Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 9 жұлдыз - Рақыш Сәтұлы Әміровтың туғанына 85 жыл (9.01.1930)

Филология ғылымдарының докторы, профессор, ұстаз Рақыш Сәтұлы Әміровтың туғанына 85 жыл (9.01.1930)

Рақыш Сәтұлы Әміров 1930 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жетітөбе ауылында туған.

1943-1946 жылдары Тараз қаласындағы педагогикалық училищеде оқыды. 1945-1951 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университеті) филология факультетінде оқыды. 1951-1954 жылдары осы университеттің аспирантурасын оқып бітірді. 1954-1955 жылдары мектепте мұғалім болып істеп, 1955 жылы «Қазақ тіліндегі жалғаулықтар» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1955-1964 жылдары Р.С.Әміров Қазақ КСР Оқу министрлігіне қарасты педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет істеді. 1964-1974 жылдары Р.С.Әміров Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтында жұмыс істеп, 1973 жылы «Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшелігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Диссертация негізінде «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» атты монография жарияланды.

1975-1979 жылдары Р.С.Әміров Қазақ мемлекеттік университетінде қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы болып қызмет істеді.

1979-1988 жылдары Алматы шет тілдері институтының (қазіргі Қазақтың халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) ректоры, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1988-1992 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтында (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы) істеді.

1992 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университеті) профессоры.

Р.С.Әміровтың ғылыми-зерттеу жұмысының бір саласы – мектепте қазақ тілі пәнін оқытудың мазмұны мен әдістемесі. Мектепке арналған осы пәннің бағдарламасын, оқулықтарын жазды. Ол мектеп жүйесін реформалауға байланысты жұмыстарға қатысып, «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебі құрылымының Тұжырымдамасын» (1991), «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру Концепциясын» (1992) жазған автордың бірі болды. Ерен еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиуымының Құрмет грамотасымен, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Рақыш Әміров қазақ тілін дамытуға үлкен үлес қосқан ғалым. Ол сондай-ақ, қазақ тілін оқыту әдісін ойлап тапқан, қазақ тілін оқытудың мәселелерін эксперимент арқылы шешуді қолға алған зерттеушілердің бірі. Оның 1958 жылы орыс мектептерінің ІІ-ІV сыныптарына арнап шығарған «Қазақ тілі» оқулығы тілді үйретуді практикалық жолға қоюдың алғашқы үлгісі болды. 1958 жылдары қабылданған «Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру концепциясы», «Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің концепциясы», «Қазақ орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасы» деген белді құжатттарды дайындауға қатысты, қазақ тілі пәні бойынша жаңа бағдарламалар, оқу құралдарын жазды. Ол сонымен қатар, қазақ оқу-ағарту мектептерінің концепциясын құруға (1989) және «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарды шығаруға атсалысқан белсенді авторлардың бірі. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Әміров Р.С. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар /Р.С.Әміров. – Алматы: Қазмемоқупедбас,1959. – 70 б.

Әміров Р.С. Ауыз екі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері /Р.С.Әміров. – Алматы: Мектеп, 1977. – 92 б.

Әміров Р.С. 1 класта қазақ тілін оқыту: Мұғалімдерге арналған көмекші құрал /Р.С.Әміров. – Алматы: Қазмемоқупедбас, 1962. – 60 б.

Әміров Р.С.. Бірінші класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар. Мұғалімдерге арналған көмекші құрал /Р.С.Әміров. – Алматы: Қазмемоқупедбас, 1957. – 51 б.

Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі: [университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттеріне арналған оқулық] / Р.С.Әміров, Ж.Д.Әмірова . –Алматы: Мектеп, 1996. – 154 б.

Әміров Р.С. «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау: Орыс мектептерінің 3 кл. арналған. /Р.С.Әміров. – Алматы: Рауан, 1990. - 56 б.

Әміров Р.С. «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау: Бастауыш мектептің 4 кл. арналған. 2 бас. /Р.С.Әміров. – Алматы: Рауан, 1994.- 86 б.

Әміров Р.С. Қазақ тілі. 4 сыныпқа арналған оқулық. 4 бас. /Р.Әміров, Ұ.Асылов, Ұ.Жиенбаева. – Алматы: Рауан, 1997. – 169 б.

Әміров Р.С. ІІІ класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау: Мұғалімдерге арналған көмекші құрал. – Алматы: Мектеп, 1971. – 72 б.

