Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

Жаңа жыл - әлемнiң көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Алайда, оның шығу тарихын әр халық өзiнен бастағысы келедi. Тарихи деректер Жаңа жыл мерекесiнiң бiздiң заманымызға дейiнгi үшiншi мыңжылдықта өмiр сүрген Мессопотамия халқы арасында тойланғанын мәлiм етедi. Мамандар 1 қаңтарда тойланатын Жаңа жыл мерекесiнiң христиандардікi емес деп уәж айтады. Өйткенi, осыдан бес мың жыл бұрын мерекенiң тарихы басталған кезде христиан дiнi болмаған да едi. Мұсылмандардың кейбiрi дiни сенiмiне байланысты Жаңа жылды тойламайды. Сауд Арабиясында желтоқсанның 31-iнен қаңтардың 1-iне қараған түнi Жаңа жылды тойласа, жауапқа тартылады екен.

Ал, 1699 жылы Ресей патшасы I Петр Григориан күнтiзбесiн қолданысқа енгiзген. Патшаның әмiрiмен жыл басы қаңтардың 1-i болып белгiленiп, қоластындағы елге мерекенi ерекше жағдайда тойлауды бұйырады. Католик дiнiн ұстанатын еуропалықтар үшiн Жаңа жылдың маңыздылығы 25 желтоқсанда тойланатын Рождество мерекесiнен көп төмен.

Бiз үшiн ең қызығы, көпұлтты мерекенiң әр елде әрқалай тойлануы болып отыр. Мәселен, Шотландия мен Уэлсте жылдың соңғы секундында есiктi кеңiрек ашып, ескi жылды «шығарып» жiберiп, Жаңа жылды «кiргiзiп» алатын дәстүр бар екен. Үндiстанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейiн қарсы алады. Мереке құрметiне ұшырылған көлемi өте үлкен, түрлi-түстi батпырауықты екi мерген садақпен атады. Бiр оқтың басындағы оттан батпырауық жанған кезде той салтанаты басталады.

Бiр қызығы, кезiнде Ресейге I Петрдiң жарлығымен енгiзiлген 1 қаңтарда аталып өтетiн Жаңа жыл мейрамын көп халықтар мойындамайды да. Олар үшiн 1 қаңтар әлем бойынша жаңа жыл басталатын ресми күн ғана екендiгi аңғарылады.

Қазақстанда да әр жылдың бiрiншi қаңтарына қараған түнi Жаңа Жыл мерекесi тойланады. Халқымыз осы күнi мол дастархан дайындап, шыршасын құрып, отшашуын жағып, мерекелеп, Президенттiң жаңажылдық құттықтауын күтiп отырады.

Төменгі сынып оқушыларына арнап «Жаңа жылдық мереке» ертеңгілік, ал жоғары сыныптар үшін «Жарқыра жалындай түс, көгілдір от!» атты жаңа жылдық кеш, «Әлемде Жаңа жылды қалай қарсы алады» деген тақырыпта тәрбие сағатын, оқушылапрдың өздері жасаған жаңа жылдық костюмдерінің көрсетілімін, т.б. қызықты шаралар өткізуге болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Адишева Г.Е.Жаңа жыл есік қағып тұр (жаңа жылдық мереке сценарийі) /Г.Е.Адишева //Сынып жетекшісінің анықтамалығы=Справочник классного руководителя. - 2010. - №12. - 15-21 б.

Жамалбаева Ж.Т.Көгілдір от: [9-11 сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш] /Ж.Т.Жамалбаева, Ж.С.Нұрғазина //Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. - 2010. - №6. - 57-60 б.

Жүсіпбекова Б.Қ.Жаңа жыл (мерекелік ертеңгілік) /Б.Қ.Жүсіпбекова
//Отбасы және балабақша. - 2008. - №6. - 22-26 б.

Ибақова С.Көңілді карнавал:[Жаңа жыл мерекесіне арналған карнавал] / С. Ибақова// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2012. - № 11. - 52-60 б.

Ибраева Ж.Жаңа жыл мерекесі /Ж.Ибраева //Сынып жетекшісі. - 2008. - №6. - 36-38 б.

Камалбекова А.Әлемде Жаңа жылды қалай қарсы алады /А.Камалбекова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2010. - №12. - 55-58 б.

Қазанбай Ғ.«Жарқыра жалындай түс, Көгілдір от!»: [жаңа жылға арналған кеш] /Ғ. Қазанбай //Сынып жетекшісі. - 2011. - №2. - 25-29 б.

Қаржасова А.Төрле, төрле, Жаңа жыл! /А.Қаржасова //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2010. - №12. - 48-55 б.

Қойшыбаева Ж.Құтты болсын жаңа жыл!: [мектептегі мерекелік кеш] /Ж.Қойшыбаева // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 12. – 47 б.

Молдабекова А.«Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі / А.Молдабекова // Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 12. – 44-47 б.

Нургалиева Ж.С.Құтты болсын, Жаңа жыл!: [ертеңгілік] /Ж. С. Нургалиева // Отбасы және балабақша=Семья и детский сад. - 2012. - № 6. - 36-37 б.

Оқасова Г.М.«Жасыл шырша жанында» ертеңгілік / Г. М. Оқасова
// Мектептегі мерекелер. - 2012. - № 11. - 35-37.

Табылды Ә.Көңілді карнавал: (Екі көріністі ертегі-пьеса) /Ә. Табылды // Мектептегі мерекелер. - 2012. - № 11. - 30-34 б.

Тенизбаева А.Жаңа жылдық мереке: [ертеңгілік] /А.Тенизбаева
//Бала мен балабақша. - 2012. - №1. - 23-24 б.

Тұрбекова А.Құтты болсын жаңа жыл!: [жаңа жылға арналған кеш] / А. Тұрбекова //Ұлағат. - 2012. - № 6. - 105-114 б.

Ізбенова А.Ш.Жаңа жылым, қош келдің!: [ересектер мен мектепалды даярлық топтарына арналған қойылым] /А.Ш.Ізбенова //Отбасы және балабақша. - 2011. - №6. - 45-47 б.