Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Дайджест новинок литературы за Январь-Февраль 2023 года

Айдарқызы А. Қазақша сөйлеген құрылғы / А. Айдарқызы
// Aiqyn. – 2023. – 24 қаңтар. – 1,8 б.

Яндекс компаниясы 2019 жылы "Алиса" дауысты көмекшінің қазақ, украин, белорус тілі"Тәтті алма" атты балаларға қазақ тілін ойын түрінде үйрететін жаңа сайт ашылды.

нде сөйлейтінін мәлімдеген. Арада 4 жыл өткенімен, нәтижесі хабарланбады. Осы аралықта қостанайлық қыздар София Синицина мен Әмина Ысқақова аталған құрылғының баламасын ойлап тапты.

Айдарқызы А. Вундеркиндті бесігінен таны / А. Айдарқызы
// Aiqyn. – 2023. – 26 қаңтар. – 8 б.  

Жақында 4 жасар математик Ислам Көпбай мен 190-нан астам елдің туын жатқа білетін Ерген Дүйсенбек көпті тәнті етті.

Аймағамбет А. IT - маман саны артады / А. Аймағамбет
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 19 қаңтар. – 13 б.

Еліміздегі 49 жекеменшік IT-мектепте Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мамандарды даярлау басталды. Бұл Президентіміз Қ.Тоқаевтың білікті IT-мамандарды даярлау бойынша тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр.

Айтжан Қ. Оқушылардың олжасы /Қ.Айтжан // Egemen Qazaqstan. - 2023. – 20 ақпан. – 16 б.  

Қарағандылық оқушылар Халықаралық Жәутіков олимпиадасында бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Рамазан Пердебай күміс жүлде иеленсе, осы мектептің оқушысы Әлішер Қазтаев пен №1 Білім және инновация лицейінің оқушысы Абзал Бекежан қола жүлдені жеңіп алды.

Асанәлі С. Топжарған үш ғалым /С.Асанәлі // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 31 қаңтар. – 1 б.  

Былтыр қараша айының бас кезінде Elsevier ғылыми баспасында Стэнфорд университетінің сарапшылары әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізімін жариялады. Осы рейтингте (World, s Top 2% Scientists) "Болашақ" бағдарламасының үш түлегі бар. Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рәтбай Мырзақұлов. "Болашақ" бағдарламасының екі түлегі Нұрлан Оразалин мен Сәрсенбек Монтаевтарды ерекше атап өтуге болады.

Асқарова Л. Байқаудың финалына өтті /Л.Асқарова // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 15 ақпан. – 16 б.

Nazarbayev University түлегі Аружан Ауданбекованың жобасы Базель бейбітшілік кеңсесі байқауының (PACEY) финалына өтті. Оның білім беру саласындағы бастамасы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына жасалған жағдайларды жақсартуға бағытталған.

Әлімақын Д. Гарвардтағы қазақ ғалымының жобасы / Д. Әлімақын
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 ақпан. – 6 б.

АҚШ-тағы Гарвард университетінің Географиялық талдау жасау орталығының (Harvard Center for Geographic Analysis) зерттеуші ғалымы, доктор Нұрлан Кенжеахметтің осы жылдың наурыз айынан бастап аталған орталықта "VI-XX ғасырлардағы Орталық Еуразияның топонимикалық Географиялық ақпараттық жүйесі (Toponymic GIS of Central Eurasia From The Sixth to Twentieth Centuries)" атты жобаны қолға алғалы жатқанын естідік.

Әлішева Н. Министрмен кездесті : 3 жасар балдырған әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа біледі /Н.Әлішева // Almaty aqshamy. – 2023. – 21 қаңтар. – 24 б.  

Астана қаласындағы мектептердің бірінде оқитын Ерген Дүйсенбек деген ерекше балақай ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевпен кездесті.

Әлішева Н. Есепті шемішкеше шағады : 4 жастағы Ислам Көпбайдың есте сақтауқабілетіерекше /Н.Әлішева // Almaty aqshamy. – 2023. – 21 қаңтар. – 24 б.  

