Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші

2020 жылдың 12-наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Халық ағарту комиссары (1941ж.) көрнекті ғалым, психолог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші өтті

Кешке шақырылғанқонақтар:

1. Жолмұхан Түрікпенұлы - академик ТөлегенТәжібаевтың шәкірті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі.

2. Сыдықов Бақыт Диханбайұлы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математика физика және информатика институтының Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының профессоры, Төлеген Тәжібаевтың жиені.

3. Мыңбаева Айгерім Қазқызы - әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық  университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.

4. Жабықбаева Ардақ Жұмекеқызы- әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Мұражайының бас маманы.

Кеш қонақтары Төлеген Тәжібаев туралы естеліктер айтып, өз ойларын ортаға салды. 

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты. 

Төлеген Тәжібаевтың өмірі мен қызметіне арналған «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, КЕМЕҢГЕР ТҰЛҒА» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кештің жүргізушісі кітапхана қызметкері Оразова Әлия.

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

 

Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №1Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №2Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №3Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №4Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №6Тәжібаев Төлеген Тәжібайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған «ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске еске алу кеші () Изображение №5