Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі кітап қорындағы әдебиеттерді оқырмандардың барлық категорияларына еркін пайдалану және ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында сапалы қызмет көрсетеді

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқу залы мен абонементте оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Кітапхана оқырмандары: ғылыми қызметкерлер, жоғары және арнаулы кәсіптік техникалық оқу орындары оқытушылары, орта мектептің мұғалімдері, мектеп жасына дейінгі мекеме қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер тағы басқалары.

Абонементте пайдаланушыларға дәстүрлі (алфавиттік және жүйелік каталог) және электрондық анықтамалық-іздеу аппараты, жүйелік каталогтың алфавиттік-пәндік көрсеткіші, авторефераттар (1951 жылдан) мен диссертациялар (1994 жылдан) каталогы, дәстүрлі «Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика», «Мақалалардың жүйелі картотекасы», «Қазақстан Республикасындағы білім беру ісі және педагогика», «Өлкетану» картотекалары және электрондық «Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика», «Өлкетану», «Педагогика» «Жаңа кітаптар» дерек базалары кеңінен пайдалануға берілген.

Жыл сайын оқырмандарға қызмет көрсету бөлімшесі ғылыми-библиография бөлімшесімен бірлесіп, білім беру саласы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына арналған тақырыптық кештер, әдеби-сазды кештер, кездесу кештерін өткізеді, атаулы және жадынамалы даталарға арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырады, тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ашық кітап көрмесін өткізеді.

Кітапхананың оқу залында пайдаланушылардың анықтамалық, энциклопедиялық басылымдарды ашық пайдалануға мүмкіндік беріліп, «Қазақстан-2050: Білім - мемлекеттік стратегия негізі», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», «Республикалық ғылыми-педагогикалык кітапхана басылымдары» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылған. Сонымен бірге биылғы 2015 жылдың негізгі айтулы күндеріне орай 4-бөлімді «Нұрлы жол-Ел мұраты» атты үлкен кітап көрмесі ұйымдастырылды

Сонымен қатар, кітапхананың оқу залында пайдаланушыларға Интернетке енуге және «Заң» деректер базасын қолдануға жағдай жасалған.

Кітапхана пайдаланушыларына құжаттарды көшірмелеу, принтерден басып шығару секілді қосымша қызметтер көрсетіледі.

  
  

 

Бектібаева Лиза Асқарқызы

Бөлімше басшысы
Бектібаева Лиза Асқарқызы
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-61-88