Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Наурыз 14 жұлдыз - Халима Адамовна Бекмұхамедованың туғанына 90 жыл (14.03.1925)

Педагогика ғылымдарының кандидаты, әдіскер-педагог Халима Адамовна Бекмұхамедованың туғанына 90 жыл (14.03.1925)

Бекмұхамедова Халима Адамовна 1925 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1947-1950 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында аспирант, ал 1950-1952 жылдары Алматы қаласындағы № 12 қазақ орта мектебінде орыс тілінің мұғалімі және Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (қазіргі Қазақтың Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) орыс тілінен сабақ берді. 1954 жылдан бастап Абай атындағы педагогикалық институтта (қазіргі Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университеті) қызмет істеді. Доцент В.Ф.Белоусовтың жетекшілігімен қазақ мектептерінде орыс және қазақ тілдеріне ортақ сөздерді оқыту туралы кандидаттық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ мектептеріне арналған орыс тілі оқулықтары мен әдістемелік құралдар. (Еңбектерін 2015 жылға арналған орыс тіліндегі күнтізбектен қараңыз).

 

Ол туралы:

Дүйсенов С. Танымал тарихшы Ермұханның сүйген жары Халима туралы толғаныс: [тарихшы Ермұқан Бекмахановтың жары Халима Бекмұхамедова жайлы] / С.Дүйсенов // Астана ақшамы. – 2001. – 22 қыркүйек.

Шманова Н. Мектепке арналған ғұмыр: [бүкіл ғұмырын мектепке арнаған ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, казақ мектебінің 4,5,6 сыныптарына арналған орыс тілі оқулығының авторы Халима Адамовна Бекмұхамедова жайлы] /Н.Шманова, М.Қойшыбаева //Қазақстан мектебі. – 2005. - № 3. – 3-5 б.