Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Дайджест новинок литературы за Июль, Август, Сентябрь 2023 года

Атажан Д. Олимпиада квотасын жеңіп алды / Д. Атажан // Almaty aqshamy. – 2023. – 2 қараша. – 12 б.
Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілі Арина Алтухова Парижде (Франция) өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензияны ұтып алды.

"Багги" көлігін құрастырды // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 маусым. – 2 б.
Ұлытау ауданы оқушылар үйінің "Бастапқы техникалық модельдеу" үйірмесінің жетекшісі Қазбек Мұқанов оқушыларымен бірге "Багги" деп аталатын спорттық автокөлік құрастырды.

Байтекенова С. Грант жеңіп алды / С. Байтекенова // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 23 тамыз. –7 б.
Қарақат Сералықызы АҚШ-тың әйгілі жоғары оқу орындарының бірі - Миссисипи алқабы әйгілі университетінің оқу грантына ие болды. Енді ол оқуын шетелде жалғастырады.

Баламалы энергияға айналдырады // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 маусым. – 2 б.
Абай облысына қарасты Аягөз ауданындағы Шынқожа батыр атындағы орта мектеп педагогтері баламалы энергетиканың ерекше көзін ойлап тапты. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген Ә.Нүкібаева, Л.Қожаева, Э.Тұрапова, А.Дәулетов және Қ.Рахметолланың идеялары ауыл тұрмысы үшін өте маңызды.

Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады // Ana tili. – 2023. – 17 тамыз. – 3 б.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

Бауыржанқызы А. QALAN: кіл жүйрікте кім жүйрік? / А. Бауыржанқызы // Aiqyn. – 2023. – 7 қараша. – 8 б.
Таяуда оңтүстік астанада математика саласы бойынша бастауыш және орта сынып оқушылары арасында кіл мықтылар анықталды. Жаз айларында бастау алған Qalan республикалық олимпиадасында еліміздің түкпір-түкпірінен 30 мыңнан аса оқушы бақ сынады. Кезеңдер барысында үздік деп іріктеліп алынған балалар Алматы қаласында бас қосты. Олимпиада 4 кезеңнен тұрады. Оның алғашқы 3 кезеңі қашықтан өткізілген.

Бауыржанқызы А. Жас өнертапқыштар жарап тұр / А. Бауыржанқызы
// Aiqyn апта. – 2023. – 19 тамыз. – 13 б.
Ерекше жобалары арқылы көзге түскен дарынды алматылық мектеп оқушыларымен тілдесу.

Битөре Ә. Жәнібек екінші белбеуді еншіледі / Ә. Битөре // Egemen Qazagstan. – 2023. – 16 қазан. – 1,14 б.
Кәсіпқой бокстың орта салмағында жаңа шоқжұлдызға айналып келе жатқан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кеше күллі қазақ жұртын қуантып, тағы бір маңызды жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ғалым Қ. Цукербергті жолда қалдырар... / Қ. Ғалым // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 17 тамыз. – 8 б.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріліп жатыр. Қарағандылық өрендердің дені алған қаражаттарын сауда-саттыққа, шаруашылыққа, жеңіл өнеркәсіпке, басқа да кәсіптерге бағыттаса, қарқаралылық 22 жастағы Әділ Мүси IT саласына қолданып отыр.

Грант иегерлерінің тізімі жарияланады // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 маусым. – 3 б.
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мың ретке жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Жақайым Ш. Негізгі міндет – балалардың құқығы мен қауіпсіздігі / Ш. Жақайым // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 17 қазан. – 3 б.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың төрағалығымен, ведомствоның кезекті аппараттық отырысы ұйымдастырылып, күн тәртібінде білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және педагогтерді аттестациялаудан өткізу рәсімін жетілдіру бойынша маңызды мәселелер талқыға салынды.

182 қазақстандық "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 маусым. – 3 б.
49 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді.

Жүнісхан А. Болашаққа бағытталған басқосу / А. Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 28 тамыз. – 1,4 б.
Биыл дәстүрлі Тамыз кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында өткен кеңесте 20 аймақ бір уақытта білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Алқалы жиынға Премьер-министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев, Астана қаласының әкімі Ж.Қасымбек қатысты.

Жүнісхан А. Жасанды интеллект – фантастика емес, ақиқат / А. Жүнісхан, Е. Төңкер // Egemen Qazagstan. – 2023. – 13 қазан. – 1,2-3 б. Елордада Dіgital Bridge 2023 халықаралық форумы өтті.

