Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Отдел художественной литературы Республиканской научно-педагогической библиотеки пополнился 10-томным произведением Сабита Муканова, издаваемым «Казыгурт». Ознакомьтесь с краткой аннотацией 10 томов.

1-том. Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 120 жылдық мерейтойына орай шығарылып отырған көптомдық шығармалар жинағының бірінші томына «Мөлдір махаббат» романы еніп отыр. Ең алғаш «Адасқандар» деп 1931, 1935 жылдары жарық көрген бұл роман 1959, 1961 жылыдардағы басылымдарында көптеген өзгерістер мен түзетулер енгізіліп «Мөлдір махаббат» деп жарияланған. Кітапқа жазушының он алты томдық таңдамалы шығармалар жинағындағы (1972) нұсқасы алынды.

2-том. Алғаш рет 1938 жылы «Жұмбақ жалау» деген атпен жарық көрген бұл роман 1948, 1953, 1968 жалдардағы басылымдарында өңделіп, толықтырылып «Ботагөз» деп аталды. Көптомдыққа жазушының он алты томдық таңдамалы шығармалар жинағындағы (1972) нұсқасы алынды. Роман Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының тарихи-әлеуметтік себеп-салдарын жан-жақты қамтиды.

3-том. Үшінші томда атақты «Өмір мектебі» трилогиясының бірінші кітабы еніп отыр. Мемуарлық роман алғашқыда «Менің мектептерім» деп аталған. «Азапты жолда» деп аталған бұл бөлімде еліміздің қазан төңкерісіне дейінгі тұрмыс-тіршілігі қамтылған.

4-том. Жазушының көптомдық шығармалар жинағының бұл томына атақты «Өмір мектебі» трилогиясының 1953 жылы жарық көрген екінші кітабы еніп отыр. Ол «Азатты жолда» деп аталған.

5-том. Қаламгердің көптомдық шығармалар жинағының бұл томына «Өмір мектебі» мемуарлық трилогиясының 1964 жылы жарық көрген үшінші томы енген. Жазушыға бұл шығармасы үшін 1967 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілген.

6-том. Алтыншы томға аяқталмаған «Аққан жұлдыз» тетралогиясының бірінші кітабы енген. Қазақтың ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл-ғалымы Шоқан Уалихановтың балалық шағы, білім жолындағы алғашқы қадамдары суреттеледі.

7-том. Жетінші томға «Аққан жұлдыз» тетралогиясының екінші кітабы енген. Қазақтың ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшыл-ғалымы Шоқан Уалихановтың адам тану, жер тану сапарлары суреттеледі.

8-том. С. Мұқанов қазақ поэзиясының поэма жанрында да өнімді еңбек еткен. Өлеңмен жазылған роман «Сұлушаш» 1928 жылы жеке кітап болып шыққан. Бұл томға ақынның он поэмасы енген.

9-том. Академик-жазушы С. Мұқанов «Қазақ қауымы» бұл еңбегінде халқымыздың тарихына, этнографиясына, салт-дәстүрлеріне, мәдениетіне, жан азығына жан-жақты баға берілген. Кітапқа жазушының замандастары туралы бірнеше естеліктері де енген.

10-том. «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегінде С. Мұқанов халқымыздың екі ұлы перзенті – Шоқан мен Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында ой толғайды. Осы кітабы үшін ол Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уалиханов атындағы сыйлығын алған.

Отдел художественной литературы Республиканской научно-педагогической библиотеки пополнился 10-томным произведением Сабита Муканова, издаваемым «Казыгурт». Ознакомьтесь с краткой аннотацией 10 томов. () Изображение №1