Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Дайджест новинок литературы за Сентябрь-Октябрь 2022 года

Анаш Д. Google компаниясы жұмысқа шақырды / Д. Анаш // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 16 қараша. – 13 б.

Әли Жүсіпов Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдады. Ол Google компаниясынан шақырту алып, биылғы қыркүйек айынан бастап Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді.

 

Ауыл мұғалімі үздік университеттің докторантурасына түсті
// Білімді ел = Образованная страна . – 2022. – 13 қыркүйек. – 2 б.

Алматы облысының Жібек Жолы ауылындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Маржан Ержан "Болашақ" бағдарламасымен АҚШ-тың докторантурасында оқитын болады. "Болашақ" стипендиаты Оңтүстік Калифорния университетінде білім саласындағы басқаруды зерттейді.

 

Әбілда Қ. Алан алған 15-ші жүлде / Қ. Әбілда // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 18 тамыз. – 16 б.

Үстел теннисінен зор үмітімізге балаған Алан Құрманғалиев бізді тағы да толайым табысымен қуантты. Жас спортшы Швецияның Хельсингборг қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 15 жасқа дейінгі теннисшілер арасында чемпион атанды.

 

Базар Ж. Халықаралық байқауда бас жүлде алды / Ж. Базар
// Egemen Qazaqstan. – 2022. – 8 тамыз. – 1 б.

Грузияда өткен Халықаралық байқауда қарағандылық 14 жасар Айбек Қасымханов домбыра мен дәстүрлі халық әндерін орындап бас жүлдені жеңіп алды.

 

 Барлық ғалым мен университет оқытушыларына арналған хат
// Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 2 тамыз. – 2-3 б.

 Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымындағы жаңа қызметіне байланысты Білім және ғылым министрі ретінде атқарған жұмысын қорытындылады. Министр есебі. 2019-2022 ж. ҚР Білім және ғылым министрі, 11.06.2022 ж. бастап ҚР Оқу-ағарту министрі.

 

Батырхан Т. Алашты асқақтатқан Айша / Т. Батырхан // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 14 қазан. – 32 б.

Қазақстандық Айша Сабыржанқызы Англияда өткен халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алды.

 

Бейсенұлы Б. Қазақ қызы ең үздік актриса атанды / Б. Бейсенұлы // Ana tili. – 2022. – 3-9 қараша. – 1 б.

"FIying Apsaras" сыйлығы - Қытайдың телеөнер саласындағы ең жоғары мемлекеттік марапаты. Айта кетейік, Риза Әлімжанқызы "Minning Town" телехикаясындағы рөлі үшін "Үздік актриса" атанды.

 

Есенжол А. Кітапсүйер кішкентайлар / А. Есенжол // Egemen Qazaqstan. - 2022. – 12 қазан. – 16 б.

Астана қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Балалар және жасөспірімдер кітапханасында "Оқитын ұлт" жобасы аясында "Ай сәулесімен кітап оқиық" атты қызыққа толы кітапхана түні өтті.

 

Жайлау У. Оқушылардың әлемдік рекорды / У. Жайлау // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 19 қазан. – 1,8 б.

Қазақстан оқушылары роботтехникадан Женевада өткен "First gIobaI chaIIege" әлемдік жарысында жеңіске жетті.

 

Жақсыбайқызы Е. Робот жасаудан рекорд орнатқан оқушылар / Е. Жақсыбайқызы // Turkistan. – 2022. – 3 қараша. – 1,6 б.

Жуырда Женевада өткен робототехника бойынша First GIobal ChaIIenge бүкіләлемдік жарысында еліміздің атынан сынға түскен Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жеңіспен оралды. 162 мемлекеттің оқушылары қатысқан білім сайысында жасөспірімдеріміз бәрінен оза шауып, балдық көрсеткіші бойынша қатарынан үш рет алдыңғы орынды бермей, рекорд орнатты.

 

Жанұзақ Б. Ауылдан шыққан әлем чемпионы / Б. Жанұзақ // Aiqyn. – 2022. – 2 қараша. – 8 б.

Ришат Галиахметов - ауылдан шыққан әлем чемпионы. Күні кеше ғана Үндістан елінің Нью-Дели қаласында кір көтеру спортынан өткен әлем чемпионатында 48 келі кір тасын 10 минутта 60 рет көтеріп, топ жарды.

 

75 мың бала колледжде оқуға грант алды // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 20 қыркүйек. – 2 б.