Жүнісхан А. Үздік университетте оқиды / А. Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 12 шілде. – 12 б.
Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Анна Лазарева Shanghai Jiao Tong University-ге (SJTU) Инженерлік кластер бағдарламасы бойынша оқуға түсті. SJTU – Қытайдағы ең көне әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі, сондай-ақ елдегі үздік бес және әлемдегі ТОП-100 университетінің қатарында.

Жүнісхан А. Шәкіртақы өседі / А. Жүнісхан // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 21 тамыз. – 7 б.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік шәкіртақы өседі.

Зейнуллина Г. Алтын тапқан балалар / Г. Зейнуллина // Ұлан. – 2023. – 7 қараша. – 1,3 б.
Алматы облысының Кеген ауданына қарайтын Жалаулы ауылының оқушылары ғылым әлеміне "Жалаулы көмбесі" атымен енген көне алтын әшекейлер көмбесін тапқан еді.

Исабек Ұ. Өңірде 9 мектеп ашылды / Ұ. Исабек // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 2 қыркүйек. – 10 б.
Алматы облысында 456 мектепте қоңырау соғылып, 340 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Соның ішінде 39 мың балдырған мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр.

Көшербайұлы Ж. Шетелде оқитын түлектер / Ж. Көшербайұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 21 тамыз. – 12 б.
Шетелдегі танымал оқу орындарына оқуға шақырту алған атыраулық шәкірттер аз емес. Мәселен, биыл мектеп бітірген 18 өренге АҚШ, Германия, Канада, Италия, Мажарстан, Түркия, Чехия, Эстония секілді елдердің таңдаулы университеттері қызығушылық танытты.

Қайратұлы Ф. Негізгі ҰБТ нәтижесі / Ф. Қайратұлы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 11 шілде. – 7 б.
5 шілдеде негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. ҰБТ электронды форматта 43 тестілеу орталығында өтті. Биыл сынақты тапсыруға екі мүмкіндік беріліп, талапкер ең жақсы нәтижесін грант конкурсына жолдай алды.

Қайратұлы Ф. Олимпиада жеңімпаздарына құрмет / Ф. Қайратұлы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 1 қараша. – 10 б.
Жыл басынан бері 23 озат оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды. Олардың қатарында IMO, IPhO, IChO, IBO, IGeO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев олимпиада жеңімпаздарымен және жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті.

Қапанұлы М. Ұлтты ұйыстырудың өзегі – мемлекеттік тіл / М. Қапанұлы // Egemen Gazagstan. – 2023. – 6 қазан. – 7 б.
Павлодар қаласында мемлекеттік тілді еркін меңгерген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен "Ұлы Дала ұлтаралық тілі" атты республикалық форум өтті.

Қосанов С. Жаңа білім беру жобасы – ұлттық жаңарудың бастауы / С. Қосанов // Turkistan. – 2023. – 27 қазан. – 1,7 б.
2023 жылғы 29 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пен Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек өз мекемелерінің сайттарында "Баршаға қолжетімді білім сапасы" ұлттық баяндама жобасын жариялады.

ҚР Президенті: "Білім сапасы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажет!"// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 3 қазан. – 1 б.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйек айының 1-інде барша отандастарымызға арнаған "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты кезекті Жолдауында айтылған еліміздегі білім мен ғылымды дамытуға байланысты ұсынған басым бағыттарын ұлт педагогтерінің съезіне орай тағы бір еске алудың символдық мәні бар. Сондықтан республика мұғалімдерінің алқалы басқосуына орайластырылған арнайы шығарылымда осы сала бойынша алда тұрған мақсат пен міндеттерді сараласақ.

Мерген қыздардың жеңісі // Aiqyn. – 2023. – 29 тамыз. – 8 б.
Әзербайжан астанасында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында қазақстандық – Зуһра Ирназарова мен Александра Садуакасова бас жүлдені сарапқа салды.

Мәди А. Алматылық оқушылар Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді / А. Мәди // Almaty aqshamy. – 2023. – 12 қыркүйек. – 1,7 б.
"Тоғызқұмалақ" күніне орай 2000-нан астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді.