Әміров Р.Қазақ тілі: Орыс тіліндегі мектептің 3 кл. арналған оқулық. 3 бас./ Р.Әміров, Ж.Әмірова. – Алматы: Рауан, 1995. – 159 б.

Әміров Р.«Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау: Орыс мектептерінің 3 сыныбына арналған. - 2 бас.өңд.толықт./Р.Әміров, Ж.Әмірова. – Алматы: Рауан, 1997. – 55 б.

Әміров Р. ж.б. Қазақ тілі: Грамматика, емле, тіл дамыту /Р.Әміров, Ш.Әуелбаев, А.Бәкірова. Русский букварь: для каз.шк. /Р.Д.Есенжолова, А.Ф.Нармухамедова. Математика: бастауыш мектептің 2-кл. арналған құрама оқулық: І тоқсан. – Алматы: Рауан, 1998. – 111 б.

Әміров Р. ж.б.Қазақ тілі: Грамматика, емле, тіл дамыту /Р.Әміров, Ш.Әуелбаев, А.Бәкірова. Русский букварь /Р.Д.Есенжолова, А.Ф.Нармухамедова. Математика: бастауыш мектептің 2-кл. арналған құрама оқулық: І тоқсан. – Алматы: Рауан, 1993. – 94 б.

Әміров Р. ж.б.Қазақ тілі /Р.Әміров, Ұ.Асылов, У.Жиенбаева. Русский язык /С.Маскутова, Л.В. Бессчетнова. Табиғаттану: Бастауыш мектептің 4 кл. арналған құрама оқулық / Ә.Бірмағамбетұлы, К.Жүнісқызы. Өңд.толықты. 3 бас. Алматы. Рауан, 1993

І тоқсан – 159 б.

ІІ тоқсан – 159 б.

ІІІ тоқсан – 207 б.

Әміров Р.С. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар: Тереңдетіп оқытатын мектептердің 8-кл. арналған / Р.Әміров, Ж.Әшіров. – Алматы: Рауан, 1994. – 126 б.

Әміров Р. т.б. Қазақ тілі / Р.Әміров , Ш.Әуелбеков, А.Бәкірова. Русский букварь /Р.Д.Есенжолова, А.Ф.Нармухамедова. Математика: Төрт жылдық бастауыш мектептің 2 кл. арналған оқулық ІІІ тоқсан. – Алматы: Рауан, 1991. – 143 б.

Әміров Р. Қазақ тілі: Грамматика, емле, тіл дамыту. 1-ші класқа арналған оқулық. 16-шы бас. /Р.Әміров, Р.Бәкіров. – Алматы: Мектеп, 1986. – 157 б.

Әміров Р.Қазақ тілі: Грамматика, емле, тіл дамыту. 1 класқа арналған оқулық. 15-ші бас./Р.Әміров, А.Бәкіров. - Алматы: Мектеп, 1984. – 102 б.

Әміров Р.Қазақ тілі: Үш жылдық бастауыш мектептің 1 кл. арналған оқулық. 17-ші бас. /Р.Әміров, А.Бәкірова.– Алматы: Мектеп, 1988. – 160 б.

Әміров Р. т.б.Қазақ тілі. Төрт жылдық бастауыш мектептің 2 класына арналған оқулық /Р.Әміров. – Алматы, 1987. – 142 б.

Әміров Р. т.б. Қазақ тілі. Төрт жылдық бастауыш мектептің 4 кл. арн. оқулық. 2-ші бас. /Р.Әміров, Ұ.Асылов, У.Жиенбаева. – Алматы: Рауан, 1991. – 192 б.

Әмір Р.Қазақ тілінің бүгінгі хал-ахуалы туралы /Р.Әміров //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2002. - № 9. – 13-17 б.

 

Ол туралы:

Әмір Рақыш Сәтұлы (1930)//Қазақ тілі: Энциклопедия. – Алматы, 1998. – 51 б.

Әмір Рақыш //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 178 б.

Әмір Рақыш Сәтұлы //Қазақстан ғалымдары: Энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. –Алматы, 2012. – 345 б.

Смағұлова Г. Жаңа оқулықтағы жаңалықтар: [75 жасқа толып отырған профессор Рақыш Сәтұлы Әмірдің қазақ тілі синтаксисіне жазған оқулығы жайлы] /Г.Смағұлова //Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі. – 2005. - № 9. – 1 мамыр.