ӨмірбаяныНурпейсова Гульжанар Молдакеримовна Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, біліктілік санаты педагог-эксперт. Жалпы жұмыс өтілі: 41 жыл. 1962 жылы 11 қазанда Алматы облысы Қақпақ ауылында дүниеге келген. 1979 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына физика - математика факультетіне оқуға түсті. 1983 жылы институтты математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1983-1995 жылдары мектепте туған ауылында математика пәнінің мұғалімі. 1995-1999 жылдары-Алматы қаласындағы №139 мектеп – гимназиясында математика пәнінің мұғалімі және 1999 жылдан бастап №4 Зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған Н. Островский атындағы арнайы мектеп-интернатта жұмыс істейді. Мектеп-интернатта жұмыс істеген жылдары өзін ауыр көру патологиясы бар балалармен жұмыс істеу әдістемесін меңгерген тәжірибелі педагог ретінде көрсетті, өз жұмысында оқытуда жеке тәсіл қолданады. Нұрпейсова Г.М. көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бедерлі-нүктелі және үлкейтілген қаріппен оқулықтардың адаптері болып табылады. Математика оқулығын 5-сыныпқа бейімдеу бойынша 2017 жылы жұмыс істеді, 2020 жылы алгебра және геометрия оқулығын 7-сыныпқа бейімдеді, 2021 жылы 6 – сыныпқа арналған Математика оқулығын, 2022 жылы алгебра және геометрия оқулықтарын 8-9 сыныптарға, 2023 жылы алгебра және геометрия оқулықтарын бейімдеді. Гүлжанар Молдакерімқызы үш бала тәрбиелеп өсірді. Олар күйеуімен 40 жыл тұрады. |