Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) директоры Айман Әлиқызы Насырова. 1971 жылы  Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтын жоғары білікті кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдады. Институтты бітіргеннен кейін 1971-1983 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасында жұмыс істеді. Мұнда ол қатардағы кітапханашыдан директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді. 1983-1987 жылдар аралығында  Алматы қалалық «Білім» қоғамының Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық ұйымында жауапты хатшы сайланбалы лауазымында жұмыс істеді.

1987 жылдан қазіргі кезге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына (ҚР БҒМ РҒПК) басшылық етіп келеді.

ҚР БҒМ ұсынған, кітапханалар үшін мамандар даярлайтын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кешеніне енетін екі оқу құралының авторы, олар -  «Кітапхана қорлары мен каталогтарын ұйымдастыру» («Организация библиотечных фондов и каталогов») («Арман-ПВ», 2007, 152 б.); «Библиография және кітапханатану жөніндегі құрал» («Пособие по библиографии и библиотековедению») («Арман-ПВ», 2007, 152 б.), сондай-ақ республиканың және ТМД-ның кәсіби баспасөзінде кітапхана ісінің өзекті проблемалары жөнінде көптеген жарияланымдары бар.

Саладағы кітапхана ісін дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», 2003 жылы «Білім беру саласының құрметті қызметкері» құрмет белгілерімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдарымен; 2008 жылы  «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен»; бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен; Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана ісінің шебері» құрмет белгісімен (2011 ж.) марапатталды. 2014 жылы -  Кітапхана Оскарының иегері болды.

Айман Әлиқызы -  «Мектептегі кітапхана = Библиотека в школе» журналы редакциялық алқасының мүшесі, Республикалық кітапхана қызметкерлері слетінің қатысушысы (1990 ж.), Қазақстан Республикасы кітапхана қызметкерлерінің ІІ съезінің (1998 ж.), Білім беру қызметкерлерінің I республикалық съезінің (1998 г.), Білім және ғылым қызметкерлерінің II-III съездерінің (2001 ж., 2003 ж.), Кітапханашылардың бүкілқазақстандық «Кітапхана – қоғамның көпфункционалдық, көпдеңгейлі әлеуметтік мәдени институты» съезінің (2018 ж.) делегаты.