Мұсылманқұл Т. Жетістік алға жетелейді / Т. Мұсылманқұл // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 30 тамыз. – 7 б.
Жамбылдық жеткіншектер халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 343 медаль жеңіп алды. Сондай-ақ республикалық ғылыми жобалар жарысында өңір командасы он төртінші жыл қатарынан "Ең үздік команда" атанды.

Нұрданбекұлы Қ. "Ер Тоқтар" оқырманға жол тартты / Қ. Нұрданбекұлы // Egemen Gazagstan. – 2023. – 3 қазан. – 16 б.
Белгілі журналист Талғат Сүйінбайдың ғарышкер Т.Әубәкіровтың өмірінен сыр шертетін "Ер Тоқтар" атты кітабы жарық көрді.

Октябрь А. Жасанды интеллект жетістіктері / А. Октябрь // Egemen Qazagstan. – 2023. – 16 қазан. – 13 б.
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Беларусьтің Plan B және FARBA галереяларымен бірлесіп "Жасанды интеллект: суретші немесе машина?" атты көрме есік ашты. Заманауи инновациялық көрме жаңа мүмкіндіктер дәуірінің озық жемісі дерсіз

Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
// Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 27 маусым. – 2 б.
Мемлекет басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Сабырбайтегі Н. Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды / Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 22 тамыз. – 1 б.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында Prometheus school білім беру ұйымын аралап көрді. Осы білім ордасындағы жүздесу аясында Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев Мемлекет басшысына жаңа оқу жылына республика бойынша дайындық жұмыстарының барысын баяндап берді.

Сабырбайтегі Н. Сауатты ұрпақ – ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады / Н. Сабырбайтегі // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 29 тамыз. – 2 б.
Елордада "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен отандық білім беру қызметкерлерінің екі күнге созылған дәстүрлі республикалық тамыз кеңесі ұйымдастырылды.

Сембаева Г. Қазақстан шахматшылары Батыс Азия чемпионатында 18 медаль алды / Г. Сембаева// Almaty aqshamy. – 2023. – 6 шілде. – 10 б.
Ыстықкөл жағалауында 6-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Батыс Азия чемпионаты өтуде. Шахматшыларымыз барлық санат бойынша 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан қоржынында 14 санатта барлығы 18 медаль бар. Осылайша ҚР командасы жалпы есепте 1-орын иеленді.

Серікқызы Э. Жас ғалымдар диалогі / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 2 қараша. – 16 б.
Алматыда "Жас ғалымдар диалогі: Science TaIks" III халықаралық форумы өтті. Оны Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұйымдастырды. Екі күнгі іс-шара аясында ғылымның түйткілді мәселелері айтылып, Америка, Жапония, Ұлыбритания, Польша, Қытай, Түркия, Ресей, Аустралия сияқты әлемнің 20-ға жуық елінен келген ғалымдар тәжірибелерімен бөлісті.

Серікқызы Э. Кванттық технология білгірі / Э. Серікқызы // Egemen Gazagstan. – 2023. – 5 қазан. – 1,11 б.
Жас ғалым Мұхит Құлмағанбетов көз аурулары диагностикасын кванттых технология әдісімен жүргізуді қолға алып жатыр.

Серікқызы Э. Польшадан жүлделі оралды / Э. Серікқызы // Egemen Qazaqstan. – 2023. – 23 тамыз. – 12 б.
Польшада өткен оқушылар арасындағы 16-халықаралық олимпиададан алматылық өрендер жүлдемен оралды.

Тазы жетектеген тарлан // Aiqyn. – 2023. – 7 қараша. – 1 б.
Президент Қ.Тоқаев талантымен әлемді мойындатқан әнші ұлымыз Димаш Құдайбергенге тазы күшігін тарту етті. Әнші бұл қуанышы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тілегенұлы Н. Жаңа дағдыларға мектептен бастап баулу қажет / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 17 қазан. – 1 б.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев, Digital Bridge 2023 халықаралық форумына қатысып, сөз сөйлеген сәтінде бұл алқалы басқосудың кейінгі 5 жылда IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаңға айналғанын айрықша атап айтты. Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, биылғы жүздесуге 20 000-нан астам адам жиналған, олардың қатарында 300-ден астам IT компанияның өкілдері және 30 елден келген делегация бар.

