Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Республиканская научно-педагогическая библиотека пополнилась десятитомной серией «Абайоведение» известного абайоведа, доктора филологических наук Мекемтаса Мырзахметовича. Предлагаем вашему вниманию аннотацию каждого тома.

1-том. «Абайтану» сериясының алғашқы томында ұлы Абай мұрасының зерттелуі мен Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы нақтылы кезеңдерге бөлініп сипатталған. Бір ғасыр бедеріндегі ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктер мен кемшіліктер бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады.

2-том. «Абайтану» сериясының екінші томына Мекемтас Мырзахметұлының көп жылдар бойы терең зерттеу нәтижесінде жазған «Мұхтар Әуезов және Абайтану мәселелері», «Абай және Әуезов» атты тұжырымдамалық еңбектері мен оның құрастыруындағы «Абайды оқы, таңырқа» атты хрестоматия енгізілген.

3-том. «Абайтану» сериясының үшінші томына абайтанудың негізін салу жолындағы Әуезовтың мол мұрасы оқырман қауымға жүйеленіп берілді. Бұл том 1997 жылы «Санат» баспасынан шыққан қалпында өзгеріссіз жарияланып отыр.

4-том. Заңғар ғалым М. Мырзахметұлының «Абай және Шығыс», «Абай және сопылық ілім» атты зерттеулері енген бұл томда Абайдың Шығыс мәдениетіне қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан жүйеленіп баяндалады. Абайдың адамгершілік мұраттарына талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болады.

5-том. Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай жасалған бұл көрсеткіш ақын мұрасы жөнінде жазылған 1889-1985 жылдар аралығында жарық көрген деректер көзін тақырыптық жүйеде тұтас қамтиды.

Библиографиялық көрсеткіш негізінен қазақ, орыс тіліндегі деректерді қамтуы себепті, екі бөлімге жіктеліп берілді. Әрбір оқырман іздеген дерегін білгілі бір тақырып желісінде тауып алуына қолайлы болуы үшін, әр бөлім негізінен 60-тан астам тақырып аясына шоғырландырылған. Кітаптың екінші бөліміне Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы хронологиялық көрсеткіш енгізілді.

6-том. Данное исследование посвящено актуальном и малоизученным аспектам абаеведения, а именно: принципам составления творческой биографии Абая, установлению реальных истоков его поэтического творчества, методике текстологических исследовании, проблеме отношения произведений поэта к классическому Востоку, литературному окружению. Это проблематика рассматривается в свете фундаментальных научных работ писателя-академика М. Ауезова, которые являются итогом многотрудных длительных поисков ученого-энциклопедиста по созданию абаеведения.

7-том. «Абайтану» сериясының 7-ші томына енгізіліп отырған «Тараз ой-толғаныстары» атты кітап автордың қоғамдағы күрделі мәселелерге қатысты өзіндік көзқарасын танытатын ойлы мақалалардан құралған.

8-том. «Абайтану» сериясының 8-ші томына енген «Түркістанда туған ойлар» атты бұл еңбегінде ежелден түркі халықтарының алтын бесігі саналған Түркістанның әлем халықтарының мәдени, ғылыми, тарих өміріне жасаған ықпал әсері туралы кең де пайымды әңгіме қозғайды.

Шығыс пен Батыс елдерінің озық мәдени үлгілері Тұран жеріне қандай арналар арқылы таралғанын зерделеу, ел тағдырына қатысты танымдық, философиялық толғаныстар, жер тарихы, отаршылдық топонимдер, тарихи тұғалар туралы ғалымның тың ой-пікірлері кітап мазмұнына арқау болған.

Сонымен қатар осы томға «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты тақырыппен ұлы Абайдың ақындық қыры мен азаматтық болмысын аша түсетін әдебиет алыптарының ой-пікірлері мен өлеңдері енгізілген.

9-том. «Түркістан-Тараз арасы» деп аталатын бұл томға ұлы Мұхтар Әуезов пен данышпан Абайдың шығармашылық мұралары төңірегіндегі ой-толғаныстары, жекелеген тарихи тұлғалардың азаматтық болмысын сипаттайтын көлемді зеттеулері, ұлттық идеологияны қалыпастыруға байланысты көзқарастарын ұсынған мақалалары топтастырылған.

Зерделі ғалымның қоғам алдындағы абырой-беделін айшықтайтын замандастары мен шәкірттерінің жүрекжарды тілек-лебіздері де осы томнан табылады.

10-том. Бұл еңбекте Абайдың адамгершілік туралы көзқарастары, ежелгі шығыс ойшылдарымен пікір сабақтастығы жайлы ғылыми деректер қорытылып, талданады. Сондай-ақ, ұлы ақын мұрасын танудағы негізгі бір сала-шығармаларының бұрынғы-соңды басылымдары, ондағы текстологиялық мәселелер, жалпы абайтанудың бүгінгі жайы сөз болады.

Бұл кітапта хәкім Абайдың «Толық адам» ілімі-жаңа таным жолы ретінде қарастырылады. Автор Абай таымын кәзіргі заманға сай көзқараспен саралап, соны тұжырымдап ұсынады. Абай шығармаларының тілдік ерекшеліктерін екшелеген «Абай лұғаты» зерттеуі де осы томға енгізілді.

Республиканская научно-педагогическая библиотека пополнилась десятитомной серией «Абайоведение» известного абайоведа, доктора филологических наук Мекемтаса Мырзахметовича. Предлагаем вашему вниманию аннотацию каждого тома. () Изображение №1