4 жастағы Ислам Көпбай Шардара (Түркістан облысы) тұрғыны екен.

Әлішева Н. Арман алдамайды : Әсел Таласбаева - Нью-Йорктің көз дәрігері / Н.Әлішева// Almaty aqshamy. – 2023. – 7 ақпан. – 12 б.  

Алматымен іргелес жатқан Жетісу облысының Үштөбе қаласынан шыққан Әсел Таласбаева деген қаракөзіміз де бүгінде әйгілі Нью-Йоркте микрохирург болып абыройлы еңбек етіп жүр.

Битөре Ә. Бибісараның биігі /Ә.Битөре // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 қаңтар. – 20 б.

Алатау баурайында ұйымдастырылған шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан (рапидтен) күміс медаль олжаласа, Бибісара Асаубаева блиц түрінен қатарынан екінші рет әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды.

Ғажайып саяхат // Қазақ әдебиеті. – 2023. – 17 ақпан. – 16 б.

Жуырда "Мерей" баспасынан Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Қонаев атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Ералы Пазылбекұлының "Ералының ертегілері" атты шағын кітабы жарық көрді. Әдемі безендірілген кітапқа оның он ертегісі енген.

Ғылым және жоғары білім саласындағы іс-шаралар
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 қаңтар. – 2 б.  

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ғылым және жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Елшібай Ғ. Қымыз құятын құлтемір /Ғ.Елшібай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 26 қаңтар. – 16 б.

Төлеби ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансұлтан Төребек қымыз құятын робот құрастырды. Оған "Асылбек" деп ат қойыпты. Арнайы пластикалық картаны жақындатсаңыз сөйлей бастайды. Алдымен қымыздың шипалы қасиеті туралы қысқаша мағлұмат береді. Одан кейін ыдысқа шөлді басатын пайдалы сусын құяды.

Ержан Максим Македонияда өткен халықаралық байқауда гран-при иегері атанды // Turkistan. – 2023. – 13 қаңтар. – 8 б.

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Македония астанасы Скопье қаласында өткен WAF CONTEST халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

Жалғасбай Е. Асқабақтан экосабын жасаған оқушы / Е. Жалғасбай
// Aiqyn. – 2023. – 14 қаңтар. – 13 б.  

Креативті жобаны ойлап тапқан Айша Тұрмахан Қызылорда қаласы, Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы.

Жанасыл А. Үздік актер атанды /А.Жанасыл // Aiqyn. – 2023. – 2 ақпан. – 8 б.  

Мумбайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кинофестивалі аяқталды. "Үздік ер адам рөлі" санатында "Паралимпиадашы" фильмінде басты рөлді сомдаған отандық актер Асқар Ілиясов жеңіске жетті.

Жанасыл А. "Тәтті алма" тіл үйретеді /А.Жанасыл // Aiqyn. – 2023. – 2 ақпан. – 8 б.  

"Тәтті алма" атты балаларға қазақ тілін ойын түрінде үйрететін жаңа сайт ашылды.

Жанасыл А. Өнерімен мойындатты /А.Жанасыл // Aiqyn. – 2023. – 9 ақпан. – 8 б.

16 жастағы Данэлия Төлешова тағы да America` s Got Talent шоуына қатысып жатыр. Ол бұл жолы да ән айту мәнерімен АҚШ-ты мойындатты.

Жетпісбай М. Ел намысын Италияда қорғайды / М. Жетпісбай
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 ақпан. – 16 б.  

Қызылордадағы зияткерлік мектептің 11-сынып оқушысы Арайлым Қуандық "IESO 2023" халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңінде екінші орын иеленіп, әлемдік додаға жолдама алды.

Жолдыбай О. Желаяқ қыз алтын иеленді / О. Жолдыбай
// Almaty aqshamy. – 2023. – 4 ақпан. – 10 б.  

Қазақтың жеңіл атлет спортшысы Кристина Овчинникова Чехияда өткен Athletics Indoor World Tour - Silver ірі турнирінің жеңімпазы атанды.

