Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

2019 жылдың 14-15 маусымында «Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары = Школьные библиотеки в системе цифровых коммуникаций: пути решения проблем» республикалық семинары өтеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті бірлесіп 2019 жылдың 14-15 маусымында Ақтау қаласында «Цифрлы коммуникациялар жүйесіндегі мектеп кітапханалары: мәселелерді шешу жолдары = Школьные библиотеки в системе цифровых коммуникаций: пути решения проблем» тақырыбында облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық білім басқармалары мектеп оқулықтарының кітапхана қорлары бойынша бас мамандарына және аудандық білім бөлімдерінің кітапхана әдіскерлеріне арналған республикалық семинар өткізеді.