2022 жылы әлеуметтік осал санаттағы жетпіс бес мың бала колледжде оқуға грант алды. Былтырмен салыстырғанда жеңілдікпен оқуға түскендердің саны 25 мыңға артты. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

 

Жолдас А. Зүлфия чемпион атанды / А. Жолдас // Aiqyn. – 2022. – 11 қазан. – 8 б.

Зүлфия Чиншанло Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.

 

Жолжан Г. Meta - ның маманы - Ғалымжан / Г. Жолжан // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 15 қараша. – 12 б.

Алматылық жас IT маманы 22 жастағы Алматылық Ғалымжан Кенжетаев университетті бітіргеннен кейін Meta Amazon компанияларынан қалай ұсыныс алғанын айтып берді.

 

Жұмашбай Ә. Мектеп директорының біліктілігі маңызды/ Ә. Жұмашбай // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 14 қазан. – 13 б.

Оқу - ағарту министрі А. Аймағамбетов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Іссапар барысында мегаполистегі білім мекемелерінің жұмыстарымен танысып, ұстаздар қауымымен кездесті.

 

Жұмахан Н. Мектеп партасынан ғылым ортасына дейін / Н. Жұмахан
// Ұлан. – 2022. – 4 қазан. – 1,3 б.

Мектеп ғылымын дәріптеу, қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін арттыру, оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты және жауапты қарым-қатынасын дамыту мәселесі өзекті. Бұл жөнінде ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов бірнеше рет айтқан еді. Әлемге танымал Young Citizen Scientists деген жоба бар. Оқушылар мен жастардың ғылыммен айналысуына мүмкіндік береді. Бұл жоба біздің елімізде АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы, Chevron компаниясы және Бас Ботаника бағының қолдауымен жүзеге асты.

 

Қазақстандық оқушылардың кезекті жеңісі // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 16 тамыз. – 2 б.

Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) оқушыларымыз 2 күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бұл беделді олимпиадаға біздің 4 оқушы қатысты. Тоқсанға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды.

 

Қайратұлы Ф. Шетелдік білім: Жаңа мүмкіндіктер кезеңі / Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 16 қыркүйек. – 1,10 б.

Интернет, роботтандыру, технология белсенді дамыған дәуірде білім туралы дәстүрлі түсініктердің өзгеруі де заңдылық. Қазір дәстүрлі білімнің орнын EdTech шешімдер басып отыр. Ол қарқындылығымен және тез үйренуге деген талабымен ерекшеленетін қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне төзетін мамандарды даярлауға арналған.

 

Қарқын К. Қазақтың Моцарты атанған Нұрәлі / К. Қарқын // Aiqyn. – 2022. – 7 қазан. – 8 б.

Нұрәлі Бейсеқожа небәрі 9 жасында "Қазақстанның ең жас композиторы" атанып, 300-ден астам классикалық шығарманы өмірге әкелген.

 

Қарқын К. Carnegie HaII-да ән салған қазақ қызы / К. Қарқын
// Aiqyn. – 2022. – 5 тамыз. – 8 б.

Нью-Йорктегі атақты Carnegie HaII концерт залында қазақтың "Дудар-айын" шырқап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген әнші Гүлзар Ғабдрахман жайлы. Лондонда өткен "Альбион жұлдыздары-2019" Халықаралық өнер байқауының жеңімпазы ғана емес, Viva Music Carnegie HaII байқауына шақырту алған тұңғыш қазақстандық әнші.

 

Министрдің кезекті сұхбаты // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 2 тамыз. – 5 б.

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өткен аптада еліміздің бұқаралық ақпарат құралына берген жаңа сұхбатында балабақшаларға лицензия беру, "Қолайлы мектеп" жобасы мен оқушыларды кітап оқуға баулу туралы айтты. Министр мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының сапасын арттыруға кешенді түрде қарау керектігін атап өтті.

 

Мералы Н. Білім сапасы басты назарда / Н. Мералы // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 23 тамыз. – 6 б.

ҚР Оқу - ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бастамасы бойынша "Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім" тақырыбындағы биылғы республикалық тамыз конференциясының шеңберінде өткен салалық ведомство жетекшісі А. Аймағамбетовтің қатысуымен "Білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі" тақырыбында панельдік сессияның пленарлық отырысы ұйымдастырылды.

 

Министр елордадағы мектептерді аралады // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 16 тамыз. – 2 б.

ҚР Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.

 

Нұрбек С. Қазақстан - Түркия: Білім саласындағы байланыс / С. Нұрбек // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 12 қазан. – 5 б.

Осы аптада елімізге Түркия президенті Режеп Тайп Ердоған мемлекеттік сапармен келеді деп жоспарланғаны белгілі. Осы ретте түбі бір туысқан елімен арадағы серіктестік байланыстардың ішінде білім мен ғылым саласындағы қарым-қатынас маңызды орын алады.

