Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

«Қазақстан Республикасының білім министрлері» атты қазақ тіліндегі және «Министры образования Республики Казахстан» атты орыс тіліндегі биобиблиографиялық 2 көрсеткіш құрастырып шығарды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Қазақстан Республикасының білім министрлері» атты қазақ тіліндегі және «Министры образования Республики Казахстан» атты орыс тіліндегі биобиблиографиялық 2 көрсеткіш құрастырып шығарды.

Бұл биобиблиографиялық көрсеткіштерде республика халық ағарту саласында 1920 жылдан (А.Байтұрсынов – Халық ағарту комиссары) - 2019 жылға дейін (А.Қ.Аймағамбетов – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі) қызмет еткен халық ағарту комиссарлары мен білім министрлерінің өмірі мен қызметі туралы толық өмірбаяндық деректер берілген.

Репрессия жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, социализм дәуірінде және тәуелсіздік жылдары министрлік атауы бірнеше рет өзгертілгендігі де ескеріле отырып, білім саласын басқарған қайраткерлердің өмірі мен қызметі туралы деректер мейлінше толығымен қамтылған. Өмірбаяндық деректер кітаптар, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар негізінде жасалған.

Әр қайраткердің өмірбаянынан кейін қайраткерлердің өз еңбектері, мақалалары, сөздері және олар туралы жазылған кітаптар, зерттеушілердің еңбектері, газет-журнал беттерінде жарық көрген мақалалар тізімі берілген. Еңбектер, мақалалар тізімі алфавит бойынша орналасқан.

Көрсеткішті құрастырушы библиографтар Иманбекова К.Ж. және Оразбекова М.К., жауапты редактор – кітапхана директоры Насырова А.А.

Көрсеткіш ғалымдарға, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, оқушыларға, ағарту саласы кітапханаларының қызметкерлеріне және білім тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

«Қазақстан Республикасының білім министрлері» атты қазақ тіліндегі және «Министры образования Республики Казахстан» атты орыс тіліндегі биобиблиографиялық 2 көрсеткіш құрастырып шығарды () Изображение №2«Қазақстан Республикасының білім министрлері» атты қазақ тіліндегі және «Министры образования Республики Казахстан» атты орыс тіліндегі биобиблиографиялық 2 көрсеткіш құрастырып шығарды () Изображение №3«Қазақстан Республикасының білім министрлері» атты қазақ тіліндегі және «Министры образования Республики Казахстан» атты орыс тіліндегі биобиблиографиялық 2 көрсеткіш құрастырып шығарды () Изображение №1