Жолжан Г. Президент резиденциялары - балалар игілігіне / Г. Жолжан, Г. Шынтемірқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 9 ақпан. – 1,3 б.

Бас аймақтағы Президент резиденциялары балалар игілігіне берілмек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы "Президент үйлерін" мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырды. Ал ғимараттардың нақты қандай мақсатта қолданысқа берілетінін енді облыс әкімдіктері анықтап, жүзеге асырмақ.

Күмісбек М. Зияткерлердің шетелде кездесуі / М. Күмісбек
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 8 ақпан. – 10 б.  

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері Франкфурт қаласындағы ҚР-ның Бас консулдығында кездесті. Онда "Alumni NIS" қағидаттарына арналған "Otanyndy sui, Alemdi ozgert, Adal bol" жалынды сөзі басты ұранға айналды. Неміс жерінде білімін шындап жатқан жастар ұстаздармен емен-жарқын әңгімелесіп, елге алғысын жаудырды.

Күмісбек М. Google-дімойындатқан /М.Күмісбек // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 15 ақпан. – 13 б.  

Әлемге әйгілі Google компаниясында жұмыс істеу әрбір IT-маман үшін үлкен мәртебе. Дегенмен ол биікті бағындырған қазақ балалары жетерлік. Соның бірі - Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Ернияз Нұрғабылов. Жақында жас білімпаз оқушылармен кездесіп, ой бөлісті.

Қайратұлы Ф. "Жайлы мектептің" артықшылығы / Ф. Қайратұлы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 14 ақпан. – 1,9 б.  

Президент бастамасымен елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Оқушының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасайтын жоба аясында алдағы үш жылда 401 жаңа мектеп салынбақ. Мұндағы "Жайлы мектеп" қандай мектеп? Оның қазіргі қолданыстағы білім ордаларынан қандай айырмашылығы бар?.

Қайратұлы Ф. Бакудің бас жүлдесі - бізде! / Ф. Қайратұлы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 6 қаңтар. – 14 б.  

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен SAF-2022 роботтехника фестивалінде Қазақстан оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді. Сүйінші хабарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді.

Қапанұлы М. Компьютерлік ойын ойлап тапқан оқушы / М. Қапанұлы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 23 қаңтар. – 9 б.

Темірлан Мұстафин Екібастұзға қарасты Қоянды ауылының орта мектебін биыл бітірді. Болашақта IT саласының маманы болуды мақсат биігінде ұстаған өрелі бозбаланың бірі.

Қарқын К. Мектепте диплом беруге дайынбыз ба? / К. Қарқын
// Aiqyn. – 2023. – 19 қаңтар. – 5 б.

Білім саласында тағы да реформа. Енді 10-11-сынып оқушылары колледж дипломын мектепте алатын болды. Осылайша, небәрі 17-18 жастағы жасөспірім арнайы орта білім алып, еңбек нарығына ерте қадам баспақ. Оқу-ағарту министрлігі ұсынған жоба қаншалықты тиімді? Қос деңгейлі білім берудің бір қайнауы кем емес пе?.

Қарқын К. Грантпен оқығандар конкурссыз қабылданады / К. Қарқын
// Aiqyn. – 2023. – 21 қаңтар. – 3 б.  

Биылдан бастап мемлекеттік грантпен жоғары оқу орнын аяқтаған түлектер аудандардағы төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметке конкурстан өтпей қабылданады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты.

Қарқын К. SOZDIK.KZ-ке сұраныс артып келеді / К. Қарқын
// Aiqyn. – 2023. – 23 ақпан. – 5 б.

Өткен ғасырдың аяғында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі тағдырына ешкім сенбеді. Алматылық бағдарламашы Евгений Чуриков осыдан 23 жыл бұрын интернетте қазақ тілінің электронды сөздігін әзірледі. Бүгінде Sozdik.kz сайтына күніне 50 мыңнан астам адам кіреді.

Құлабай Н. "EWA" қазақша сөйлейді /Н.Құлабай // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 19 қаңтар. – 16 б.  