 

Нұрмұхан А. BESPOKE-тің бабын Бақдәулет біледі / А. Нұрмұхан
// Aiqyn. – 2022. – 13 қыркүйек. – 8 б.

Бақдәулет Парсаханов - Bespoke технологиясымен ерлерге арналған костюм тігетін жас тігінші. 19 жастағы шебер мектеп бітірген соң университетте оқудан бас тартып, тігіншілікті кәсіп қылған.Тігіншілікті тек әйелдің ісіне телитін біздің қоғамдағы түрлі таптаурыннан тартынбай, сүйікті ісімен айналысып жүрген Бақдәулетпен әңгіме.

 

Сабырбайтегі Н. Ата - аналарға арналған тамыз конференциясы / Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 23 тамыз. – 4 б.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен "Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ортақ мақсаттағы үйлестіруімен еліміздің барлық аймағынан келген белсенді ата-аналарға арналған тамыз конференциясы ұйымдастырылды.

 

Сабырбайтегі Н. Балабақшадан университетке дейін сапалы білім / Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 8 қараша. – 2-3 б.

ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен өткен аптаның сейсенбі күні ұйымдастырылған ел Үкіметінің кезекті отырысында Білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Осы тақырып бойынша Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасаған болатын.

 

Сағадат Ж. Халықаралық олимпиадада олжа салды / Ж. Сағадат
// Egemen Qazaqstan. – 2022. – 19 тамыз. – 15 б.

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Мұхаммадариф Сахмолдин IOI-2022 халықаралық олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

 

Серікқызы Э. Білімдегі ықпалдастық / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2022. – 12 қазан. – 9 б.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен "Әлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара әрекеттестік" VI Орталық Азиялық халықаралық форумында сарапшылар сапа менеджменті, академиялық қауымдастық пен еңбек нарығының ықпалдастығын жетілдіруге бағытталған мәселелерді талқылады.

 

Сүлеймен Ғ. Тұңғыш : Әбиба Әбужақынованың жүлдесі - дзюдодан әлем чемпионатында қазақ қызы жеңіп алған алғашқы медаль / Ғ. Сүлеймен
// Egemen Qazaqstan. – 2022. – 10 қазан. – 1,14 б.

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты бел ортадан асты. Әзірге "Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп жатыр" деп айтуға барлық негіз бар. Жарыстың алғашқы күні қоржынымызға қос жүлде түсті. Оны аса жеңіл салмақтағы Ә.Әбужақынова мен Е.Сметов жеңіп алды.

 

Төлеу М. Ғалым таппай мақтанба... / М. Төлеу // Aiqyn. – 2022. – 16 қыркүйек. – 5 б.

Таяуда өткен Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек 2025 жылға дейін Қазақстанда ғалымдар мен зерттеушілер санын қазіргі 21,6 мыңнан 34 мыңға дейін жеткізуді өз алдына міндет қылып қойғанын айтты.

 

Тұрлығазы А. Жылдың басты премьерасы - "Роза Бағланова" мюзиклі. Алматыда Өнер фестивалі өтіп жатыр / А. Тұрлығазы // Almaty aqshamy. – 2022. – 29 қыркүйек. – 6 б.

 

Тілегенұлы Н. Мектеп оқулықтарын әзірлеу мен сараптаудың өзекті мәселелері / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 16 тамыз. – 5 б.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау орталығы "Қазақстандағы ұлттық басымдық: балалар және білім беру" білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы аясында "Білім беру ресурстары - білім беру сапасын арттыру құралы" тақырыбында панельдік секция ұйымдастырды.

 

Тілегенұлы Н. Білім берудің басым бағыттары белгіленді/ Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 23 тамыз. – 1, 2-3 б.

Елордада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановпенн ҚР Оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетов және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің қатысуымен "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбында отандық педагогтердің республикалық тамыз конференциясы ұйымдастырылды.

 

Тілегенұлы Н. Адами капитал – дамудың негізгі ресурсы / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 30 тамыз. – 2-3 б.

Елордадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" тақырыбында елімізде тұңғыш рет республикалық деңгейдегі ғылым және жоғары білім форумы ұйымдастырылды.

 

Тілегенұлы Н. "Үздік педагог - 2022" байқауына 2,6 мыңнан астам өтінім берілді / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна . – 2022. – 20 қыркүйек. – 1,13 б.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа жүгінсек "Үздік педагог-2022" байқауына қатысуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы аптада еліміздің әр өңірінен 2,6 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өз өтінімдерін жолдап үлгерді.

