (267 ер, 130 әйел) спортшы қатысты. Аталған додада боксшыларымыз 25 алтын медаль жеңіп алды.

Мемлекет басшысы вейпке тыйым салатын заңға қол қойды
// Almaty aqshamy. – 2024. – 22 сәуір. – 8 б.

"Менің сүйікті кітабым" челленджі басталды // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 5 наурыз. – 3 б.  
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылар арасында "Менің сүйікті кітабым" республикалық челленджі басталды. 1-інші болып елордалық №8 мектеп оқушылары қолдады. Мектеп ұжымымен және оқушылармен кездескен Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова оның маңыздылығын атап көрсетті.

Мералы Н. Робототехникадан халықаралық чемпионат кубогы / Н. Мералы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 12 наурыз. – 1 б.  
Әлемнің 25 елінен жиналған кіл мықтылар арасында қазақстандықтар 1-ші орынға шығып және бірден екі аталым бойынша жүлде иеленді. Олар РФММ, Білім-Инновация және Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның оқушылары. Робототехникадан әлем чемпионаты Кипр Республикасының Никосия қаласында ұйымдастырылған болатын.

Мералы Н. Халықаралық ең мықты жас математиктердің үштігі / Н. Мералы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 7 мамыр. – 1 б.
Болгарияның Варна қаласында математика пәнінен ұйымдастырылған 41-інші Балқан олимпиадасына (ВМО - Balkan mathematical olympiad) әлемнің 22 елінен 130-дан астам үздік үміткер қатысқан болатын. Халықаралық деңгейдегі білім додасында бақ санаған отандық оқушылар жалпы командалық есеп бойынша 3-інші орынды иеленіп, ұлттық құрама мүшелері шет мемлекеттен 1 алтын мен 3 күміс және 2 қоламен оралды.

Мұқаев Ш. Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті / Ш.Мұқаев // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 18 наурыз. – 9 б.  
Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды.

Мұратбекұлы О. Қазақ қызы Эвересті бағындырды / О. Мұратбекұлы
// Almaty aqshamy. – 2024. – 14 мамыр. – 1 б.  
Қазақ қыздары әрқашан батыл қадамдарға бара білген. Сондай жанның бірегейі - спортшы Анар Бұрашева. Ол әлемнің ең биік шыңын бағындырды.

Назарбек Н. Венгерлік ару қазақ мәдениетіне ғашық / Н. Назарбек
// Aiqyn. – 2024. – 20 сәуір. – 15 б.  
Түркістанда қазақ мәдениетіне ғашық венгер қызы бар. Бүгінде Қ. Ясауи университетінде білім алып жүрген бойжеткен біздің мәдениетімізге Венгрияда мектепте жүрген кезінен ғашық болған екен. Сонда жүріп қазақстандық қобызшы Мақсат Медеубектен онлайн сабақ алған. Қазақ музыка өнеріне деген махаббаты оны ақыры Қазақстанға жетелеп алып келіпті.  

Назгүл Гарвард университетіне жұмысқа шақырту алды
// Ұлан. – 2024. – 16 сәуір. – 5 б.  
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Назгүл Сәкенова Гарвард университетінде докторлық диссертациясын таныстырды. Германиядағы Гейдельберг университетінде докторантураны аяқтап жатыр. Қазір медицина саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі - бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін зерттеп, жаңа әдіс бойынша бұрынғыдан 6 есе көп жаңа антибиотик жұптарын потенциалды ем ретінде ұсынып отыр.

Нариманның рекорды // Jas Alash. – 2024. – 21 мамыр. – 8 б.  
Ташкентте (Өзбекстан) өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Нариман Құрбанов алтын медаль жеңіп алды. Ол гимнастикалық ат снарядында жиған ұпайы бойынша рекорд жасады.

Оқушы әзірлеген ядролық реактор моделі // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 16 б.
Бұланды ауданының 3 оқушысынан құралған команда Бішкек қаласында өткен "Жиырма бірінші ғасыр интеллектуалдары" халықаралық байқауында елімізді таныстырды. Байқауға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран және Қазақстаннан 260 оқушы қатысқан еді.

