Көшпелі курстар-2016Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы (ҚР БҒМ РҒПК) мектеп және колледж кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі» негізінде көшпелі курстар ұйымдастырады және оқу қорытындысы бойынша Сертификат берілетіндігі жөнінде хабардар етеді. Курс ақысы- 15 000 теңге. Көшпелі курсты ұйымдастыру себебі- ҚР БҒМ РҒПК республикадағы білім беру жүйесі кітапханаларының әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде қарамағындағы барлық мектеп кітапханаларының қызметімен танысып, әдістемелік көмек көрсету үшін іссапарға шығады. Іссапарлар қортындысы көрсеткендей барлық мектеп және колледж кітапханаларының жұмысында өте көп кемшіліктер бар, осы кемшіліктерді жойып, кітапханаларды қазіргі заман талабына сай өркендету үшін кітапханашылардың біліктілігін көтеру керек. Көшпелі курстың маңыздылығы – өз өңірінде және бір мезгілде барлық мектеп және колледж кітапханашылары кітапхана ісіндегі жаңалықтармен, нормативтік-регламенттеуші құжаттар жиынтығымен танысады, кәсіби тұрғыда мектеп және колледж кітапханасының жұмысын ұйымдастыруды үйренеді, автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйені тәжірибе жүзінде қолдануды меңгереді, біліктілікті көтеру курсынан өтіп Сертификат алады. Көшпелі курстың тиімділігі – кітапханашылар көп шығын шығармай (арғы-бергі жол шығыны, қонақүй шығыны, тамақтану шығыны т.б.) өз өңірінде біліктілікті көтеру курсынан өтеді. Көшпелі курс ұйымдастыру үшін ҚР БҒМ РҒПК директорына (Насырова Айман Алиевна) оның қажеттігі туралы мына электрондық почта: rnpb_kz@mail.ru арқылы сұраныс хат жазылады. Курсты ұйымдастыру үшін анықтама телефондары: 8 (727) 291-69-11 ҚР БҒМ РҒПК, Ғылыми-әдістемелік бөлімше, электрондық почта: rnpb_kz@mail.ru |