Республиканская
научно-педагогическая
библиотека
Министерства образования и науки Республики Казахстан

Біліктілікті арттыру курстары 2018

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы  Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 (05.05.2017 жылы өзгертілген және толықтырылған) Мәдениет туралы Заңының 24 бабы негізінде 2018 жылы республика білім беру жүйесі кітапханалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін курстар өткізіледі.

Курстардың  мерзімдері мен тақырыптары:

          -  2018 жылғы 12-20 наурыз күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат);

          - 2018 жылғы 9-17 сәуір күндері облыстық білім басқармасының кітапхана қоры жөніндегі бас мамандары және аудандық (қалалық) білім бөлімінің мектеп кітапханалары жөніндегі әдіскерлері үшін: «Мектеп кітапханалары жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету» (сабақ көлемі 72 сағат);

          - 2018 жылғы 15-23 қазан күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат);

          - 2018 жылғы 12-20 қараша күндері мектеп және колледж кітапханалары қызметкерлері үшін: «Мектеп және колледж  кітапханасының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында (сабақ көлемі 72 сағат).

          Аталған курстар ақылы өткізіледі, оқу қорытындысы бойынша Сертификат беріледі. Курс ақысы- 20 000 теңге.

Курсқа келушілер «Түркістан»  қонақүйіне алдын-ала қоңырау шалып, тұратын орын қажеттігі туралы мәлімет алу үшін қонақүй әкімшілігіне хабарласуын  сұраймыз.

«Түркістан» қонақүйінің байланыс тел.: 8 (727) 266-41-36; 266-41-38 (әкімшілік), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) мекен жайы: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25 үй.

 «Түркістан» қонақ үйінен кітапханаға келуі: № 29, 65, 121, 141 автобустарымен,  №  9, 11, 19 троллейбустарымен «Қабанбай батыр» аялдамасына дейін.

Анықтама телефондары: 8 (727) 291 - 69 - 11   ҚР БҒМ РҒПК

                                 8 707-168-41-23; 8 747-42-44-339