16 жасқа толмаған балалардың смартфон ұстауына тыйым салынуы мүмкін // Almaty aqshamy. – 2024. – 17 сәуір. – 8 б.

Өзбекстанда әйелдер күресінен тұңғыш олимпиада жолдамасын иеленген Ақтеңге /сұхб. Ә.Тілеужанқызы // Turkistan. – 2024. – 26 сәуір. – 1,8 б.
Бішкек төрінде өткен іріктеу турнирде өзбекстандық балуан Ақтеңге Кеунимжаева Олимпиада жолдамасын ұтып алды. Ол Өзбекстан тарихында әйелдер күресінен жолдама иеленген алғашқы спортшы. Ұлты қазақ, 24 жастағы Ақтеңгемен сұхбат.

Өрендер жетістігі // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 29 мамыр. – 14 б.  
Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Байрақты бәсекеде бақ сынаған 9 өреніміздің 4-еуі елге олжалы оралды.

Педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды
// Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 2 сәуір. – 2 б.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық білім беру деректер қорында сәуір айының бірінен бастап педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосты. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

Президент Елена Рыбакинаны құттықтады // Almaty aqshamy. – 2024. – 22 сәуір. – 8 б.
Президент Қ.Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады.

Сабырбайтегі Н. Халықаралық ғылыми көрменің беделді марапаты / Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 1 б.
Мамыр айының 11-17 күндері аралығында Лос-Анджелесте оқушыларға арналған дүниежүзілік ғылыми - инженерлік Regeneron ISEF 2024 байқауы ұйымдастырылған еді. Америка Құрама Штаттарының құрамындағы Калифорния штатының оңтүстігіндегі Тынық мұхиты жағасында орналасқан осы штаттың ең үлкен қаласында бас қосқан халықаралық деңгейдегі бәсекелі бәйгеде бақ сынау үшін шартараптан жиналған мыңдаған үміткер үздіктердің арасында оқ бойы озып шыққан қазақстандық үш оқушы беделді марапаттарды иеленуі арқылы толық жүз пайызды құрайтын жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үлкен олжамен оралды.

Сарыбеков М. Жастар – жаңа идеялардың жаршысы /М.Сарыбеков // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 25 сәуір. – 3 б.
Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың 3 отырысында жастар бойында, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызына ерекше назар аударды. Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Жастарды кітапқа ынталандыру үшін Президент елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар салу, Ұлттық кітап күнін белгілеу, әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды қазақ тіліне аударуды жалғастыру сынды өзекті мәселелерді атап өтті.

Сатылған С. Гиннеске енген Аружан /С.Сатылған // Aiqyn. – 2024. – 7 наурыз. – 8 б.  
Жамбыл облысының тумасы Аружан Миравилдаева түйе үстінде арақашықтығы 30 метр болатын 3 нысанды 12 секундта дөп атып, рекорд орнатқан. Сол шеберлігі үшін Гиннес рекордтар кітабына енген Қазақстандағы алғашқы адам атанып отыр.  

Студенттер мен оқушылардың бірлескен тракторы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 16 б.
Жарма технология колледжі студенттері мен мектеп оқушыларының бірлескен жобасының нәтижесінде трактор жасалды. Қазір бұл техника арнаулы оқу орнында әртүрлі қажеттіліктер үшін тиімді пайдаланылып жүр. Трактор толығымен темір бөлшектерден құрастырылып, қозғалтқышы мен спидометрі және беріліс қорабы сияқты барлық құрылымдармен жабдықталған.

Су тасқынын болжайтын жаңа құрылғы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 16 б.
Мәртөк ауданындағы №4 Мәртөк орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жансая Аккулова су тасқынының алдын алатын құрылғы ойлап тапты.

Сүлеймен Ғ. Жалғыз алтын Ержеттің еншісінде / Ғ. Сүлеймен
// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 18 сәуір. – 15 б.  
Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекенің соңғы медальдарын грек-рим күресі шеберлері сарапқа салды. Аталған жарыста Қазақстанның ұлттық құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен қорытындылады.

Сүлеймен Ғ. Штутгарттағы ерекше жеңіс / Ғ. Сүлеймен
// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 23 сәуір. – 15 б.  
Германияның Штутгарт қаласында өткен жүлде қоры 802 237 долларды құраған WTA турнирі Қазақстанның ең үздік теннисшісі - Елена Рыбакинаның айқын жеңісімен аяқталды.

Сүлеймен Ғ. Францияда күміс алды /Ғ.Сүлеймен // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 23 мамыр. – 15 б.  
Қазақстанның ұлттық құрамасы Францияның Сен-Мор-де-Фосседе қаласында семсерлесудің шпага түрі бойынша өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысын қола медальмен қорытындылады.

ТжКБ бойынша мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 21 мамыр. – 2 б.  
Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі алпыс мың орынға көбейеді. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданған білім алушылар саны 145 мың адамға жетеді.

Төңкер Е. "Алақанға" қарап бәрін біледі /Е.Төңкер // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 17 мамыр. – 16 б.  
Астанадағы №2 Ғафу Қайырбеков мектебінің оқушылары мектепке кіреберісте турникеттен өтерде карта ұстамайды. Мектеп асханасына ас ішу үшін төлем картасын да қолданбайды. Бәрі баланың алақанына жазылған.

Тілегенұлы Н. Білім беру саласына еңбек сіңірген ұстаздармен кездесу / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 2 сәуір. – 1 б.  
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаев наурыз айының 27-сінде "Қазақстанның Еңбек Ері" және "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті. Олардың қатарында Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шукыжанова сынды отандық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихында еңбегі сіңген, есімдері көпшілікке белгілі ұлағатты ұстаздар да бар.

Тілегенұлы Н. Алғашқы әскери дайындық мұғалімдері марапатталды / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 14 мамыр. – 1,3 б.  
Еліміздегі білім беру ұйымдарының әскери және технологиялық дайындық пәнінен дәріс беретін таңдаулы 20 майталман мұғалімге ведомстволық наградалар табысталды. Елордада ұйымдастырылған салтанатты шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев қатысты.

Шотбайқызы А. Францияда оқимын десеңіз... / А. Шотбайқызы
// Egemen Qazaqstan. – 2024. – 3 сәуір. – 11 б.  
2024-2025 оқу жылына "Абай-Верн" стипендиялық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланды. Бұл конкурсқа магистратураның 1-курсында оқитындар мен докторантурадағылар қатысады. Жеңімпаздар жоғарыда аталған академиялық оқу жылын Францияда жалғастыруға мүмкіндік алады.

Шотбайқызы А. Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молаяды / А. Шотбайқызы // Egemen Qazaqstan. – 2024. – 18 мамыр. – 12 б.
Колледжде тегін оқуға мүмкіндік молая түспек. Өйткені техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Ірі қара малдың қалдықтарын қайта өңдеу ұсынымы // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 19 наурыз. – 12 б.  
Бесқарағай ауданындағы Канонерка орта мектебінің 8-сынып оқушысы Қадыр Қайнар жауын құрттары арқылы бақша дақылдарының өнімділігін арттыруға болады дейді. Оқушы жауын құрттардың гибрид түрлерін үй жағдайында, органикалық бай субстратта өсіріп жүр.

145 школьников стали призерами республиканской олимпиады по химии и биологии // Білімді ел = Образованная страна. – 2024.–9 сәуір.–С. 6.  
В Павлодаре завершилась республиканская олимпиада по химии и биологии, в которой приняли участие 319 школьников из разных регионов нашей республики.

Алипинова М. "Super 100!" для казахстанской Ады Лавлейс / М. Алипинова // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 23 сәуір. – С. 2.  
На полях международного форума TechnoWomen Central Asia подписан меморандум, в рамках которого в стране начнется реализация уникального проекта "Super 100!". Планируется, что во время предстоящих каникул в "Роботеке" откроется летняя школа, где болле ста девочек получат первые знания по программированию и конструированию.

Байшуленов А. Школьники Кызылорды хотят превратить свой двор в зеленую зону / А. Байшуленов // Казахстанская правда. – 2024. – 11 апреля.  
Юные биологи презентовали инновационный биогумус. Естественное биологичес­кое удобрение ребята производят в подвале школы с помощью крас­ных калифорнийских червей, которые перерабатывают органические отходы. Инициатором зеленого проекта стал директор школы-лицея Асыл­бек Макашев.

