Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Тіркеу: «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясын

2019 жылдың 10-11 қазанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп «Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Өткізілетін жері: Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференцияға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары білімнен кейін білім беру департаментінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының өкілдері, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының және Түркия жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, сондай-ақ баспалардың, кітап сататын ұйымдардың, ақпарат орталықтарының, компьютерлік және Интернет компаниялардың өкілдері.

Конференцияның мақсаты:

  • кітапханалардың халықаралық жоғары оқу орындарыаралық достастығын дамыту;
  • ел ішіндегі және халықаралық құжат алмасу үшін республикалық және шетел кітапханаларымен серіктестік қатынастар орнату;
  • жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамының еңбектерін ішкі және әлемдік нарыққа ілгерілеуіне септігін тигізу;
  • оқу, ғылыми және тәрбиелеу процестерін аса толық және сапалы қамсыздандыруға, кітапхана рейтингінің және жоғары оқу орындары білім сапасының артуына септігін тигізетін бірлескен ақпарат-білім беру қызметінің мазмұны мен түрлерін кеңейту;
  • кітапханалар мамандарының кәсіби қызметі және біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық серіктестік қатынастар орнату.

Конференция нәтижелері бойынша ынтымақтастықтың түрлері, тиімді әдістері мен технологиялары, кітапханалардың бір-біріне қатысты құқықтары мен міндеттері туралы өзара тиімді келісімдерді сақтауға, осы қызметтің талаптарын түзетуге құрылатын жоғары оқу орындары кітапханаларының өңіраралық, мемлекетаралық және ұлтаралық өзара әрекеттестігін тереңдету жөнінде ұсынымдар қабылданатын болады.

Жұмыстың негізгі проблемалық-тақырыптық бағыттары:

  • Ақпараттандыру, қорларды қалыптастыру, мәдени мұраны сақтау, пайдаланушыларға қызмет көрсету проблемаларын шешуде жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі.
  • Кітапхана қорларының құжатпен қамсыздандыру проблемаларын шешуде жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі.
  • Кітапханалар мамандарының кәсіби қызметінде және біліктілігін арттыруда серіктестік қатынастар.
  • Кітапханалардың, кітап баспаларының және кітап нарығының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі жоғары оқу орындарыаралық өзара әрекеттестігі.
  • Кітапхана қызметінің жаңа философиясы ретінде ақпаратқа еркін қолжетімділік.
  • Корпоративтік кітапхана-ақпарат жүйелері, корпоративтік технологиялар және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық.

Конференцияның айрықша ерекшелігі: нақты бағыттылығы, мамандардың қызу кәсіби араласуы.

Іс-шара:

  • мамандардың сөздері;
  • «дөңгелек үстелдер», талқылаулар;
  • кітапханалар жобалары мен идеяларының дербес таныстырылымдары;
  • тренинг пішімінде өткізіледі.

Конференцияны өткізу кезеңінде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылатын болады.

Конференцияның болжамдалатын нәтижелері:

  • жоғары оқу орындары кітапханалары, конференция қатысушыларының қызметін жетілдіру;
  • жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерінің тиімділігіне, жоғары оқу орындарының беделі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін жоғары оқу орындары кітапханаларының қызметіндегі ортақ тәсілдер мен шешімдер әзірлеу;
  • жоғары оқу орындары кітапханаларының, конференцияға қатысушылардың дамуына пайдалы халықаралық байланыстарды кеңейту, мамандармен жеке байланыстар орнату.

Конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасына е-mail: rnpb_kz@mail.ru:

1) Қазақстан жоғары оқу орындары кітапханалары 2019 жылдың 2 қыркүйегіне дейін конференция тақырыбы бойынша жұмыс туралы ақпаратты;

2) Конференцияның барлық қатысушылары:

  • 2019 жылдың 2 қыркүйегіне дейін төменде ұсынылған нысан бойынша қатысуға өтінімді;
  • 2019 жылдың 23 қыркүйегіне дейін конференция материалдарының жинағын дайындау үшін сөздердің электрондық түрдегі мәтінін табыстау қажет.

  Мәтін Microsoft World редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) 14 қарпімен және 1 (бір) қатар аралығымен теріледі. Жиегі: сол жақтағысы – 3 см., оң жақтағысы – 1,5 см., үстіңгісі мен астыңғысы – 2 см.

  Ортасында бас әріппен қою қаріппен сөйленетін сөздің тақырыбы. Келесі жолдың ортасында - автордың тегі, аты, әкесінің аты (толығымен), лауазымы, жұмыс орны (елі, қаласы көрсетілген ұйымның атауы). Әрі қарай бір жол тастап азат жолдан – сөйленетін сөздің мәтіні.

 

«Жоғары оқу орындары кітапханаларының серіктестігі: ынтымақтастықтың жаңа түрлері» тақырыбында жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандарының ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға өтінім

 

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

 

Жұмыс орны (елі, қаласы көрсетілген ұйымның атауы)

 

Лауазымы

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Сөйленетін сөздің тақырыбы мен түрі

 

 

Байланыс ақпараты

E-mail

 

Телефон нөмірі:

 - мобильді

 

 - жұмыс

 

Қонақүйден нөмір брондау қажеттігі

(иә / жоқ)

 

 

Конференцияның жұмыс бағдарламасы қатысуға өтінімдердің түсуіне қарай әзірленетін болады және 2019 жылдың қыркүйегінде түпкілікті анықталады.

Конференцияға қатысуға байланысты іссапар шығындары жіберуші тараптың есебінен.