Тілегенұлы Н. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту – басты назарда / Н. Тілегенұлы // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 17 қазан. – 2 б.
ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайыловтың төрағалығымен ұйымдастырылған Үкіметтің кезекті отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Тілеужанқызы Ә. Корольдік балет мектебіне оқуға түскен тұңғыш қазақ баласы / Ә. Тілеужанқызы // Turkistan. – 2023. –1 қыркүйек. – 1,8 б.
Қарағандыда туып-өскен Санжар Нұрбеков – атағы жер жарған Лондондағы Корольдік балет мектебіне (The Royal Ballet School) оқуға түскен тұңғыш қазақ.

Төлеушин Қ. IT секторды дамыту жоспары / Қ. Төлеушин // Egemen Qazagstan. – 2023. – 12 қазан. – 8 б.
Қазақстандағы IT секторы және IT компаниялар туралы.

Төңкер Е. Бәсі биік фандомат / Е. Төңкер // Egemen Gazagstan. – 2023. – 6 қазан. – 14 б.
Қолданылған пластикалық бөтелке мен банкілерді қабылдайтын, өңдейтін және қабылданған бөтелкелерге ақша төлейтін фандомат құрылғысы туралы.

Тұмар А. Елена елді қуантты / А. Тұмар // Aiqyn. – 2023. – 11 шілде. – 1,8 б.
Ұлыбитанияда өтіп жатқан теннистен Уимблдон-2023 турнирінің үшінші айналымында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңіске жетті.

Үздік сәулет құрылыстарының макеті // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 22 тамыз. – 20 б.
Келес ауданының тумасы 14 жасар Шахимардан Жақсылықұлы қолөнердің ерекше түрін жанына серік еткен. Ағаштан ою ойып, түрлі кәдесыйлар жасайтын талантты бала 9 сыныпқа көшті.

364 мың бала 1-сыныпқа барады // Ana tili. – 2023. – 17 тамыз. – 2 б.
Премьер министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады.

Халықаралық олимпиададан төрт медаль // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 1 тамыз. – 2 б.
Қазақстандық оқушылар 55-ші халықаралық химия олимпиадасында 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Интеллектуалдық жарыста әлемнің 88 мемлекетінен 350-ден астам оқушысы қатысты. Олимпиада шілде айының 16-25 күндері аралығында Швейцарияның Цюрих қаласында өтті.

Халықаралық олимпиадалардың 228 медалі // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 15 тамыз. – 2 б.
Жыл басынан бері қазақстандық мектеп оқушылары 228 медаль жеңіп алды, оның ішінде 23-і алтын, 71-і күміс және 134 қола медаль. Жыл соңына дейін тағы бес халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарлануда.

Чемпионға пәтер сыйлады // Aiqyn апта. – 2022. – 2 қыркүйек. – 16 б.
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев дзюдо бойынша батыстан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Нұрлан Исатаевты қабылдап 1 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Оның жасы бар болғаны 16-да.

Шотбайқызы А. Оқушылар тегін тамақтанады / А. Шотбайқызы
// Egemen Qazaqstan. – 2023. – 2 қараша. – 15 б.
Биылдан бастап алғаш рет 1 млн 600 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтылды. Оның ішінде 1 млн 400 мыңнан астамы - бастауыш сыныптың оқушылары, 220 мыңы - 5-11 сыныптарда оқитын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын білім алушылар.

Волкова И. Универсалы будущего / И. Волкова // Литер. – 2023. – 29 июля. – С. 3.
Новшества для всех 119 высших учебных заведений страны: для будущих абитуриентов инициатива по дифференцированию образовательных грантов, призванная обеспечить стопроцентным охватом образования всех желающих поступить именно в вуз; подготовка кадров новой формации, создание на базе университетов региональных хабов, где будут заниматься инновационными проектами и стартапами; развитие цифровой архитектуры вузов; платформа Coursera – где преподаватели имеют возможность масштабировать свой опыт на международном рынке.

Володин П. Властелин колёс / П. Володин // Комсомольская правда Казахстан. – 2023. – 19-29июля. – С. 3.
Умную сумку для переноски книг с дистанционным управлением изобрел школьник из Туркестана (ученик школы "Төрткүл" Айтуар Советбек).

Глушаева Н. Сверху виднее: Первый в своем роде наноспутник создала алматинская школьница / Н. Глушаева // Вечерний Алматы. – 2023. – 26 августа. – С. 1,3.
Шолпан Амангелды спроектировала и создала низкоорбитальный спутник, который может прогнозировать землетрясения.