Сұраған нәрсеңді әп-сәтте біліп бере қоятын "Окей гугл", "Алиса" деген елгезек әрі ақылды құрылғылар бүгінде кімге де болса жақсы таныс. Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әмина Ысқақова мен София Синицина осындай сөйлейтін кеңесші жасап шығарып, оны "EWA" деп атапты. "EWA" қазақша сөйлейді.

Манап А. Тарихи финал Әбиба Әбужақынова алғаш рет Гран-при жеңімпазы, ҒалияТынбаева күміс жүлдегер атанды /А.Манап // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 30 қаңтар. – 1 б.  

Дзюдодан жылдың алғашқы бәсекесі қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылды. Португалияның Алмада қаласында дзюдодан өткен Гран-при сайысында алғаш рет екі қазақ қызы (48 кг) финалда күресті. Алтын үшін айқаста Ә.Әбужақынова тағы бір жерлесіміз Ғ.Тынбаеваны ұтты.

Мералы Н. 2023 жылы жоғары білім мен ғылым қалай дамиды: Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы / Н. Мералы
// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 10 қаңтар. – 4-5 б.

Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы ұйымдастырылып, ғылым және жоғары білім саласында 2022 жылы атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы жылға қойылған міндеттер талқыланды.  

Мұсылманқұл Т. Күміс жүлдегерге грант / Т. Мұсылманқұл
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 9 ақпан. – 16 б.  

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шорт-тректен командалық эстафетада күміс жүлде иеленген Малика Ермекке оқу орнының білім грантын тапсырды.

Мұсылманқұл Т. Оқушылар тапқан олжа /Т.Мұсылманқұл // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 8 ақпан. – 16 б.  

Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылының оқушылары елді мекен маңында ойнап жүріп, көне құмыра тауып алды. Археолог мамандардың айтуынша, қола әшекейлермен әдіптелген жәдігер IX-XII ғасырлардан жеткен жәдігер көрінеді.

Назарбек Н. 68 мың кітапты тауысқан жігіт / Н. Назарбек
// Aiqyn апта. – 2023. – 4 ақпан. – 7 б.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылында Мейірхан Топанбай есімді жігіт бар. 28 жастағы азамат ес біліп, әріп танығалы 68 мың кітапты оқып тауысқанын айтады. Ол осынау оқу-білімнің қызығына кіргеннің нәтижесінде 10 тілді меңгерген.

Робото техникаға құмар бала // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 7 ақпан. – 16 б.  

Шардара ауданындағы "Ұзын-Ата" жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Баймұханбет Диас сабақтан тыс уақытында робототехникамен айналысып, қиялындағы арманына сәйкес жаңа жобалар бойынша тынымсыз ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Нәтижесінде ол "Smart" домбыра, "Көмекші робот", "Пультпен басқаратын трактор" жасап шығарғанын жариялады, - деп хабарлайды Түркістан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа / әңг. Ә.Тілеужанқызы // Turkistan. – 2023. – 20 қаңтар. – 1,8 б.  

Қарағандылық Алуа Тебенова Румынияның Клуж-Напока қаласындағы Өнер және дизайн университетінің докторантура бөлімінде оқиды. Орта Азия елдерінің мәдениетін зерттеп жүрген ол Румынияның бірнеше қаласында жеке көрмесін өткізген. АҚШ, Франция, Германиядан тапсырыс көп алатын Алуа шетелдіктердің қазақ мәдениетіне қызығушылығы орасан екенін айтқан Алуамен әңгіме.

Сабырбайтегі Н. Алты жастағы алғыр /Н.Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 24 қаңтар. – 2 б.  

Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, ведомство жетекшісі Ғани Бейсембаевпен кездесті. Кездесуге ол өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.

Серікқызы Э. Ел болашағына арналған бағдарлама / Э. Серікқызы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 31 қаңтар. – 1 б.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы қолға алынып, келесі жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылады. Балалардың болашағына капитал жинау қоғамда үлкен серпіліс туғызып, отбасылардың ертеңге деген үмітін жақты деуге негіз бар.

