Траисова
Эльмара Асқарқызы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы

Өмірбаяны

1967 жылы 20 маусымда Орал облысы, Жымпиты ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жымпиты орта мектебін бітірді. 1985 жылы Тарас Шевченко атындағы Орск мемлекеттік педагогикалық институтына филология факультетіне оқуға түсті. 1990 жылы институтты ұлттық мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1990-2000 жылдары Жымпиты орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2000-2003 жылдары Орал қаласының №37 мектебінде, 2003-2007 жылдары Орал қаласының №5 мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Жалпы педагогикалық өтілі 34 жыл. Педагог-зерттеуші.

Эльмара Асқарқызы Қазақстан Республикасы филологтерінің «Қазақстанда филологиялық білім берудің негізгі жолдары » тақырыбында өткен бірінші сьезіне делегат болып қатысты. Облыс көлемінде «Жас театр көрермені» әдеби драма үйірмесінің бағдарламасын құрастырды. Облыс көлеміне 10-сыныптарға арналған «Пушкиниана» қолданбалы курсы іс-тәжірибесі таратылды.

Мұғалім Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында өткен пән олимипиадаларына, байқауларға әділқазы ретінде қатысып келеді. «Орыс тілі» мен «Орыс әдебиеті» оқулықтарын талдауға арналған Ғылыми Республикалық білім беру орталығында эксперттік комиссия мүшесі. Облыстық шығармашылық топ құрамында 5-11 сыныптарға арналған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар құрастыруда облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.

Оқушылары жылма-жыл қала, облыстық, республикалық сайыс, олимпиадалардың жүлдегерлері, жеңімпаздары атанып келеді. Атап айтар болсақ, 2019-2020 оқу жылында республикалық ғылыми жоба сайысында «А что скрывает маска?» тақырыбында Н.Габдулгазизова (11 сынып), З.Тулемисова, қалалық І орын, облыстық ІІ орындарға ие болды. «Поэзия души Пушкина» атты мәнерлеп оқу сайысында Н.Габдулгазизова (11 сынып) республика І орын иеленді. Эссе байқауында «Поэзия души Пушкина» тақырыбындағы «Но мне порукой ваша честь» З.Тулемисова (11 сынып) республикада ІІ орын алды. Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» конкурсында оқушылар тобы қалалық деңгейде І орынға ие болды. Аталған қалалық кезеңіндегі конкурста А.Нурланулы (10 сынып) «Үздік ер адам рөлі» атағын иеленді, Н.Габдулгазизова (11 сынып) «Үздік актерлық орындаушы» атағымен марапатталды. Облыстық кезеңде «Театрдың ғажайып әлемі» конкурсы бойынша оқушылар тобы І орынға ие болды. Конкурста А.Нурланулы (10 сынып) «Үздік ер адам рөлі», Н.Габдулгазизова (11 сынып) «Үздік актерлық орындаушы» номинацияларына ие болды.

2020-2021 оқу жылында республикалық ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде «Колористика» тақырыбы бойынша А.Нурланулы (10 сынып), Ж.Кенжебаева ІІ орын, облыстық кезеңінде ІІ орын иеленді. Халықаралық орыс тілі пән олимпиадасында Г.Аскарова, М.Джантулина «Золотой сертификатқа» ие болды. Республикалық «Творческая студия» атты мәнерлеп оқу сайысында А.Нурланулы І орын алды. Облыстық Б.Л.Пастернак «В рифмах дышит тех любовь» мәнерлеп оқу конкурсында А.Нурланулы І орын алды. Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының қалалық кезеңінде 9-11-сынып оқушылар тобы І орын. облыстық кезеңінде Гран-при иеленді. Республикалық кезеңінде Ж.Кенжебаева «Үздік әйел ролі» номинациясын ұтып алды. Облыстық «Ой-сана» конкурсында Ж.Кенжебаева 10 сынып оқушысы І орынға ие болды.

2021-2022 оқу жылында республикалық «Оралдың Пабло Пикасосы» тақырыбындағы ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде Ж.Кенжебаева (11 сынып) І орын, облыстық кезеңінде І орынға ие болды. Республикалық «Зерде» ғылыми жоба конкурсының облыстық деңгейінде А.Габдушева             (7 сынып) ІІ орынды иеленді.

2022-2023 оқу жылында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының «Екінші пландағы үздік рөл» номинациясы бойынша А.Ислям жеңімпаз атанды. Республикалық ғылыми жобалар жарысының қалалық кезеңінде А.Айбасова «Театр уж полон...» тақырыбында қатысып І орын, облыстық кезеңінде ІІ орын алып, республикалық кезеңіне жолдама алды. 5 сынып оқушылары С.Қилау, А.Исмагулова, А.Бисенгалиев, З.Холматова облыстық «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар форумында «Экотеатр» номинациясы бойынша І орын иеленді. «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің қалалық фестиваль-байқауында «ТЮЗ» командасы ІІ орын иеленді.

Мұғалім «Үздік педагог-2016» республикалық деңгейінде жеңімпаз атанды. Халықаралық энциклопедия «Лучшие люди, лучшие в образовании» атты жинаққа енді. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында ІІІ орынды жеңіп алды. Мұғалімдер арасындағы қалалық «Мой «Know How» в дистанционном формате» сайысында І орын, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын иеленді. «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Орта білімдегі заманауи білім беру технологиялары. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» аталымында ІІ орын, «Оқу сауаттылығы» аталымында ІІ орынға ие болды.

Эльмара Асқарқызы - болашақта да шығармашылық жұмыстарын толықтырып, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда жұмыстанатын жаңашыл, ізденімпаз мұғалім.

Жолдасы – Таукин Тимур Аронович – 22.02.1961 ж., зейнеткер.

Баласы - Таукин СанжарТимурович – 21.12.1996 ж., Банк «Береке», менеджер.