Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған «ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты тақырыптық кеш болып өтті

2014 жылдың 11-ші желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған «ЕЛІМНІҢ ЕРКІНДІГІ – ТӘУЕЛСІЗДІК» атты тақырыптық кеш болып өтті.

Кештің жүргізушісі осы кітапхананың қызметкері Оразова Әлия.

Кешке шақырылғанқонақтар:

1. Ақыш Нұрдәулет Бәбиханұлы – Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері

2. Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті

3. Құттыбек Аймахан – Алматы ақшамы газетінің Бас редактордың орынбасары, журналист, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы

4. Шашаев Әуезхан Кәдіржанұлы - Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты

5. Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбайқызы - 5. Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбайқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты

Кешке шақырылған қонақтар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана осы кешке арнап Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы құжаттар жинақталған «Мәңгілік жансын бағың, Тәуелсіз Қазақстан!» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.