Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ , Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл

2016 жылдың 26 - шы сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, публицист, ғалым, аудармашы, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі болған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған «ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ» атты тақырыптық кеші болып өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

1. Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты

2. Смағұлова Светлана Әдепқызы - Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары тарих ғылымдарының докторы

3. Тілеубаев Шәмек Баянұлы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы тарихшы-ғалым.

Кешке шақырылған қонақтар жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы - «Әлихан Бөкейхан – азаттық күрескері», Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директордың ұйымдастыру және коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары тарих ғылымдарының докторы Смағұлова Светлана Әдепқызы - «Әлихан Бөкейхан және Қазақ газеті», Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы тарихшы-ғалым Тілеубаев Шәмек Баянұлы - "Әлихан Бөкейхан:Ұлт – азаттық қозғалысы" тақырыптарында Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі, қоғам және мемлекет қайраткерлігі, публицистігі, ағартушылығы, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшілігі, ұйымдастырушылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны жасаған Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Клара Иманбекова.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы университетінің және Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапхана осы кешке арнап Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен қызметіне арналған «ЕСІМІН ЕЛІ АРДАҚТАҒАН» атты 3 бөлімді тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кештің жүргізушісі осы кітапхананың қызметкері Оразова Әлия.

 

Презентация

 

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №1ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №2ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №3ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №4ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №5ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №6ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №7ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №8ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №9ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ, Ә. Бөкейханның туғанына 150 жыл () Изображение №10