Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші

2015 жылдың 27-ші мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті академигі, Республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертхана жетекшісі болған, білім мен тәрбие берудің білгірі, ұлағатты ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші болып өтті.

Кештің жүргізушісі осы кітапхананың қызметкері Оразова Әлия.

Кешке шақырылған қонақтар:

Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық білім беру академиясының академигі;

Берістен Жанарбек Таниғазыұлы - философия ғылымдарының кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан Суретшілер Одағының жауапты хатшысы;

Қабатай Бидана Тұрсынханқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Кешке шақырылған қонақтар «Қанипа Бітібаеваның әдебиетті жаңа технологиямен оқытудағы ролі», «Қанипа Омарғалиқызының әдіскерлігі туралы», «Қазақтың Қанипасы» тақырыптарында сөз сөйлеп, Қанипа Омарғалиқызының өмірі, ұстаздығы, әдіскерлігі туралы өз ойларын ортаға салып, тыңғылықты, қызықты етіп айтып берді.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана осы кешке арнап Қанипа Бітібаеваның өмірі мен қызметіне арналған «Ұстаздардың ұстазы-Қанипа» атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

Презентация

 

Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №1Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №3Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №4Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №5Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №6Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 70 жыл толуына арналған «Дәуірдің дара ұстазы» атты еске алу кеші () Изображение №2