Джапарова Р. Увлекательно в мир новых знаний / Р. Джапарова
// Литер. – 2023. – 12 сентября. – С. 8.
В Астане прошел PRO.NRG FEST – фестиваль науки, искусства и технологий для детей и взрослых. Это масштабное научно-популярное событие, которое проводится в формате познавательного семейного уикенда.

Евдокимова А.П. Современные интерактивные методы обучения для организации эффективного урока / А.П. Евдокимова, Е.Ю. Горбачева
// Ашық сабақ. Факультативті сабақтар = Открытый урок. Факультативные работы. – 2023. – № 5-6. – С. 21-22 .

Жусупбекова К. Наука как образ жизни / К. Жусупбекова
// Казахстанская правда. – 2023. – 12 сентября. – С. 10.
В Евразийском национальном университете, получившем в сентябре 2022 года статус исследовательского, уделяется большое вниание развитию науки.

Затолокина Н.А. Литературный квест "Волшебная страна сказок" / Н.А. Затолокина // Внеклассная работа в школе. – 2023. – № 7. – С. 9-11.
Создание условий для развития познавательного и читательского интереса к сказкам посредством квест-игры. Пятый класс.

Ибраева Н.Б. Использование ИКТ для развития ключевых компетенций учащихся на уроках истории / Н.Б. Ибраева // Қазақстан мектебіндегі директор = Директор казахстанской школы. - 2023. - № 2. - С. 34-38.
Компьютерные технологии: презентации; флипчарты.

Идрисова С. Ученик в роли исследователя / С. Идрисова // Білімді ел = Образованная страна. – 2023. – 29 тамыз. – С. 12.
На уроке химии.

Исаков Р. Первый этап пройден / Р. Исаков // Казахстанская правда. – 2023. – 14 июля. – С. 5.
Опубликован список работ, прошедших в этом году предварительный отбор по итогам заседания Комиссии по присуждению государственных премий Республики Казахстан в области науки и техники имени аль-Фараби и гуманитарных наук имени А.Байтурсынулы.

Кадралина Г.С. Контекст функциональной грамотности / Г.С. Кадралина // Биология және салауаттылық негізі. – 2023. – № 4. – С. 25-27.
Статья учителя биологии Г.С. Кадралиной, г.Хромтау, Хромтауская средняя школа.

Караев Ж.А. Теоретико-методологические основы развития среднего образования / Ж.А. Караев, А.И. Чокушева, Ж.У. Кобдикова // Білім = Образование. – 2023. – № 1. – С. 32-39.

Кожбанова Г.С. Формирование навыков чтения учащихся при работе с текстом / Г.С. Кожбанова // Педагогика мәселелері = Вопросы педагогики. – 2023. – № 2-3. – С. 35-43.
Авторская программа по русскому языку и литературе учащимся 7 классов.

Мамедова Ш.Р. Дебаты: "Что лучше: смотреть фильмы или читать книги?" / Ш.Р. Мамедова // Классный час. – 2023. – № 3. – С. 13-14.
Классный час.

Опыт повышения качества обучения естественно-математической грамотности с помощью элементов STEM-образования / М. С. Машира [и др.] // Педагог. – 2023. – № 3. – С. 32-35.
В гимназии № 2 города Рудного, Костанайской области.

Портнягина Н. Быть в зоне доступа / Н. Портнягина // Казахстанская правда. – 2023. – 17 июля. – С. 5.
Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК Багдат Мусин принял участие в открытии регионального IT-хаба, ознакомился с лучшими разработками уральских школьников (гибридные ткани для сбора и хранения энергии, вырабатываемой при движении человека, для устойчивого питания носимой электроники; инновации в системе жизнеобеспечения экипажа космического корабля; смарт-устройство, которое работает в качестве индивидуальной системы сурдоперевода, преобразуя язык жестов в текст и аудиопоток.

Схема занятия по глинотерапии, чтобы развивать у детей эмоциональный интеллект // Білім беру ұйымының әдіскері = Методист организации образования. – 2023. – № 8. – С. 77-80.

Хомс Н. Законы рынка для детей / Н. Хомс // Казахстанская правда. – 2023. – 7 августа. – С. 3.
Юные предприниматели Астаны успешно реализовывают свою продукцию на ярмарках. Ярмарки проходят в рамках проекта "Фабрика.Дети", где подростков обучают предпринимательству на курсах и в летнем лагере.