Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Қаңтар 12 жұлдыз - Мекерия Атымовтың туғанына 80 жыл (12.01.1935-1994)

Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Мекерия Атымовтың туғанына 80 жыл (12.01.1935-1994).

Мекерия Атымов 1935 жылы Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Атырау оқытушылар институтының филология факультетін, 1959 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген.

1954-1956 жылдары Маңғыстау ауданында халыққа білім беру саласында, 1956-1959 жылдары комсомол жұмыстарында болды.

1959-1961 жылдары Орал педагогикалық институтының педагогика кафедрасында оқытушы, 1964 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітіріп, 1965 жылы «Шығарма идеясын көркем бейнелеудегі композицияның ролі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Осы институтта 1965 жылдан - кіші, 1969 жылдан – аға ғылыми қызметкер болып істей жүріп, 1979 жылы «Қазақ совет романдарының поэтикасы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1989-1994 жылдары осы институтта жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. Қазақ романдарының стилі мен поэтикасы саласында зерттеулер жүргізген.

М.Атымов бірқатар ғылыми еңбектер мен педагогикалық институт, университет студенттеріне арналған оқу құралдарының авторы. 1994 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Маңғыстау облысы Шетпе кентіндегі қазақ орта мектебіне Мекерия Атымов есімі берілген.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Атымов М. Қазіргі қазақ романындағы замандас бейнесі /М.Атымов. – Алматы, 1983. – 83 б.

Атымов М.Қажым Жұмалиев: Өмірі мен творчестволық қызметі / ҚазССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты /жауапты ред. М.Қ.Қаратаев. – Алматы: Ғылым, 1987. – 157 б.

«Абай жолы» эпопеясының поэтикасы:(метод.талдау): Жоғары оқу орындарының филология факультетіне арналған /КазКСР халыққа білім беру министрлігі, Респ.оқу-метод. каб./құраст М.Атымов. – Алматы. 1990. – 63 б.

Уақыт және қаламгер:Әдеби сын /құраст. М.Атымов. 13 бас. – Алматы: Жазушы, 1988. – 238 б.

 

Ол туралы:

Атымов Мекерия(12.01.1935) //Қазақ ССР: 4 томдық қысқаша энциклопедия.Т.3. – Алматы, 1988. – 92 б.

Атымов Мекерия (1935-1994)//Қазақ әдебиеті: Энциклопедия. – Алматы, 1999. – 70-71 б.

Атымов Мекерия (12.1.1935) //Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 54 б.