Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 135 жыл (12.05.1879 - 20.04.1938 ж.ж.) толуына арналған «САХАРАНЫ ТҮРКІСІБПЕН ТҮЛЕТКЕН, АҒА ЕСІМІН ТУҒАН ЕЛІ ТУ ЕТКЕН» атты еске алу кешін өткізді

2014 жылдың 24-ші қазанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, педагог, тарихшы-ғалым, өлкетанушы, қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері саяси қуғын-сүргін құрбаны Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына 135 жыл (12.05.1879 - 20.04.1938 ж.ж.) толуына арналған «САХАРАНЫ ТҮРКІСІБПЕН ТҮЛЕТКЕН, АҒА ЕСІМІН ТУҒАН ЕЛІ ТУ ЕТКЕН» атты еске алу кешін өткізді.

Кештің жүргізушісі осы кітапхананың қызметкері Оразова Әлия.

Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Иманбекова Клара жасады.

Кешке шақырылған қонақтар:

1.Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PHD докторонтура институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы

2. Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы - Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихнама деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы

3. Нұршәкен Жүнісқызы - Мұхамеджан Тынышбаев туралы құжаттарды зерттеп табуға ат салысып жүрген Мұхамеджан Тынышбаевтың жиен қарындасы

4. Шейх-Әли Асқар Дәулетұлы - Мұхамеджан Тынышбаевтың немересі, физика-математика ғылымдарының докторы

 

Кешке шақырылған қонақтар Мұхамеджан Тынышбаевтың өмірі, еңбегі, қайраткерлігі туралы өз ойларын ортаға салады.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана осы кешке арнап Мұхамеджан Тынышбаевтын өмір жолы мен еңбектеріне арналған «ТАРИХШЫ. АҒАРТУШЫ. ҚАЙРАТКЕР» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.