Серікқызы Э. Ғалымдар марапатталды /Э.Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 7 ақпан. – 3 б.  

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік ғылыми стипендиялардың иегерлерін марапаттап, өткен жылғы республикалық конкурс нәтижесінде үздік атанған ғалымдарға дипломдар мен төсбелгілер тапсырды.

Серікқызы Э. Жәутіков жеңімпаздары /Э.Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 17 ақпан. – 16 б.  

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен XIX халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 20-дан астам елінен оқушылар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан оқушылары жүлде қорындағы 487 медальдің 66-сына, яғни 6 алтын, 20 күміс және 40 қолаға ие болды. Бұл медальдардің 14-і РФМ мектебі оқушыларының еншісіне тиді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен білім гранттары берілді.

Сүлеймен Ғ. Бибісара күміс алды /Ғ.Сүлеймен // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 10 қаңтар. – 16 б.  

Қазақтың 18 жастағы дарынды шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиан қаласында аяқталған The Belt and Road 2023 to World Chess Woman' s Summit турнирінде күміс медаль иеленді.

Сүлейменов П. Аттиланың үшінші бейнесін тапқан ғалым / П. Сүлейменов // Ana tili. – 2023. – 26 қаңтар – 1 ақпан. – 7 б.  

Қазақ тарихы әлемдік деңгейдегі ғалымдарға кенде емес. Солардың бірі - XX ғасырдағы қазақтың көрнекті танымал тарихшысы, ғалым, дүниежүзі тарихы және отан тарихы саласы бойынша білікті маман, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, Геттинген университетінің (Германия) құрметті профессоры Қалқаман Тұрсынұлы Жұмағұлов.

Тұмар А. Ержан ерледі /А.Тұмар // Aiqyn. – 2023. – 12 қаңтар. – 8 б.  

15 жастағы қазақстандық әнші Ержан Максим WAF CONTEST әлемдік байқауының Гран-приін жеңіп алды.

Тілегенұлы Н. Ғани Бектайұлы Бейсембаев - ҚР Оқу-ағарту министрі / Н. Тілегенұлы// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 10 қаңтар. – 1 б.  

ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қаңтар айының 4-інде ел Үкіметінің құрамындағы бес министрліктің жетекшілігіне жаңа тұлғалар, соның ішінде Оқу-ағарту министрі лауазымына осы бейіндік ведомство басшысының орынбасары Ғани Бектайұлы Бейсембаев тағайындалды.

Тілегенұлы Н. Жамбылдық жастармен жүздесу / Н. Тілегенұлы
// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 7 ақпан. – 1 б.  

ҚР Президенті Қ.Тоқаев өткен аптаның жұма күні Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Байзақ ауданының Көктал ауылдық орта мектебінің жұмысымен танысып, жергілікті ұстаздар қауымымен жүздесті. Жаңа әрі жайлы білім ордасында оқып жүрген шәкірттердің ізденістеріне табыс тіледі.

Тілегенұлы Н. Аймақ басшыларымен кездесу /Н.Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 31 қаңтар. – 2 б.

Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының әкімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірлерде білім беру сапасын арттыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту мәселелері талқыланды.

Тілегенұлы Н. Үш жылда үш мың кабинет /Н.Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 31 қаңтар. – 2 б.  

Елімізде робототехникадан іріктеу ойындарына 2000-нан астам оқушы қатысады. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Дүниежүзілік FIRST Robotics қозғалысы аясында іріктеу ойындары 21-29 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтеді. Жарыс Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен өтеді.

Тілеужанқызы Ә. TURKISTAN-ның Ресейдегі екі кейіпкері "ШАПАҒАТ" медалімен марапатталды /Ә.Тілеужанқызы // Turkistan. – 2023. – 6 қаңтар. – 1,4 б.

TURKISTAN халықаралық газеті 2020 жылдың наурыз айынан бері шетелде қазақ мәдениетін насихаттап жүрген қандастармен тығыз байланыс орнатып келеді. 2022 ж. 30 желтоқсан күні Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермек Көшербаев Мәскеудегі елшілік ғимаратында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығы бойынша Торғын Әшенова мен Гүлнар Төлешоваға "Шапағат" медалін табыс етті.  

Абдирахман У. История о Сыганаке / У. Абдирахман // Казахстанская правда. – 2022. – 9 февраля. – С. 11.  

Ученики Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления города Туркестана возрождают историю города Сыганака.

Более двух тысяч школьников примут участие в отборочном чемпионате по робототехнике // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 24 қаңтар. – С. 3.  

В Казахстане более двух тысяч школьников примут участие в отборочных матчах по робототехнике. Победители Национального этапа получат возможность защищать честь страны на международном чемпионате в американском городе Хьюстон.

Ворожейкин А. Форум DIGITAL ALMATY: Тотальная цифровизация / А. Ворожейкин // Аргументы и факты Казахстан. – 2023. – 8-14 февраля. – С. 9.  

В Алматы завершил работу международный форум цифровых технологий DIGITAL ALMATY. Площадкой для проведения мероприятия послужил Казахстанский центр делового сотрудничества "Атакент" .  

Жаксылыкова Г. О качестве научных исследований студентов / Г. Жаксылыкова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 10 қантар. – С.10.  

В вузе.

Жилкибекова А. Сочетание традиций и инноваций / А. Жилкибекова

// Мысль. – 2023. – № 1. – С. 63-66.  

Библиотека – это не только архив печати, книгохранилище, а многофункциональный, многоуровневый социально-культурный институт общества. Не исключение и 227 публичных библиотек Павлодарского Прииртышья, которые сегодня адаптируются к новому формату работы, модернизируясь в современные центры чтения, образования, просвещения, досуга.

Жумалиева З. Экологичную ТЭЦ сконструировали... школьники / З. Жумалиева // Литер. – 2023. – 28 января. – С. 12.  

На соревнованиях по робототехнике NURORDA First Championship команда Назарбаев интеллектуальной школы (г.Петропавловск), в которую входит 8 человек, учащихся 8-10 классов, представила проект по обеспечению жителей региона теплом .

Казахстанский ученый разработал уникальную методику // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 7 ақпан. – С. 10.  

Уникальную методику, не имеющую аналогов в Казахстане, разработал логопед-дефектолог высшей квалификационной категории Центра непрерывного и инклюзивного образования "Dana bala" ВКУ имени Сарсена Аманжолова Рауан Байчинов.

Кратенко А. В поиске новых идей / А. Кратенко // Казахстанская правда. – 2023. – 23 января. – С. 12.  

Школьница из Петропавловска Айсана Кусаинова вошла в число призеров международного молодежного конкурса научных и научно-фантастических работ "Горизонт-2100".

Кратенко А. Игры с роботами / А. Кратенко // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 31 қаңтар. – С. 11.  

Номинации Engineering skills удостоились ученики Назарбаев Интеллектуальной школы Петропавловска, участвуя в соревнованиях по робототехнике NURORDA FIRST Championship в Астане.

Лапо П. В фокусе внимания библиотек: цифровизация высшего образования, открытая наука и межбиблиотечное сотрудничество / П. Лапо
// Kitap patshalygy.qz. – 2022. – № 4. – С. 27-35.  

26-28 октября 2022 года в Назарбаев Университете прошла в гибридном формате XI Евразийская конференция академических библиотек (EALC-2022) "Открытый доступ к знаниям и библиотеки: достижения и тренды". Целью конференции были исследование возможностей и изучение опыта участия университетских (академических) библиотек в продвижении открытой науки и цифровизации образования, развития сотрудничества между вузовскими и национальными библиотеками на республиканском и региональных уровнях, прежде всего, в регионе Центральной Азии.

Лысенко О. Добрый гений и его "читай-ка" / О. Лысенко
// Литер. – 2023. – 26 января. – С. 7.  

Идея создания цифрового помощника принадлежит Илиану Гладышеву – десятикласснику из Алматы, которое поможет детям с особенностями мышления научиться читать и писать.  

