Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті

2017 жылдың 7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының  ұйымдастыруымен педагог, мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға»  атты еске алу кеші өтті.

Кешке шақырылған қонақтар:

1. Жангелдин Шыңғыс Әлібиұлы – Аспандияр Кенжиннің немересі және мемлекет  қайраткері  Әліби Жангелдиннің ұлы;

2. Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты;

3. Сүлейменова Әлия Тоймаханқызы – Қазақстан Республикасы  Президенті Архивінің бас сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі тақырыбында кандидаттық диссертация қораған;

4. Төленова Зирабүбі Маймаққызы - Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының сыртқы байланыс ақпарат және ғылыми классер бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.                                          

Кеш қонақтары: «Аспандияр Кенжиннің азаматтық ұстанымы жөнінде», «Аспандияр Кенжиннің қызметіне байланысты Архивтік  құжаттарға шолу», «Аспандияр Кенжин: Алаш қозғалысының қайраткері және оның қызметі»  тақырыптарында  өз ойларын ортаға салды. 

Аспандияр Кенжиннің өмірі мен қызметі туралы қысқаша хабарламаны жасаған Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкері Клара Иманбекова.

Кешке Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының   студенттері, ғылыми қызметкерлер, кітапхана оқырмандары қатысты. 

Аспандияр Кенжиннің   өмірі мен ағартушылық қызметіне арналған   «Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кештің жүргізушісі кітапхана қызметкері Оразова Әлия.  

 

Презентация

 

Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті () Изображение №2Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті () Изображение №3Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті () Изображение №4Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті () Изображение №5Мемлекет және қоғам қайраткері, Халық ағарту комиссары Аспандияр Кенжиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Ғасырлар тоғысындағы тұлға» атты еске алу кеші өтті () Изображение №1