Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

Ежелгі жыл санағы бойынша 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген атақ берді.

Наурыз мейрамы қазақтың ұлттық мейрамы. Бұл мерекеге орай мектептерде көптеген іс-шаралар өтеді. «Қош келдің, Наурыз - думан», «Жыл басы - Наурыз» атты мерекелік кештер, «Наурызым – ұлыс мерекем» атты және т.б. көптеген тәрбие сағаттары өтіледі. «Қош келдің, Наурыз думан» атты мерекелік кештің өтілу барысы: Мерекелік кешке бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушылары қатысады. Мерекелік кеш әжелеріміздің наурыз шашуымен ашылады. Шашу шашылған соң ата-салтымызға сай бата алу үшін ортаға Қыдыр ата шақырылады. Осыдан кейін мерекелік кеште шілдехана, қырқынан шығару, ат қою, бесікке салу, тұсау кесер сияқты ұлттық салт-дәстүрлерімізден көріністер көрсетіледі, ән шырқалып, би биленеді. Мереке соңында ұлттық ойындардан жарыс өтіледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Бегманов Қ.Халқы мықтының – салты мықты. Жағда Бабалықұлымен сыр-сұхбат. / Қ.Бегманов. – Алматы: Өлке, 2010. – 480 б.

Кенжеахметұлы С.Жеті қазына /С.Кенжеахметұлы . – Алматы: Ана тілі, 2002. – 136 б.

Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, 2001. – 428 б.

Қош келдің, Наурыз! - Алматы: Өлке, 1993. – 80 б.

Нұрмаханбетова Р. Қазақстанның төл мерекелері / Р.Нұрмағанбетова. – Алматы: Аруна, 2003. – 11 б.

* * *

Ахметова З. Бабадан мирас - бұл мейрам: [наурыз мейрамы туралы] / З. Ахметова// Астана ақшамы. - 2012. - 20 наурыз.

Әйіпқали Қ. Наурызым - мерекем, Наурызым - берекем: [тәрбие сағаты] /Қ.Әйіпқали //Қазақ тілі:мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту = Казахский язык: преподавание в школе, колледже и ВУЗ-е. - 2011. - №5-6. - 28-31 б.

Әлішерова С. Наурыз шапағаты /С.Әлішерова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №3. - 28-30 б.

Әміржанова Б. Жігіт сұлтаны:[Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мерекелік сайыс] / Б. Әміржанова// Сынып жетекшісі=Классный руководитель. - 2011. - № 5. - 26-27 б.

Бисембаева А. Армысың, әз Наурыз!: [Наурыз мерекесінің сценарийі] /Ж. Бекенова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2014. - №4. – 21-24 б.

Болатханқызы А. Наурыз - шаруа тойы, табиғат мерекесі /А. Болатханқызы //Бала тәрбиесі. - 2011. - №3. - 2-7 б.

Ералы Е. Әз Наурыздың қадірі мен қасиеті: [Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі] / Е. Ералы // Игілік. - 2012. - № 3. - 2-3 б.

Жамбылқызы Н. Әз Наурыздың сыры мен сыйы /Н.Жамбылқызы
//Қазақстан - Заман. - 2012. - №12-13. - 22 наурыз.

Жұмаханұлы Қ. Әз Наурыз - Жыл басы /Қ. Жұмаханұлы //Ана тілі . - 2012. - №11-12. - 15-28 наурыз.

Жұмахметұлы Е. Наурыз - көктемнің пердесі /Е.Жұмахметұлы //Алматы ақшамы. - 2011. - 19 наурыз.

Қаржасова А. Наурыз құтты болсын! /А.Қаржасова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №3. - 22-27 б.

Мамырбаева Н. Өзге тойдан озық тұрса ... (Мерекенің жаңа тұжырымдамасы керек): [Наурыз мерекесі туралы] /Н.Мамырбаева //Қазақстан - Заман. - 2012. - №12-13. - 22 наурыз.

Маширбаева П. Қош келдің, әз Наурыз!: [ашық тәрбие сағаты] /П.Маширбаева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 4. – 18-19 б.

Мешітбайқызы С. Наурыз - жыл басы ғана емес, азаттық айғағы немесе «Нау мен ырыс» кітабын оқығаннан кейінгі туған ой /С.Мешітбайқызы //Қазақстан-Заман. - 2012. - №9. - 1 наурыз.

Наурыз - этнографиялық еске алу күні ғана емес...:[ «Нау және ырыс» кітабының авторы мәдениеттанушы Ерғали Серік Әбдірешұлымен сұхбат] /сұхбаттасқан Н.Қабылбек //Қазақстан - Заман. - 2012. - №12-13. - 22 наурыз.

Наурыздың 5000 жылдай тарихы бар //Қазақстан-Заман. - 2011. - 17 наурыз.

Нұрманғалиқызы Ж. Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм-тұз /Ж.Нұрманғалиқызы //Мектептегі мерекелер. – 2013. - №3. – 20-22 б.

Оразбекұлы Қ. Наурыздағы ырымдар немесе 3000 жыл бұрын тойланған мерекенің тәрбиелік сырлары хақында / Қ. Оразбекұлы // Ақиқат. - 2014. - № 3. - 90-96 б.

Полатова А. Наурыз – берекем, наурыз – мерекем!: [сахналық көрініс] /А.Полатова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2014. - № 4. – 24-28 б.

Рашидова Н. Наурызым - көктем: [тәрбие сағаты] /Н.Рашидова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2011. - №2. - 37-41 б.

Сағадиева К. Наурыз - асыл айым: [кеш] /К.Сағадиева //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2010. - №2. - 37-41 б.

Сыздықова Б. Наурыз – жыл басы, Ұлыстың Ұлы күні / Б.Сыздықова

//Мектептегі мерекелер. – 2013. –№ 3. – 18-20

Тайлакова А.М. Наурыз – қазақтың төл мерекесі / А.М.Тайлакова // Тәрбие сағаты. – 2013. - № 2. – 11-12 б.

Тоқтабай А. Әз Наурыз - жыл басы: [наурыз мерекесін тойлау туралы] / А. Тоқтабай // Ана тілі. - 2012. - 15-28 наурыз.

Ұлыстың ұлы күні ойналатын ұлттық ойындар
//Қазақстан-Заман. - 2011. - 17 наурыз.

Шөкшир Д. Моңғолиядағы Наурыз баяр:[Моңғолиядағы қазақтар және моңғолдың шағаны] /Д. Шөкшир //Қазақстан - Заман. - 2012. - №12-13. - 22 наурыз.