Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

«Алан&kids» республикалық балалар журналы 1-4 сынып оқушылары арасында шығармашылық байқау жариялайды.

«Алан&kids» республикалық балалар журналы 1-4 сынып оқушылары арасында шығармашылық байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

  • балалардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін көтеру; 
  • шығармашылық дамуына ықпал ету;
  • қазақ балалар әдебиетіндегі заманауи қаламгерлердің туындыларын насихаттау;
  • балаларды баспасөзбен жұмыс жасауға баулу.

 

Байқаудың номинациялары:

  • «Алан оқулары». Әңгіме, ертегілерді оқып, мазмұндау.
  • «Жас қалам».  Балалардың өз қиялынан ертегі, әңгіме, өлең жазуы.
  •  «Басқатырғылар». Сөзжұмбақ,  ребус, филворд құрастыру. (Ата-ана мен бала бірігіп жасайды)
  • Бейнелеу өнері байқауы.

Байқауға қатысқан әр оқушыға «Мұғалім.KZ»  баспасы және  Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана атынан І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Жазба байқаулардан І орын алған оқушылардың  жұмысы журнал бетіне және арнайы кітап-жинаққа жарияланады. Бас жүлде алған оқушыларға сыйға шәкіртақы (стипендия) беріледі.

Жетекшілерге «Мұғалім.KZ»  баспасы және  Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана атынан «Алғыс хат» беріледі.

 

Шарттары:

 

!!! Байқауларға қатысу үшін «Алан&kids» журналының 1 данасына сынып атынан 1 жылға (10 ай) толық жазылу керек. Бағасы 7700 теңге.Төлем жасайтын QR код  құжаттың соңында берілген.

Бір журналға жылдық жазылу арқылы сыныптан бірнеше бала байқауға қатыса алады.

 

  1. «Алан оқулары» шарты

1)    Тізімдегі шығармалардың ішінен екі шығарма таңдап алып, оқып, мазмұнын видеоға түсіріп, оқушының (өзінің немесе ата-анасының, сынып жетекшісінің) инстаграм парақшасына жүктеп, balalar_zhurnaly_alankids парақшасын белгілеп кету керек.

2)    Бір оқушыдан екі видео жүктеледі. Әр видеоның астындағы мәтінде (описание) оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, жетекшісінің аты-жөні жазылуы керек.

3)    Тізімдегі шығармаларды мектеп кітапханасынан алуға болады немесе «Алан&kids» журналының  телеграм-каналынан жүктеп алуға болады.

Телеграм-каналға сілтеме https://t.me/alankids.

 

Шығармалар тізімі:

1. «Қуыршақ»  Айса Хамзеұлы

2. «Саққұлақ» Айса Хамзеұлы

3. «Тауық балапаны мен қарға» Заря Жұманова

4. «Жалғыз тамшы» Заря Жұманова

5. «Құс балапаны» Ділдәр Мамырбаева

6. «Жоғалып, қайта табылған күлкі» Ділдәр Мамырбаева

7. «Ақ тауықтың әлегі» Толымбек Әбдраимов

8. «Шыбынның сазайы» Дәнеш Ахметұлы

9. «Жаман дос» Дәнеш Ахметұлы

10. «Ұмыт болған балауыз» Мира Сембайқызы

11. «Ойыншықтардың өкпесі»  Әсел Қанаш

Марапаттау: байқауға қатысқан оқушылар  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Бас жүлде алған оқушыға сыйлық беріледі.

 

 

 

«Жас қалам»  шарты:

1)    Балалар өз қиялынан еркін тақырыпта ертегі, әңгіме немесе өлең жазады.

2)    Times New Roman қарпінің 14 өлшемімен терілген мәтінді alan-kids@mail.ru поштасына жіберу керек. Баланың аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауыл, қала, облыс атауы, жетекшісінің аты-жөні жазылуы керек.

Марапаттау: Байқауға қатысқан оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І орын алған оқушылардың  жұмысы журнал бетіне және арнайы кітап-жинаққа жарияланады. Бас жүлде алған оқушыға шәкіртақы (стипендия) беріледі.

 

 

«Басқатырғылар» шарты:

1.    Оқушылар ата-анасымен бірігіп таңдауы бойынша сөзжұмбақ,  ребус, филворд құрастырады.

2.      Байқауға қатысатын жұмыс alan-kids@mail.ru поштасына жіберілу керек. Баланың аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауыл, қала, облыс атауы, жетекшісінің аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Марапаттау: Байқауға қатысқан оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І орын алған оқушылардың  жұмысы журнал бетіне жарияланады.

Бас жүлде алған оқушыға сыйлық беріледі.

 

Бейнелеу өнері номинациясының шарты

1)    Балалар өз қиялынан «Болашақтың киіз үйі», «Ұлттық ойындар», «Қазақтың суперқаһарманы»  («Казахский супергерой») тақырыбында сурет салады.

2)    Суреттер alan-kids@mail.ru поштасына жіберілу керек. Баланың аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауыл, қала, облыс атауы, жетекшісінің аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Марапаттау: Байқауға қатысқан оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І орын алған оқушылардың  жұмысы журнал бетіне жарияланады. Бас жүлде алған оқушыға сыйлық беріледі.

 

 

Тіркелу парағы

 

Сынып, мектеп, ауыл, аудан, қала, облыс атауы

Жетекшісі: аты-жөні, байланыс телефоны

Оқушылардың аты-жөні

Байқаудың аты

  1.  

 

  1.  

 

  1.  

 

  1.  

 

 

Байқаудың өту мерзімі

 

Тіркелу мерзімі: 14.04.2024 ж. дейін

Байқау жұмыстарын жіберу: 31.04.2024 ж. дейін

Редколлегия мен комиссия мүшесінің байқау жұмыстарымен танысуы: 15.05.2024 ж. дейін

Байқау нәтижесін шығару: 24.05.2024 ж. дейін

 

  •  

Журналға жазылу үшін төлемді төмендегі QR код арқылы жасау керек.

Түбіртек пен тіркелу парағы alan-kids@mail.ru поштасына бірге жіберілуі  тиіс.

Қосымша сұрақтарды 87021000125 телефоны немесе WhatsApp арқылы білуге болады.