Бахамов Р. В десятке лучших / Р. Бахамов // Вечерний Алматы. – 2024. – 2 апреля. – С. 2.  
Алматинские школьники победили в международном конкурсе науки и изобретений I-FEST-2024 в тунисском городе Махдия. Главная цель I-FEST-2024 – углубленное продвижение науки, в том числе распространение научного опыта зарубежных стран, а также привлечение молодежи к инновационной деятельности, развитие научно-исследовательских навыков и духа новаторства.

Берикбаев Е. Читающая нация / Е. Берикбаев
// Вечерний Алматы. – 2024. – 12 апреля. – С. 8.  
Только читающая нация может стать по-настоящему интеллектуальной. О пробуждении у подрастающего поколения интереса к чтению книг. Эксперт "Вечёрки" провел ночь в круглосуточной городской юношеской библиотеке имени Жамбыла (Алматы). Поговорил со студентами КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова из Индии и Туниса; со студентами-программистами из МУИТ (Международный университет информационных технологий (Алматы) о том, для чего нужно читать книги, необходимо ли прививать культуру чтения или можно обойтись без книг?.

Боранбаева Д. Молодые ученые создают полезные продукты в "цвете" / Д. Боранбаева // Казахстанская правда. – 2024. – 16 апреля. – С. 8.  
Второкурсник Жетысуского университета им. И.Жансугурова (г.Талдыкорган) Аскар Рахым семь лет назад занялся выведением особой породы черных куриц, несущих разноцветные яйца. Ему также принадлежит идея создания районированного сорта разноцветной сладкой и полезной кукурузы.

Боранбаева Д. Светофоры с озвучкой разработала талдыкорганская школьница / Д. Боранбаева // Казахстанская правда. – 2024. – 16 апреля. – С. 16.  

Ученица 11-го класса Назарбаев интеллектуальной школы г.Талдыкорган Анар Нурмахан надеется, что это устройство принесет пользу множеству людей с инвалидностью.

Вологодская Г. Когда университет слышит производство / Г. Вологодская // Казахстанская правда. – 2024. – 11 апреля. – С. 9.  
Тренды партнерства вузов и промышленных компаний стали ведущими темами международного форума "Наука и промышленность: вызовы, решения и стратегии".

Доброта Л. Шымкентские школьники представили свои научные работы / Л. Доброта // Казахстанская правда. – 2024. – 11 апреля. – С.10.  
Выставка «Science kids – Дети науки!» открылась в ЮКУ им. М. Ауэзова. Семиклассница СШ № 53 Муслима Муратжанова вместе с восьмиклассником этой школы покорили посетителей выставки трепетным отношением к животным. Их проект, направленный на защиту животных, оказался не просто в тренде, но и очень трогательным. Работы разноплановые, дети, бесспорно, талантливы и увлечены, – считает член жюри, профессор кафедры безопасности жизнедеятельности и защиты окружающей среды ЮКУ им. М. Ауэзова Александр Колесников. – Они делают различные макеты, активно работают с электроникой, создают роботов, «умные» дома и машины, пытаются производить материалы на 3D-принтере, которые самостоятельно изобрели. Такая активность радует. Именно так появляется интерес к науке и технике.

Дусенбаева А. Царица наук / А. Дусенбаева // Вечерний Алматы. – 2024. – 19 апреля. – С. 9.  
Казахстанские школьницы выиграли четыре медали на Международной математической олимпиаде в городе Цхалтубо (Грузия).

Жаркевич О. Развитие научных направлений в области машиностроения / О. Жаркевич // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 23 сәуір. – С. 7.  
В Карагандинском техническом университете имени Абылкаса Сагинова.

Исаков Р. Ученые КазАТИУ разработали новую технологию производства кирпича / Р. Исаков // Казахстанская правда. – 2024. – 16 мая. – С. 11.  
Казахский агротехнический исследовательский университет имени С.Сейфуллина (КазАТИУ).

