Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Ақпан 15 жұлдыз - профессор Ермұқан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 100 жыл (15.02.1915-6.05.1966)

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұқан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 100 жыл (15.02.1915-6.05.1966).

Ермұқан Бекмаханұлы Бекмаханов 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. 1933-1937 жылдары Воронеж педагогикалық институтының тарих факультетінде оқып, оны бітіргеннен кейін арнайы жолдамамен Қазақстанға қызметке жіберіледі. Алғашқы қызметін Қазақ КСР Оқу министрлігі жанындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтында (қазiргi Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы) ғылыми қызметкер болып бастаған ол көп ұзамай осы институттың директоры қызметін атқарады. 1940 ж. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқиды. Отан соғысы жылдарында Қазақ КСР Оқу-ағарту халық комиссариатында басқарма бастығы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, әрі Алматының жоғары оқу орындарында педагог, ал 1945-1947 жж. КСРО Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының аға ғылыми қызметкері, директорының орынбасары болды.

1947-1951 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) оқытушысы, профессоры, кафедра меңгерушісі болды. Алғаш рет 1944 ж. «Қазақ ССР тарихындағы» (Алматы, 1943) Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы тараудың авторы ретінде әділетсіз сынға ұшырады.1947 жылы «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабында Кенесары Қасымұлының (1837-1841 жж.) көтерілісін қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы ретінде бағалағаны үшін саяси қуғын-сүргінге душар болды. 1951 жылы Алматы облысының Нарынқол селосындағы, ал 1952 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы орта мектептерінде тарих пәнінен сабақ берді. Бірақ, көп ұзамай, тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды. 1954 жылы толық ақталып шығып, партия қатарына алынып, өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Е.Бекмаханов жүзден астам ғылыми еңбек жазды. Зерттеулерінің негізгі проблемасы – ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихындағы әлеуметтік экономика және саяси құрылыс жағдайлары, Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Е.Бекмахановтың республика мектептерінде тарих пәнін оқытуды жетілдіруге, әсіресе Қазақстан тарихы мектеп курсын қалыптастыруға қосқан үлесі зор. Е.Бекмаханов қайтыс болғаннан кейін оның мектептерде пайдаланып жүрген оқулықтарына қызы Найля Ермұқанқызы екінші автор болып тағайындалды. Соның нәтижесінде Е.Бекмахановтың мектеп оқушыларына арналған Қазақстан тарихы оқулықтары отыз жылдан астам үзіліссіз пайдаланылды. Е.Бекмаханов республикамыздың көрнекті тарихшылары ішінде Қазақстан тарихы мектеп курсының негізін салған бірден бір тарихшы болды.

Ермұқан Бекмаханов ерен еңбектері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және медальдармен марапатталды.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Бекмаханов Е. ҮІІ класта Қазақ КСР тарихын оқыту туралы; «Қазақ КСР тарихы хрестоматиясын» пайдалану туралы /Е.Бекмаханов //Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) Т.2./құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев.– Алматы,1998.–340-341 б.

Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы /Е.Бекмаханов. – Алматы: Санат, 1994. –415 б.

Бекмаханов Е. Қазақ ССР тарихы: 7-8 кластарға арналған оқу құралы. Өңд.,толықт. 24 бас. /Е.Бекмаханов, Н.Бекмаханова. – Алматы: Мектеп,1987. – 126 б.

Бекмаханов Е. Қазақ ССР тарихы: 9-10 кластарға арналған оқу құралы. Өңд.,толықт. 13 бас. / Е.Бекмаханов, Н.Бекмаханова. – Алматы: Мектеп,1967. – 128 б.

Бекмаханов Е. Қырғызстандағы күрес. Кенесарының қаза табуы / Е. Бекмаханов // Түркістан. - 2012. - 5 қаңтар.

 

Ол туралы:

Ермұқан Бекмаханов//Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (ХХ ғасырдың 20-жылдарынан 1995 жылға дейінгі кезең) Т.2. /құраст. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы,1998.– 339-340 б.

Бекмаханов Ермұқан (12.02.1915-6.05.1966) //Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Т.2. – Алматы, 1999. – 257 б.

Бекмаханов Ермұқан //Түркістан: Халықаралық энциклопедия. – Алматы: 2000. – 205-206 б.

Бекмаханов Ермұқан //Қазақстан ғалымдары: Энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы, 2012. – 216 б.

Бекмаханов Е. (1915-1966) //Қазақ Совет энциклопедиясы. Т.2. – Алматы, 1985. – 243 б.

Бекмаханов Ермұқан //Қазақстан тарихы: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2006. – 139 б.

Бекмаханов Ермұқан //Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2009. – 234 б.

