Басты бет - РЕСПУБЛИКАНСКАЯ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ БИБЛИОТЕКА
Қанипа
Бітібаева
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы

Басты бет

       Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева - есімі алтын әріппен жазылатын ұлы ұстаз. Мен үшін  Қанипа Омарғалиқызы - жалпы қазақ ұстазының эталоны, символы. Хан апаның: «Егер де маған хан тағын ұсынған болса, мен оған ешқашан ұстаздық жолымды айырбастамас едім»,-деген бір ғана ауыз сөзі ұстазға деген құрметім мен сүйіспеншілігімді арттырған еді. Осы сөзі арқылы шәкірттеріне деген жүрегінің адалдығын білдірген еді.
       Ұстаз қандай болу керек? Бұл сұрақтың жауабын Хан апамыздың ұстаздық болмысы мен еңбек жолынан табамыз. Ұлы ұстаздың еткен еңбегі өлшеусіз, бір ғана бүкіл он бес одақтас республиканың ішінде тек қана бес мұғалім Мемлекеттік сыйлықтың иегері болса, соның бірі – біздің мақтанышымыз Қанипа Омаралиқызы болатын. Елімізде бұл марапатқа ие болған алғашқы ұстаз еді.
       Тың тәжірибе, озық технология, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жасаған әдіскер-ұстаздың педагогикалық мұрасы - ұстаздар қауымының бағдаршамы. Қанипа Омарғалиқызының өр бейнесі ұстаздыққа адал әрбір жанның жүрегінде қалғандығына сенімдімін.

Бейсембаев Ғани Бектайұлы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі