Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 1 жұлдыз - Әбдіхамит Iбінияұлы Сембаевтың туғанына 110 жыл (1.01.1905-14.06.1989)

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Оқу министрі (1941-1955), Әбдіхамит Iбінияұлы Сембаевтың туғанына 110 жыл (1.01.1905-14.06.1989).

Әбдiхамит Iбiнияұлы Сембаев 1905 жылы Жезқазған облысының Шет ауданындағы Қарабұлақ селосында дүниеге келдi.

1932 жылы ол Абай атындағы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) химия факультетiн бiтiрдi. Әбдіхамит Сембаев педагогикалық қызметiн Қазақ ауыл шаруашылық институтында (қазіргі Қазақтың Ұлттық аграрлық университеті) бастады. Онда ассистент, химия кафедрасының меңгерушiсi болып iстедi. Ал 1940 жылдан бастап осы институттың директоры болды. 1941 жылдан 1955 жылға дейiн Әбдіхамит Сембаев Қазақ КСР Оқу министрi болды.

1955-1963 жылдары С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң (қазiргi Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi) проректоры және педагогика кафедрасының меңгерушiсi болды, содан кейiн Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу педагогикалық институтының (қазiргi Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы) директоры болып тағайындалып, онда 1974 жылы зейнет демалысына шыққанға дейiн жұмыс iстедi.

Ә.I.Сембаевтың қаламынан сексеннен астам еңбектер шықты. Оның «Қазақстандағы қазақ совет мектебi тарихи очерктерi» деген монографиялық еңбегi, «Қазақстан мектептерiнiң тарихи очерктерi» сияқты басқа туындылары республиканың педагогикалық ғылымына елеулi үлес болып қосылады.

Әбдіхамит Сембаев – Қазақстанда педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосқан, қазақ орта мектебінің қалыптасып, өркендеуіне айрықша ықпал еткен тарихи тұлға.

Ә.I.Сембаевтың жемiстi педагогикалық жұмысы жоғары бағаланды. Ол «Ленин орденi», «Еңбек Қызыл Ту» орденi, «Құрмет белгiсi» орденiмен және медальдармен марапатталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Сембаев Ә.І.Қазақ совет мектебiнің тарихы жөніндегі очеркі: монография. – Алматы, 1958

Сембаев Ә.I. Қазақ совет мектебiнiң тарихы: Оқу құралы /Ә.І.Сембаев. - Алматы: Мектеп, 1967. – 395 б.

Сембаев Ә. Мектептер тарихынан (үзiндi) /Ә.Сембаев // Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы.(ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең) Т.2. – Алматы, 1998. – 278-279 б.

 

Ол туралы:

Әбдіхамит Сембаев (1905-1989)//Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр антологиясы. (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең) Т.2. /құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы, 1998. – 277-278 б.

Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы //Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Т.3. – Алматы, 1988. – 470-471 б.

Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы // Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.7. – Алматы, 2005. – 643 б.

Сембаев Әбдіхамит(1905-1989)//Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы (кеңестiк дәуiр 1920-1999) - Алматы, 1999. – 94-101 б.

Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы (1905-1989)//Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010. – 315 б.

Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы (1905-1989)//Қазақ халқының ағартушылары (Халыққа бiлiм беру саласындағы кiтапханашыларға методикалық-библиографиялық көмек құралы). - Алматы, 1991.–75–77б. (Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана)

Алахунова Б.Әкеміздей әлпештеген Әбекең: [1941-1955 жж. Оқу министрі болған Ә.Сембаев туралы естелік] //Қазақстан мектебі. – 1996. - № 3. – 10-12б.

Әубәкіров Я.Өмірі - өнеге [1941-1945 жж. Оқу министрі болған Ә.Сембаев туралы естелік] /Я.Әубәкіров //Қазақстан мектебі. – 1996. - № 3. – 21-22 б.

Балахметов Қ.Тұлғасы асқақтай береді: [Әбдіхамит Сембаев туралы] /Қ.Балахметов //Қазақстан мектебі. – 1996. - № 3. – 13-15 б.

Жұрынов М.Байсалды басшы, ғұлама ғалым: [1941-1945 жж. Оқу министрі болған Ә.Сембаев туралы] /М.Жұрынов, Н.Нұрахметов // Қазақстан мектебі.. – 1996. - № 3. – 7-9 б.

Қирабаев С.Жайсаң жандар /Әбдiхамит Сембаев: [педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Сембаев жайлы] /С.Қирабаев // Жұлдыз. – 1998. –№11. – 190-195 б.

Темереева А.Ғұлама ғалым мұрасы. Профессор Ә.Сембаевтың 100 жылдығына орай /А.Темереева //Қазақстан мектебі. – 2004.- №11. – 70-74 б.

Тоққұлов Г.Әбдіхамит Сембаев – тарихи тұлға: [ағартушы, көрнекті ғалым Сембаев Әбдіхамит Ібінияұлы жайлы] / Г.Тоққұлов //Қазақстан мектебі. – 2008. - № 7. – 28-30 б.