Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық
ғылыми-педагогикалық
кітапхана

Айы мен күнi белгiсiз 2015 жылы аталатын даталар

  • Ғалым, ойшыл, философ Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фарабидiң (870-950) туғанына 1145 жыл, қайтыс болғанына 1065 жыл.
  • Тарихшы, саяхатшы Жамал әл-Қарши Әбул-Фади ибн Мұхаммедтiң туғанына 785 жыл (1230-1315)
  • Доспамбет жыраудың туғанына 525 жыл (1490-1523)*
  • Ақтамбердi жыраудың туғанына 340 жыл (1675-1768)*
  • Ақын Сүйiнбай Аронұлының туғанына 200 жыл (1815 - 1898)*
  • Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының туғанына 180 жыл (1835-1898)*
  • Халық ақыны, әнші, композитор Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 150 жыл.
  • Ақын, қоғам қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 140 жыл (1875-12.4.1921).*
  • Мемлекет қайраткері, Алматыдағы алғашқы дүнген мектебінің негізін салған Мағазы Масанчидің туғанына 130 жыл (1885-1935).
  • Алашорда қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер Ахмет (Ахмедғали) Мамытұлы Мәметовтың туғанына 120 жыл (1895-11.11.1938)*
  • Мемлекет қайраткерi, жазушы, публицист, әдебиет сыншысы, экономист Смағұл Сәдуақасовтың туғанына 115 жыл (1900-1933)*
  • Мемлекет қайраткерi Бiржан Манкиннің туғанына 115 жыл (1900-1939)*
  • Мемлекет қайраткерi Хансұлтан Сүйiншалиннің туғанына 110 жыл (1905-1938)*
  • Қазақ КСР орта арнаулы оқу жүйесін ұйымдастырушы, Алматы құрылыс техникумының директоры болған Болат Тауфикұлы Мусиннің туғанына 75 жыл (1940-1995).

Қазақстан Республикасы білім саласындағы маңызды оқиғалар

  • 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы Жылы
  • «Казахстанская правда» газетiнiң шыққанына 95 жыл (1920)
  • 95 жыл бұрын Петропавл педагогикалық училищесi құрылды (қазiргi М.Жұмабаев атындағы Петропавл педагогикалық колледжі)
  • 90 жыл бұрын (1925) Оқу-ағарту халық коммисариаты жанында ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды, оның құрамында бағдарламалар жасаумен, қазақ мектептерiне арналған оқулықтарды аударумен айналысатын ғылыми-зерттеу секторы құрылды.
  • 85 жыл бұрын (1930) Алматы ауыл шаруашылық институты құрылды (қазiргi Қазақ Ұлттық аграрлық университеті).
  • 85 жыл бұрын (1930) Атырау политехникалық училищесі құрылды (қазіргі Атырау политехникалық колледжi).
  • 75 жыл бұрын (1940) Рудный педагогикалық училищесi құрылды (қазiргi Рудный педагогикалық колледжі).
  • 75 жыл бұрын жоғары оқу орындарына арналған С.Аманжоловтың «Қазақ тiлi ғылыми синтаксисiнiң қысқа курсы» оқулығы шықты (1940).
  • 65 жыл бұрын (1950) Қарағанды мемлекеттiк медицина институты құрылды (қазiргi Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы).
  • 55 жыл бұрын (1960) Түркiстан индустриалды-педагогикалық техникумы құрылды (қазіргі Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжi).
  • 55 жыл бұрын (1960) Алматы қаласында кiтапхана қызметкерлерiнiң I-шi сьезi өттi.
  • 40 жыл бұрын (1975) Алматы энергетикалық институты құрылды (қазіргі Алматы энергетика және байланыс университеті)
  • 35 жыл бұрын (1980) Алматы архитектура-құрылыс институты құрылды (қазiргi Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы ).