Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Ғылыми-библиография бөлімшесі

Ғылыми-библиография бөлімшесі

Ғылыми-библиография бөлімшесі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету функцияларын жүзеге асырады.

Ғылыми-библиография бөлімшесі жыл сайын:

1. Дәстүрлі картотекаларды жүргізеді:

  • «Өлкетану»
  • «Мақалалардың жүйелі картотекасы»;
  • «Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика»;
  • «Қазақстандағы және дүниежүзіндегі білім беру ісі және педагогика».

2. Мақалалардың электрондық библиографиялық мәліметтер базасын жүргізеді:

  • «Қазақстандағы ағарту ісі және педагогика»;
  • «Қазақстан Республикасының ресми құжаттары»;
  • «Ресей Федерациясының білім беру жөніндегі ресми құжаттары»
  • «Өлкетану»;
  • «Қазақстан ағартушылары»;
  • «Қазақстандағы және дүниежүзіндегі білім беру ісі және педагогика».
  • «Мақалалардың жүйелі картотекасы».

Научно-библиографическое подразделение

3. Жыл сайын «Білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі» атты библиографиялық ұсыныс көрсеткішін және тоқсан сайын «Қазақстандағы білім беру ісі және педагогика» жедел-ақпаратын, басқа да білім беру ісі мен педагогика жөніндегі ұсыныстық және рестроспективтік библиографиялық көрсеткіштерді дайындап шығарады;

4. Кітапхана пайдаланушыларын жаңадан түскен әдебиеттермен жедел ақпараттандырады (тоқсан сайын оқырмандар залында Ақпарат күнін өткізіп, «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттердің тізімі» атты ақпараттық бюллетень шығарады);

5. Білім және педагогиканың көкейкесті мәселелері бойынша атаулы және жадынамалы даталарға арналған тақырыптық кітапханалық көрмелер ұйымдастырады: «Қазақстан-2050: Білім - мемлекеттік стратегия негізі», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», 2015 жылғы 4 атаулы датаға арналған «Нұрлы жол – ел мұраты», «Республикалық ғылыми-педагогикалык кітапхана басылымдары» атты тұрақты кітап көрмелері ұйымдастырылған.

6. Тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ашық кітап көрмесін өткізеді.

7. Библиографиялық анықтамалардың әралуан түрлерін жазбаша және ауызша орындайды;

8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аппараты басшыларына саралы қызмет көрсетеді (БСҚ) және ақпаратты таңдамалы таратады (АТТ).

9. Білім беру жүйесі кітапханашыларының біліктілігін көтеру курстарына қатысып, дәрістер оқиды.

Иманбекова Клара Жұмағалиқызы

Бөлімше басшысы
Иманбекова Клара Жұмағалиқызы
Байланыс телефоны: 8 (717)291-69-11