Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Кітап қорын сақтау бөлімшесі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының оқулықтардың, әдістемелік және ғылыми-педагогикалық әдебиеттердің отандық және шет елдік бірегей қоры барлық пайдаланушылар жұмыс жасауына қолайлы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы жалпы қорының жүйесі:
  • негізгі қордан;
  • диссертациялар мен авторефераттар қорынан;
  • сирек кітаптар және құнды әдебиеттер қорынан;
  • сақтандыру қорынан;
  • мерзімді басылымдар қорынан тұрады.

Подразделение книгохранения

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының қорының  жалпы көлемі 176 мыңнан астам дананы құрайды, оның ішінде 400 атаудан артық электрондық құжаттар бар.

Педагогика саласындағы диссертациялар мен авторефераттар қорына (1951 жылдан бастап) 5 000-ға жуық атау кіреді.

Сирек кездесетін және құнды әдебиеттер қоры 1.100 атаудан артық. Сирек кездесетін және құнды әдебиеттер қорының негізін тарихи және ғылыми құндылығы бар отандық педагогика мен білім беру ісі дамуының белгілі бір кезеңдерін ашып көрсететін кітаптар құрайды.

Кітапханада педагогика мен білім беру жөніндегі әрбір басылымның міндетті даналарын сақтау үшін сақтандыру қоры құрылған.

Педагогика мен білім беру ісі жөніндегі тұрақты сақталудағы республикалық және әлемдегі мерзімді басылымдар қоры 1935 жылдан осы кезеңге дейінгі басылымдарды құрайды. Кітапхана жыл сайын 200-ден астам республикалық және ресейлік мерзімді басылымдарды жаздырып алады.

Оразова Әлия Солтанмахмұтқызы

Бөлімше басшысы
Оразова Әлия Солтанмахмұтқызы
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-61-88