Мелехова В. Интеллектуалам – право! / В. Мелехова
// Казахстанская правда. – 2023. – 9 января. – С. 12.  

Костанайский школьник, ученик 11 класса костанайской NIS (Ерболат Сембаев) получил авторское право на разработку обучающей программы по информатике. Он создал проект "Квест-система интерактивного обучения, QSOIL - Quest System of Interactive Learning". Она предназначена для обучения школьников предмету "Computer science" на английском языке.  

От исследований  к коммерциализации инноваций // Казахстанская правда. – 2023. – 13 февраля. – С. 8.  

Научно-технологическое развитие страны. При создании Парка инновационных технологий "Алатау", государственных технопарков в их структуре не предусматривалось такого важного сегмента, как университет. Беседа с ученым, доктором технических наук, академиком НАН РК Галымом Мутановым.

Патриотизм глазами школьников // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 24 қаңтар. – С. 9.  

В декабре во всех районах области (Павлодарская область) прошел первый тур конкурса, в ходе которого более 200 учащихся школ представили макеты достопримечательной страны, своего города или села.

Просто фантастика // Комсомольская правда Казахстан. – 2023. – 1-8 февраля. – С. 13.  

Эссе школьницы из Петропавловска (Северо-Казахстанская область) оценили на международном конкурсе. Айсана Кусаинова, ученица 10 класса Назарбаев Интеллектуальной школы Петропавловска, стала призером Международного молодежного конкурса научных, научно-практических и научно-фантастических работ "Горизонт-2100".

Сейдалиев Н. ЕНУ создает единую цифровую экосистему / Н. Сейдалиев // Литер. – 2023. – 26 января. – С. 7.  

Евразийский национальный университет имени Л.Гумилева внедрил 15 собственных цифровых сервисов. Новые технологические решения формируют единую экосистему "ЕНУ – Digital University" и направлены на цифровизацию научно-образовательного процесса, автоматизацию бизнес-процессов, развитию цифровых компетенций сотрудников и преподавателей.

Студенты из ВКО разработали технологию производства витаминизированной продукции // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 24 қаңтар. – С. 7.  

Студенты Восточно-Казахстанского университета им. С.Аманжолова разработали технологию производства витаминизированной продукции из растительного сырья для массового пользования.

Туенбаева К. Проблемы подготовки специалистов информационно-библиотечной сферы на современном этапе / К. Туенбаева

// Kitap patshalygy.qz. – 2022. – № 4. – С. 37-42.  

Впервые в Казахстане библиотечная деятельность рассматривается как наука и в КазНУ им. аль-Фараби внедрена трехуровневая система образования по специальности "Библиотечные информационные системы" – бакалавриат, магистратура, докторантура.  

Тургазиева К. Чистые инновации / К. Тургазиева // Вечерний Алматы. – 2023. – 17 января. – С. 3.  

Алматинские школьники отметили День детских изобретений. Недавно на базе общеобразовательной школы № 125 открылся кружок робототехники. Ребята изучают основы программирования, конструируют умные механизмы, призванные улучшать экологию.

Туркестанова Л. JasSpace – территория больших возможностей / Л. Туркестанова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 31 қаңтар. – С. 9.  

Проект компании Chevron JasSpace Lab успешно реализован в Атырау. Во Дворце школьников действуют 16 образовательных программ, которые атырауским школьникам доступны абсолютно бесплатно.

Школьник изготавливает тафтинговые ковры // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 24 қаңтар. – С. 9.  

Ученик 11 класса из школы-гимназии имени аль-Фараби из Караганды Алдияр Бакыт изготавливает тафтинговые ковры на продажу. Одна из его работ посвящена великому мыслителю и философу аль-Фараби.  

Школьница делает из тыквы маски для лица и мыло // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 10 қантар. – С. 9.  

Ученица 5 класса школы-лицея № 101 имени Али Муслимова Айша Турмахан заняла первое место в областном конкурсе исследовательских проектов "Зерде" среди учащихся 2-7 классов.