Адырбекұлы К. Жасын: 1. Профессор Ермұхан Бекмаханов. 1946-1954 жылдар /К.Адырбекұлы // Түркістан. – 2004. – 26 ақпан, 4 наурыз.

Әбжанов Х. Бекмаханов және ұлт-азаттық қозғалысты зерттеу әдіснамасы /Х.Әбжанов //Қазақ тарихы. – 2006. - № 3. – 3-7 б.

Дүкенбаева З.О. Ермұқан Бекмахановтың тағылымы /З.О.Дүкенбаева //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2001. - № 2. -87-88 б.

ИбраҺим Ш. Ғылымдағы ерлігі өшпейді. Өйткені тарихи шындықты негіздеп кетті: [Ермұхан Бекмаханов туралы] /Ш.Ибраһим //Алматы ақшамы. – 2005. – 12 ақпан.

Қожанов О. Сәтбаев тағылымы: [Қ.Сәтбаевтың соңынан Баянауыл өңірінен шыққан академиктер мен қоғам қайраткерлері: Ә.Марғұлан, Ә.Бектұров, Е.Бекмаханов, С.Бейсембаев, Ш.Шөкин, Х.Жұматов, К.Ақышевтар туралы] / О. Қожанов // Мәдени мұра=Культурное наследие. - 2011. - № 4. - 54-59 б.

Құмар Н. Ермұханның еңбегі ұрпаққа үлгі: [елімізде көрнекті тарихшы Ермұхан Бекмахановтың 90 жылдығы аталып өтуде] /Н.Құмар //Айқын. -2005. – 28 желтоқсан.

Мәмиев Е.Ә. Қазақ халқы тарихының ақиқатты өрісін батыл көтерген профессор Е.Бекмаханов туралы естелік /Е.Ә.Мәмиев //ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2001. - № 1. – 122-127 б.

Момышұлы Б. «Ол тарихтан берерін беріп үлгере алмағанына кешірім сұрап аттанды»: [тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов туралы] /Б.Момышұлы // Егемен Қазақстан. – 2001. – 31 қаңтар

Нұрпейіс К. Бекмаханов пен оның басты кітабы жазаланды?: [орыс тілінде жазған «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы туралы] /К.Нұрпейіс //Қазақ тарихы. – 2005. - № 2. – 5-10 б.

Нұрпейіс К. Қайсарлық және қасірет /Ермұқан Бекмаханов пен оның басты кітабының жазалануы жайында /К.Нұрпейіс //Егемен Қазақстан. – 2005. – 15 ақпан.

Сәрсеке М. Ермұхан Бекмаханов: деректі ғұмырнама / М. Сәрсеке // Жұлдыз. - 2009. - № 9. - 3-55 б.

Сәрсеке М. Ермахан Бекмаханов / М. Сәрсеке // Жұлдыз. - 2009. - № 11. 92-111 б.

Сәрсеке М. Ермахан Бекмаханов: [қоғам қайраткері, тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы] / М. Сәрсеке // Жұлдыз. - 2009. - № 12. - 97-122 б.

Сәрсеке М. Бірінші хатшыдағы қабылдау: [тарихшы, ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы] / М. Сәрсеке // Егемен Қазақстан. - 2010. - 26 мамыр.

Сәрсеке М. Мәскеу «ЖЗЛ» сериясы 9-шы кітап: [«Молодая гвардия» баспасынан «Бекмаханов» атты кітабы шыққаны жайлы әңгіме] /әңгімелескен Ж.Әлиханұлы / М. Сәрсеке// Егемен Қазақстан. - 2010. - 29 желтоқсан.

Сәрсеке М. «Сүйенген, сенген дәурен жалған болса...»: [халқымыздың біртуар ғалымы Ермұхан Бекмаханов жайлы Астанадағы «Фолиант» баспасынан қазақ орыс тілінде жарық көрген Медеу Сәрсекенің «Ноқталанған тарихшы» ғұмырнамасынан үзінді] / М. Сәрсеке //Қазақ әдебиеті. - 2011. - 18 ақпан.

Серікбайұлы М. Бекмахановтың қудалануына Шаяхметовтің де кінәсі бар еді, ал Қонаевтың артына түскен – Бекболат деген қазақ /М.Серікбайұлы //Жас алаш. -2007. – 12 сәуір.

Омарбаева О. Тәуелсіздікке өлшеусіз үлес қосқан қайсар талант инсі Ермұхан Бекмаханов / О. Омарбаева //Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. - 2007. - № 2. - 43-45 б.

Өтегенова З. Ермұхан Бекмаханов (1915-1966) / З.Өтегенова
// Айгөлек. - 2010. - № 2. - 6-7 б.

Ысмағұлов Ж. Естен кетпес екі күн: [Ермұхан Бекмаханов жайлы] / Ж. Ысмағұлов// Егемен Қазақстан. - 2005. - 30 наурыз.