Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Азаматтық, патриотизм, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудағы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын іске асырудағы мектеп кітапханасының рөлі

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүріп отырғаны атап көрсетілген. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.

Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы орта білім беру жүйесінің негізгі бағдарламалық мақсаттарының бірі мыналар болып табылады: сапалы орта білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, зияткерлік, физикалық, имандылық тұрғысынан дамыған және табысты азаматты қалыптастыру және оқушылардың бойында «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-имандылық құндылықтары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Көру толық мәтін