Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства просвещения Республики Казахстан

Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атты еске алу кеші

2019 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «Мемлекет және қоғам қайраткері» атты еске алу кеші болып өтті.

Кеш қонақтары: Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Әнес Ғарифолла Қабдолқайырұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Саясаттану әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы тарихшы-ғалым Тілеубаев Шәмек Баянұлы, Мухаева Ғалия Нұғыман Манаевтың туысқаны, Жанғабаев Абдукерим Абдамұлы Нұғыман Манаевтың немересі, Манаева Раушан, Асия, Мадина Серікқыздары Нұғыман Манаевтың шөберелері «1917-1946 жылдары Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Оқу-ағарту наркомдары», «ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ағартушылардың ролі» тақырыптарында сөз сөйлеп және Нұғыман Манаев туралы естеліктер айтып, өз ойларын ортаға салды.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері мен ғылыми қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатыстып, кештен жақсы әсер алып қайтты.

Нұғыман Манаевтың өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Құсайынова Жұмагүл жасады.

Нұғыман Манаевтың өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған «НҰҒЫМАН МАНАЕВ - КӨРНЕКТІ АҒАРТУШЫ-ПЕДАГОГ» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде халқымыздың тарихи мәдени өмiрiнде iз қалдырған, репрессия құрбаны болған майталман ағартушы-педагог, белгiлi қоғам қайраткерi, әдебиетшi, ғалым Нұғыман Манаевтың ғылыми- педагогикалық, ұстаздық мұрасын жан-жақты зерттеу қажеттiлiгi арта түсуде.

Кештің жүргізушісі кітапхана қызметкері Оразова Әлия.

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

 

Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №1Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №2Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №3Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №5Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №6Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №7Манаев Нұғыман Сәрсенұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»  атты еске алу кеші () Изображение №4