Модель будущего: Касым-Жомарт Токаев совершил рабочую поездку в Алматы (31 мая 2024 года) // Вечерний Алматы. – 2024. – 4 июня. – С. 1-2.  
Президент посмотрел новый международный терминал аэропорта, принял экоактивиста и директора дорожного НИИ (причем обоих в присутствии мэра Алматы Досаева). Касым-Жомарт Токаев посетил фестиваль Jas Galym. Science Quest, приуроченный к Международному дню защиты детей, и побеседовал с его участниками. Традиционный ежегодный фестиваль в этом году посвящен теме науки. Президент вместе со школьниками осмотрел станции Science, Engeneering, Art, Technology, Mathematics. Здесь учащиеся в формате квеста представили свои научные проекты. Затем встретился с учеными, где осмотрел отремонтированное здание академии и выступил перед научным активом.

Муканова А. Искусственный интеллект на нефтянке: почему это важно? / А. Муканова // Казахстанская правда. – 2024. – 11 апреля. – С. 6.  
Цифровизация стала важным вектором развития ТШО – Тенгизшевройл (нефтегазовая промышленность).

Мукаш Г. В копилке казахстанских школьников 10 медалей / Г. Мукаш // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 2 сәуір. – С. 4.  
В Туркменистане (город Аркадаг) завершилась первая Международная математическая олимпиада, посвященная 300-летию великого мыслителя, просветителя и поэта Махтумкули Фраги. В олимпиаде участвовали около 130 школьников из 13 стран мира, таких как Казахстан, Россия, Китай, Иран, Таджикистан и др.

Нұрым Ж. Улучшение навыков высокого порядка учащихся / Ж. Нұрым // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 23 сәуір. – С. 7.  

Исследовательская работа по математике для учащихся 11-го класса.

Панченко Н. Вдохновение и успех: о Первом открытом астрономическом турнире школьников в Астане / Н. Панченко // Білімді ел = Образованная страна. – 2024. – 23 сәуір. – С. 2.  
20 апреля 2024 года школа Tamos Space School в очередной раз стала площадкой для проведения интеллектуального соревнования среди школьников из разных городов Казахстана, объединив их в увлекательном квесте не только по решению сложных научных проблем, но и их защите. Именно поэтому Астрономический турнир (далее – Астротурнир) требует отличных презентационных навыков. Задача участников состояла в первую очередь в поиске ответов на вопросы заранее подготовленных задач, а также в защите своих решений в ходе научных боев.

Пащенко И. От определения азимута к исследованиям / И. Пащенко
// Казахстанская правда. – 2024. – 22 мая. – С. 16.  
Победителей олимпиады по географии наградили в Астане. Финальный этап Национальной олимпиады по географии среди учащихся 7-8-х классов проходил с 13 по 17 мая. Его участниками стали 46 человек - победители областных олимпиад со всего Казахстана, которым предстояло не только ответить на тестовые вопросы, но и выполнить полевые задания.

Тё М. Тепло и свет на много лет / М. Тё
// Казахстанская правда. – 2024. – 25 мая. – С. 7.  
Десятиклассники областного специализированного лицея для одаренных детей Анель Кумкай и Аскар Абдрахман разработали проект по повышению уровня жизни населения, развитию экономики и инфраструктуры района с применением новых технологий и искусственного интеллекта на селе. "Поскольку наша главная цель – развитие сельского хозяйства с наименьшими затратами, мы решили объединить три вида естественного производства энергии. Это энергия воды, солнца и ветра", – сказал молодой изобретатель Аскар Абдрахман.

Тимирова А. В столице представили исследовательские проекты школьников / А. Тимирова // Казахстанская правда. – 2024. – 15 апреля. – С. 6. В Астане состоялся Международный научный форум для школьников "Научное образование, инновации и молодежь – основы устойчивого развития". Масштабное событие было посвящено Международному дню интеллектуальной собственности, Дню работников науки Казахстана и 125-летию академика Каныша Сатпаева.

Тлеп Б. Современная наука: взгляд из педагогического вуза / Б. Тлеп
// Казахстанская правда. – 2024. – 9 апреля. – С. 9.  
Научный потенциал КазНПУ (Казахский национальный педагогический университет имени Абая) – ключевой показатель его академической силы.

Юмашев Ф. В чем особенность "генетического профиля" соотечественников / Ф. Юмашев // Казахстанская правда. – 2024. – 3 апреля. – С. 3.  
Премьер-министр Олжас Бектенов ознакомился с научными разработками.