Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Жұбанов Құдайберген Қуанұлының туғанына 120 жылтолуына арналған «ҒЫЛЫМ КӨГІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» атты ақырыптық кеші

2019 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Мәдениет және қоғам қайраткері, көрнекті тілші ғалым, түркітанушы, ағартушы-педагог, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры Жұбанов Құдайберген Қуанұлының туғанына 120 жылтолуына арналған «ҒЫЛЫМ КӨГІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» атты тақырыптық кеш өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

1. Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы - Қазақ тіл білімі саласындағы көрнекті тұлға, белгілі математик әрі тілші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері

2. Момынова Бағдан Қатайқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қызметкері

3. Қияқбаева Ұлбосын Қозыбайқызы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Кеш қонақтары Құдайберген Жұбанов туралы естеліктер айтып, өз ойларын ортаға салды.

Құдайберген Жұбановтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны жасаған Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Құсайынова Жұмагүл.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Құдайберген Жұбановтың өмірі мен қызметіне арналған «ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТАРЛАНЫ» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кештің жүргізушісі кітапхана қызметкері Оразова Әлия.

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

 

Жұбанов Құдайберген Қуанұлының туғанына 120 жылтолуына арналған «ҒЫЛЫМ КӨГІНІҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ» атты ақырыптық кеші () Изображение №1