 

Тілегенұлы Н. Қазақстандық балалар Австриядағы көрмеде / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 27 қыркүйек. – 1,3 б.

Венада алғаш рет "One world. New generation" мәдени шаралар апталығы аясында қазақстандық оқушылар салған сурет көрмелерінің сериясы жарық көрді. Олар республикалық балалар суретінің "Жануарлар-менің достарым" және "Менің жасыл планетам" байқауларының жеңімпаздары. Қазақстанның Австриядағы Елшілігі мен бас демеуші "EduStream" білім беру орталығының қолдауымен 12 мен 17 жас аралығындағы 10 жас талант Еуропаның орталығына келді.

 

"Үздік педагог - 2022" байқауы басталды // Білімді ел = Образованная страна . – 2022. – 13 қыркүйек. – 2 б.

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде "Үздік педагог" байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған болатын. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.

 

Акопян Н. Читать подано! / Н.Акопян, Е.Ульянкина, Н.Денисова // Казахстанская правда. – 2022. – 6 октября. – С. 10. Книга интереснее смартфона: в стране стартовал республиканский книжный фестиваль KitapTime-2022. Продвижение статуса чтения и литературы в целом, повышая интеллектуальный потенциал и культурные ценности общества.

 

Бейсеналиева А. СтарТап, внимание, марш! / А.Бейсеналиева // Комсомольская правда Казахстан. – 2022. – 11 ноября. – С. 10. Карты заговорили в мобильном приложении учеников актюбинской NIS, признанных победителями конкурса научных проектов, который прошел в Алматы. Конкурс стартаперов собрал более 120 одаренных учащихся со всего Казахстана.

 

Вклад в науку // Вечерний Алматы. – 2022. – 18 октября. – С. 3. В Казахском Национальном аграрном исследовательском университете (КазНАИУ)открылась инновационная программа подготовки специалистов и предпринимателей в сфере производства и переработки продуктов питания, агробизнеса и сельско-хозяйственного предпринимательства.

 

Денисова Н. Умникам - гранты, деньги, возможности / Н.Денисова // Казахстанская правда. – 2022. – 9 ноября. – С. 11. В Кызылординском государственном университете им. Коркыт-ата прошел областной конкурс IT-проектов SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022 на тему "Будущее в наших руках". Около ста проектов - сайтов, ботов и игр - представили на суд жюри учащиеся IT-кружков, студенты, учителя.

 

Доброта Л. Учи язык с детства / Л.Доброта // Казахстанская правда. – 2022. – 21 октября. – С. 6. – Более 500 школьников страны подали заявки на участие в республиканском конкурсе "Мың жүйрік". Цель конкурса - продвижение казахского языка как языка межнационального общения. Конкурс "Мың жүйрік" проходил в онлайн-формате среди детей от 5 до 12 лет разных этносов. Единственное условие для участия - свободное владение государственным языком .

 

ЕНТ два раза // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 20 қыркүйек. – С. 4. По решению Министерства науки и высшего образования РК в 2023 году всем абитуриентам будет предоставлена возможность сдать основное ЕНТ два раза и принять участие в конкурсе для присуждения грантов с лучшим результатом.

 

Ергали А. Преподавание истории в странах Востока / А.Ергали // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 20 қыркүйек. – С. 15. В начале сентября во Владивостоке (Российская Федерация) состоялся Восточный экономический форум. В рамках форума проведена международная научно-практическая конференция "Преподавание истории в странах Востока". Участниками конференции были представители России, Китая, Казахстана, Вьетнама, Индии, Республики Корея, Монголии, Пакистана, Таиланда, Японии.

 

Жаким Ж. Любить нельзя воспитывать / Ж.Жаким // Литер. – 2022. – 22 октября. – С. 1. Свыше 1 300 казахстанских учителей, а также известные педагоги из Финляндии, Великобритании, Кореи, Эстонии, России, Сингапура, Нидерландов, Японии, США, Австралии, Португалии, Испании, Мальты, Болгарии собрались в Астане, чтобы обсудить проблемы современной педагогики: как обучать детей в быстро меняющемся мире и подготовить их к жизни в информационном обществе.

 

Зорина О. Детям света нужны учителя света / О.Зорина //Новое поколение. – 2022. – 10 ноября. – С. 1,3. В стране прошли Первые казахстанские педагогические чтения по гуманной педагогике, инициированные Caspian University, Международным центром гуманной педагогики, возглавляемые Шалвой Амонашвили и Казахстанским центром гуманной педагогики.

