Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Сроки проведения и темы курсов повышения квалификации на 2020 год

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы өткізетін біліктілікті көтеру курстарының мерзімдері мен тақырыптары:

  • 2020 жылғы 2-12 наурыз күндері облыстық білім басқармалары және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектеп кітапханалары оқулықтары қорымен жұмыс жөніндегі бас мамандары мен әдіскерлері үшін: «Кітапхана ісін жаңарту жағдайында мектеп кітапханаларының қызметін әдістемелік қамтамсыз ету» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат);
  • 2020 жылғы 6-15 сәуір күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Кітапхана ісін жаңарту жағдайында білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру»  (сабақ көлемі 72 сағат);
  • 2020 жылғы 19-28 қазан күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Кітапхана ісін жаңарту жағдайында білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат);
  • 2020 жылғы 2-11 қараша күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын автоматтандыру. АКАЖ «MARK-SQL» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат).

Аталған курстар Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 (05.05.2017 жылы өзгертілген және толықтырылған) Мәдениет туралы Заңының 24 бабы негізінде ақылы өткізіледі, оқу қорытындысы бойынша Сертификат беріледі.