Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады. Бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.

Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.

1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктың социал-демократиялық көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар, әйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.

1909 жылы Американың Социалистік партия сы әйелдер күнін жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер конференциясының делегаты еді.

1910 жылы беделді неміс социалист әйелі Клара Цеткин Екінші Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.

Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария, Голландияның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас көтерді.

1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.

Бұл мерекеде барлық мектептерде ұстаздарды, аналарды, қыз балаларды құттықтау, құрметтеу мақсатында көптеген іс-шаралар өтіледі. Атап айтсақ әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, қыз сыны байқаулары және мерекелік кештер. Аналар күніне арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік кештің өтілу барысына келсек «Сәбидің дүниеге келуі» (сахнада ана мен сәби), «Найман ана» көріністері қойылады. 8-9 сынып оқушылары аналарды өлеңдермен құттықтай отырып «Кешір ана», ару қыздарға арналған «Арулар асыл жандар...» бейнеклиптері көрсетіледі, күйлер орындалады. Сонымен қатар 8-наурыз мерекелік кешінің шығу тарихы жайлы да мағлұматтар береді. Кеш оқушылардың әдеби монтаждарымен аяқталады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Аманжолова Қ.Қ. Ана - өмір шуағы (естиярлар тобы) /Қ.Қ.Аманжолова //Отбасы және балабақша. - 2011. - №2. - 28-31 б.

Ақшалова Г. Айналайын, ақ Анам!: [тәрбие сағаты] / Г. Ақшалова // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - №2. - 13-15 б.

Ахметова Р.Н. Ана - күн шуағы:[8 Наурыз Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік] / Р. Н. Ахметова, Ш. Ә. Толқынова // Тәрбие жұмысы мектепте және мектептен тыс мекемелерде. - 2011. - № 4. - 30-32 б.

Әбуова З. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады / З. Әбуова //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде=Казахский язык и литература в русской школе. - 2011. - №7. -133-140 б.

Байбала С. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...: [кеш] /С.Байбала //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - №3. – 22-24 б.

Ғаббасов С. Ана құрсағындағы тәрбие, немесе халық педагогикасының негізі /С.Ғаббасов //Мектептегі психология = Психология в школе. - 2011. - №9. - 3-5 б.

Дүйсенбаева Д. Әлемнің жарығын сыйладың сен маған: [аналар күніне арналған кеш] /Д.Дүйсенбаева // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 3. – 4-5 б.

Елеубаева К. Тәрбие сағаты: [«Айналайын анашым!» 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты ертеңгілік] / К. Елеубаева // Бастауыш мектеп. - 2013. - № 7. - 35-36 б.

Жулаева Г. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды: [ашық тәрбие сағаты] / Г. Жулаева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №4. - 11-13 б.

Кикимбаева Г. Ана - алып бәйтерек: [тәрбие сағаты] /Г.Кикимбаева
//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №3. - 16-18 б.

Қосбергенова М. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады /М.Қосбергенова // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 3. – 16-17 б.

Майланова А. Аялайық ананы: [кеш] /А. Майланова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №1. - 38-39 б.

Масаурова С.М. «Ана - ән, бала оның қайырмасы»: [аналар мен балалар жарысы] / С. М. Масаурова //Отбасы және балабақша. - 2011. - №6. - 52-53 б.

Мұханбетжанова А. Ана - өмірдің шуағы:[8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік] / А. Мұханбетжанова// Тәрбие жұмысы: мектепте және мектептен тыс мекемелерде. - 2013. - № 2. - 10-11 б.

Насиханова А. Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз:[8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған кештің сценарийі] / А. Насиханова // Оқыту - тәрбиелеу технологиясы. - 2013. - № 2. - 46-47 б.

Рүстембекова А. Сыйынар ем ана деген тәңірге: [10-сыныптармен өткен мерекелік іс-шара] / А. Рүстембекова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №3. - 19-21 б.

Тілеубекова С. Ана бақыты - бала бақыты: [тәрбие сағаты] /С.Тілеубекова //Мектептегі мерекелер. - 2011. - №1. - 27-29 б.

Шаймұратова Г. Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық: [8 наурыз - халықаралық әйелдер күні] / Г. Шаймұратова// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - №3. - 7-9 б.

Шарифуллина М. Ана мерейі: [кеш] /М.Шарифуллина //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №1. - 33-37 б.