 

Лысенко О. Быть ботаником – круто! / О.Лысенко // Литер. – 2022. – 30 сентября. – С. 8. Увлеченность. Казахстанские школьники выбирают науку о растениях вместо гаджетов. К таким выводам пришли организаторы проекта Школы юных ученых, который стартовал в Алматы в марте. А вчера в Главном ботаническом саду Алматы прошла его заключительная часть, в ходе которой состоялось награждение самых активных участников.

 

Растегаева Т. Актауские школьники - победители "Roboland-2022" / Т.Растегаева // Литер. – 2022. – 12 ноября. – С. 8. Школьники из Актау, принявшие участие в международных соревнованиях "Roboland-2022" в Караганде, стали призерами.

 

Сайдембаева А. Зажечь искру любви детей к чтению / А.Сайдембаева // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 27 қыркүйек. – С. 13. Республиканская научно-педагогическая библиотека МП РК в рамках проекта "Читающая школа" разработала проект "Чтение на летних каникулах" и составила списки художественной литературы, рекомендуемые для прочтения с учетом возрастных групп учащихся и программ по литературе.

 

Серикбаева А. В новой реальности / А.Серикбаева // Казахстанская правда. – 2022. – 5 октября. – С. 1,7. В рамках прошедшего заседания Совета по сотрудничеству в области образования государств-участников СНГ был рассмотрено - разработка общего проекта соглашения о взаимном признании ученых степеней. Продолжением программы визита гостей из СНГ стало участие в (4 августа 2022 года) VII Cъезде учителей и работников образования государств-участников Содружества.

 

Соколова Е. Книжный день / Е.Соколова // Вечерний Алматы. – 2022. – 8 ноября. – С. 12. Фестиваль KitapFest очередной раз стал площадкой для книгоманов и тех, кто неравнодушен к развитию издательского дела в Казахстане. Нынешний фестиваль посвящен исключительно юным читателям и детской литературе, проводится он в рамках Года ребенка в Казахстане.

 

Сыздыков А. Игра мыслителей / А.Сыздыков // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 18 қазан. – С. 15. Проведена сетевая спартакиада по национальной игре тоғызқұмалақ среди учеников филиалов автономной организации образования "Назарбаев Интеллектуальные школы" (Жамбылская область).

 

Сыздыков А. Умная парковка и экокапсула / А.Сыздыков //Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 18 қазан. – С. 15. Проектами учащихся специализированной школы-лицея-интерната "Дарын" г.Караганды заинтересовались ученые и крупные бизнесмены страны. Девятиклассник Дастан Исмаилов с проектом "Умная парковка" занял второе место на международном конкурсе INFOMATRIX 2022. Умная парковка – это часть умного города. Система с использованием датчиков, табло для быстрого и удобного поиска свободных парковочных мест. Дарыновцы Нурасыл Толеубаев и Варвара Давыдова совместно с преподавателями Карагандинского университета им. Е.А. Букетова разработали проект Green capsule (экокапсула для растений). Это новое направление в переработке бумажного мусора.

 

Те М. Проекты будущего / М.Те // Казахстанская правда. – 2022. – 14 октября. – С. 16. Первый региональный фестиваль робототехники RoboFest порадовал большим числом учащихся, увлекающихся новым направлением в дополнительном образовании.

 

Устиненко Д. Живая книга в детских руках / Д.Устиненко //Казахстанская правда. – 2022. – 7 октября. – С. 9. Проблемы и задачи детского чтения решались на Международном конгрессе "Дети и книги в поликультурном мире" который проходит в Алматы в третий раз. Участники конгресса два дня работали в режиме online и offline, что позволило подключить большее количество спикеров - было заявлено 150 участников из 12-ти стран - Австрии, Азербайджана, Израиля, Италии, Казахстана, Китая, Кыргызстана, России, США, Узбекистана, Украины и Японии.

 

Центр педагогического мастерства – амбассадор Lesson Study в Казахстане // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 11 қазан. – С. 14. Центр педагогического мастерства АОО "Назарбаев Интеллектуальные школы" является членом экспертного совета WALS (Всемирной ассоциации исследования урока) и в восьмой раз принимает участие в ежегодных международных конференциях ассоциации. Конференция 2022 года проходила в г. Куала-Лумпур (Малайзия) 20-22 октября.

 

Шер Р. Движение возможностей / Р.Шер // Білімді ел = Образованная страна. – 2022. – 5 қазан. – С. 6. Вовлечение школьников и студентов колледжей в национальные культурно-образовательные проекты "Дебатное движение" и "Школьное/студенческое самоуправление". Формирование социально-активной, инициативной творческой личности, развитие склонностей и индивидуальностей кажого школьника.