Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Кітапхана тарихы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы Қазақ ССР Ағарту министрлігінің 1984 жылғы 24 ақпандағы № 17 «Қазақ ССР Ағарту министрлігінің  Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасын құру туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қарашадағы № 1754 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселелері» (5 тармақ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына енетін, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме құру:  ...8)Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана)  қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 249 «Қазақстан Республикасы бiлiм жүйесi кiтапханаларының бiрiңғай үйлестiрушi, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық орталығы туралы» бұйрығымен қайтадан бекітілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынің мақсаттары:

  • Отандық ғылым, білім жетістіктері, білім мен тәрбие ісіндегі озық тәжірибе туралы әдебиеттерді сондай-ақ оқу, әдістеме, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиетті насихаттау:
  • Республика ғылымы мен білім беру ісін мамандарға жан-жақты ақпарат-библиографиялық және кітапхана қызметін  көрсету жолымен дамытуға белсенді жәрдем беру;
  • Қазақстан Республикасы білім жүйесінің барлық кітапханаларына ғылыми-әдістемелік басшылық жасау;
  • Сала мамандарына ақпараттық қызметін көрсетуде ғылыми ақпарат органдармен өзара бірлесіп жұмыс істеу;
  • Білім қызметкерлеріне ақпарат-библиографиялық және кітапхана қызметін көрсету жұмысын оқу орындары кітапханаларымен және басқа жүйелер мен ведомстволар кітапханаларымен үйлестіру;
  • Республикада  кітапханатану және библиографиятану жөніндегі ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістеме жұмысына қатысу.

 

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана ұжымы